Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Аэрофототүсіруге магниттік меридианды жүргізу



Pdf көрінісі
бет260/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Аэрофототүсіруге магниттік меридианды жүргізу

Аэрофототүсірілімдерді бағдарлау мақсатында пайдалану үшін 


431
магниттік меридианның бағытын білу қажет. Оны карта бойын-
ша немесе жергілікті жерде тұсбағдардың көмегімен жүргізеді. 
Карта бойынша магниттік меридианның бағытын анықтау үшін 
екі жалпы нүкте тауып алып, сол арқылы түзу сызық жүргізеді. 
Содан соң аэрофототүсірілімдерді картаға қойып, картадағы 
сол нүктелердің өз бағыттарына сəйкес келетінін анықтау қажет. 
Магниттік меридианды жүргізу үшін аэрофотосуретті картаның 
бетінде ұстап тұрып, тік бағыттағы шақырымдық торға сəйкес 
келетін тік сызықтар жүргізіледі. Суреттің бетінде магниттік 
меридианның сызықтарын жүргізу үшін бағытқа түзетуге сəйкес 
келетін бұрыш жасайтындай тік бағыттағы шақырымдық торға 
бағыттас сызық жүргізу керек.
Тұсбағдардың көмегімен анықтау
. Аэрофототүсірілімдерде 
жергілікті жердегі сызықтармен картадағыдай бағдарлап, 
тұсбағдарды бағдарланған аэрофототүсіруге қояды да магниттік 
бағдардың бағыттарын белгілеп, екі нүктені қосатын сызық 
жүргізеді. Содан кейін С жəне О əріптерімен магниттік 
меридианның солтүстік жəне оңтүстік бағыттарын белгілейді.
Аэрофотосуретке шақырымдық тор сызықтарын жүргізу. 
Аэрофотокескінге шақырымдық тор жүргізу үшін картамен 
беттестіріп алып үстінен шақырымдық тор сызықтары кесіп 
өтетін анық байқалатын АВСD нүктелерін тауып аламыз. Со-
дан соң картадағы сол нүктенің үстіне қойып шақырымдық тор 
сызықтары жүргізіледі.
10.48-сурет
.
Аэрофототүсірілімдерге шақырымдық тор сызықтарын 
жүргізу


432
10.6 Ғарыштық түсіру туралы түсінік
Ғарыштық түсірулерді табиғат қорларын, табиғат құбылыс-
тарының динамикасын жан-жақты оқып-үйрену, Жердің 
қоршаған ортасын қорғау, ғарыш кеңістігі мен жақын орналасқан 
ғаламшарларды зерттеу мақсатында қолданады. 
Ғарышты зерттеу материалдарын география, астрономия, 
геоде 
зия, геология, метеорология жəне Жер туралы ғалымның 
тағыда басқа салалары пайдаланады. Қазіргі кезеңде ғылымның 
ғарыштық картография жəне ғарыштық геодезия сияқты жаңа 
бағыттары пайда болды. Жоғарыда аталған ғылымның жаңа 
бағыт тары дамуына ғарыштық түсірулердің төменде көрсетілген 
бірқатар қасиеттері əсер етті:
– ірі аумақты қамтуы мен одан туындайтын бейненің жинақ-
таруының жоғары болуы; 
– түсірулер бойынша тұтас ғаламшардың негізгі құрылымдық, 
аймақ тық жəне зоналық ерекшеліктерін оқып-үйренуге қолайлы-
лы ғы; 
– бір мезетте жер бетінің кең көлемді аумағын түсіру арқылы 
ландшафттың барлық құрамдас бөліктерінің арасындағы байла-
ныстарды зерттеу мүмкіндігінің болуы;
– түсірулерді тұрақты түрде қайталаудың табиғатты ырғақ ты 
(тəуліктік, маусымдық,) жəне ойда жоқта туындайтын (ор ман ның 
өртенуі, жанартау атқылау сияқты басқада табиғат құбылыс-
тарының, сонымен қатар шаруашылық əрекетінің (егіс алқап-
тарының ауданы, дақылдардың тісіп жетілуі, құрылық пен теңіз-
дердің ластануы) динамикасын оқып-үйренуге мүмкіндік бе р уі. 
Жоғарыда аталғандар ғарыштық түсірулердің негізгі 
бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет