Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Ғарыштық түсірілімдерді фотокарталар құру үшін пай-



Pdf көрінісі
бет262/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Ғарыштық түсірілімдерді фотокарталар құру үшін пай-
далану

Фотокарта –
фотобейнелерді жекелеген ғарыштық 
түсірілімдерді трансформациялау арқылы құрастырылған 
фотосұлбаның (планның) көшірмесі. 
Ғарыштық фототүсірілімдер жер бетінің табиғи бейнесін ба-
рынша жинақтау арқылы ең негізгілерін береді. Картографиялық 
бейнелермен үйлескен оның бұл бағалы қасиеттері АҚШ, Жа-
пония, Германия, Ұлыбритания Ресей сияқты дүниежүзінің 
28–1171


434
көптеген елдері аумақтарының фотокарталарын жасауға мүмкін-
дік берді. Фотокарталар өзера байланысқан тақырыптық карта-
лар серясын құруға немесе оларды топографиялық картамен 
бірге пайда лануға жол ашады. Мысалы, тек ірі нысандар мен 
координат торлары, бұрыштамадан тыс рəсімделуі ғана болатын 
1:1 000 000 жəне 1:500 000 масштабты фотокарталардың жүктемесі 
аз болғандықтан, олар топографиялық шолу карталарының 
беттері мен толықтырылуы мүмкін. 
Ғарыштық түсірулер Жердің жасанды серіктерідегі, ғарыш-
керлер басқаратын ғарыш кемелеріндегі, ұзақ мерзімді орбита-
лық бекеттерде жер атмосферасының шегінен тыс орна лас қан 
фотокамералардың көмегімен жүзеге асырылады.
Атқаратын қызыметіне қарай түсірулер жер бетінен 300, 600, 
900, 36 000 шақырым биіктікте жүргізіледі. Биіктеген сəйкес
жердің жасанды серіктерінің орбитада болу ұзақтығы мен 
түсіретін аумақтың қамтитын ауданы артқанымен фото үсірілім-
нің шешу мүмкіндігі кемиді. Осыған орай жинақталуы артады. 
Жердің жасанды серігінің орбитасынан бір толық айналуының 
орташа көрсеткіші 650 шақырым биіктікте 90 минутты, 36 000 
шақырым биіктікте 24 сағатты құрайды. 
Масштабы бойынша аэротүсірілімдер ірі масштабты (1:100 
000 жəне оданда ірі), орта масштабты (1:100 000 нан 1:1 000 000-
ға дейін) жəне ұсақ масштабты (1:1 000 000) болып бөлінеді. 
Ғарыштық ұшу аппараттарының (ҒҰА) негізгі ерекшеліктері 
Ғарыш жағдайында ұзақ уақыт бойы өз бетімен жұмыс істеуі. 
Олар басқа аспан денелерімен бірдей қозғалу заңдылықтарына 
бағынады. ҒҰА жылу режиміне, энергиямен қамтамасызетуге, 
ұшу қозғалысын басқаруға, радиотелебайланысқа жақсы жағдай 
жасаған. Онда адамның қалыпты өмірі мен жұмыс істеуі үшін ауа 
температурасы, ылғалдылығы реттелетін, сумен, азық-түлікпен 
қамтамасыз етілген герметикалық бөлме бар. Ғарышкерлердің 
қалыпты өмір сүруді қамтамасызету мəселелері əсіресе тұрақты 
түрле адамдар болатын орбиталық бекеттер мен ғаламшар аралық 
кемелерде біршама күрделі. Жарық пен энергияны күн бата-
реялары қамтамасыз ететін, борттық реактивтік кондырғылары 
бар, кеңістікте бағдарлау жүйелері бар көптеген ҒҰА ны-
сандар ғылыми бақылаулар жəне оларды түсіру жұмыстарын 


435
жүргізіп байланысты жүзеге асырады. Олар атқаратын үйлесімді 
міндеттердың бірі болып табылатын Жердің географиялық 
қабыққа тəн құбылыстарды, табиғи жəне мəдени ландшафттар-
ды зерттеу жəне картаға түсіру жұмыстары электрлі магниттік 
толқындар спектрінің əртүрлі аймақтарында жүргізіліп ауада 
реттеліп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет