Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет268/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

443
Белгілеу тəсілі –
түсіретін нысан қолжетімсіз болғанымен нысана-
лау сəулесі арқылы сұлбаға (планға) түсіруге мүмкіндік беретін негізгі 
жүріп өтудің екі немесе үш нүктесінен көрінетін орындарда орналасқан 
жағдайда қолданылатын тəсілдер. Бұл жағдайда қажетті нысанды бір 
нүктеден белгілеп, содан соң нысаналауды екінші нүктеден қайталайды да, 
бағытталған екі бағыттың түйіліскен жерінде түсірілетін нысанның орнын 
белгілейді. Үшінші бақылау нүктесінен нысаналаған жағдайда нысанның 
орнын жоғары дəлдікте анықтауға болады. Егер үш сəуле бір-бірімен 
түйліскен жағдайда үш бұрыш түзілсе түсірілетін нысан үш бұрыштың 
тура ортасында орналасады. 
Блок-диаграммалар –
қандайда бір жазықтықтың ұзына бойымен 
жəне көлденең қима-сызбалармен үйлестіріліп құрылған жер бетінің үш 
өлшемді перспективті кескіні. 
Буссольдық түсу –
төменгі дəлдіктегі құралдар тұсбағдарды қолда-
нып бағдарлайтын бұрыштардың магниттік азимутын немесе румбысын 
анықтап, арақашықтықтары əртүрлі əдіспен өлшеп жергілікті жердің 
шағын бөлігінің сұлбасын (планын) құру.
Буссоль – 
белгілі бір нүктелердің бұрыштарын дəл өлшеуге мүмкіндік 
беретін градустық көрсеткіштері бар лимба жəне минуттық көрсеткіштері 
верньер мен қажетті нүктелердің бұрышын анықтауға арналған нысана-
лы диоптрмен қамтамасыз етілген төменгі дəлдіктегі геодезиялық құрал. 
Егер Буссольдың лимбасының градус саны нөлден 360º
дейін болса, ол 
азимуттық, егер нөлден 90º дейін болса, румбалық деп аталады.
Буссольдың
 
нысаналау жазықтығы – 
буссольдың көздейтін диоптор-
мен затқа бағытталған диоптрдың жіңішке қылы арқылы өтетін жазықтық.
Бұрмалану эллипсі – 
картаның əртүрлі бөлігіндегі параллельдер 
мен меридиандардың қиылысқан жерлерінде дөңгелек, төрт бұрыш, эл-
липс сыяқты геометриялық пішіндер тұрғызу арқылы ұзындықтың
ауданның, көлденең бұрыштар мен пішіннің бұрмалануын анықтау үшін 
қолданылатын қарапайым тəсілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет