42
өлшейді. Қашықтық өлшегіш кодының 0 мен 1 аралығындағы
біршама ұзақ жəне кездейсоқ (жалған кездейсоқтық) таралулар
болуы тиіс. Бұл жағдай бір текті екі код бір-бірімен үйлесіп
құрамдасқанда ғана корреляцияланады. Кодтар Жердің жасан-
ды серіктері мен қабылдағыштарда синхронды жинақталады.
Жердің жасанды серіктерінен жіберілген кодтар жергілікті жердің
уақытына қатысты алғанда қабылдағышқа кешігіп келгенімен
олар жүріп өткен қашықтыққа тепе тең болады. Сондықтан кел-
ген жəне жергілікті кодтар корреляцияланбайды. Жердің жасанды
серігінің қабылдағыштан қашықтығы табылған сигналды Жердің
жасанды серігінен қабылдап оны күшті корреляциялауға дейінгі
аралықта жергілікті кодтың кешігуі арқылы есептеледі.
Фазалық əдіспен
тасмалдаушы толқындарды пайдалана
отырып біршама нақты өлшемдер жүргізіледі. Қашықтықты
өлшеудің бұл əдісі фазаның синусойдальды ауытқуының уақыт-
қа пропорционал өзгеретініне негізделген. Сондықтан Жер
дің
жасанды серігінен қабылданған сигналдың фазалары қа
был
-
дағышта өңделген сигнал фазаларынан екі нысанның арақа-
шық
тығына пропорционал шамада айырмашылық жасайды.
Өлшеу
дің фазалық əдісін пайдаланғанда шешуді қажет ете-
тін күрделі мəселелер туындауы мүмкін. Жердің жасанды сері-
гінен қабылдағышқа дейінгі жолда арақашықтықтың бір толқын
ұзындығына өзгеруі толқындар фазаларының өзгеруіне сəй
кес
келеді. Сондықтан келіп түскен жəне жергілікті фаза айыр ма шы-
лықтары өлшеу нəтижелерін бірқатар бүтін сандар циклдарынан
жəне олардың бөлшектенген бөліктерінен тұруы тиіс. Өйткені
өлшеу барысында тек бөлшек сандар тіркеледі. Бұл арақашықтық
толқынырының ұзындығы 19 см болғанда, ұшу биіктігі одан артық
болған жағдайда тек осы өлшем шегінде ғана тіркейді. Жердің
жасанды серігінің ұшу биіктігін ескере отырып өлшенетін сызық
100 000 000 астам мұндай қиындыға сəйкес келуі тиіс
болғанымен, бірақ олардың саны белгісіз. Есеп бірден шешіле
қоймайтындықтан оны шешу үшін қосымша басқа амалдарды
қарастыру қажет.
Жердің жасанды серіктіктерімен позициялау барысында коор-
динаттар автоматты жəне дифференциальды режимде анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: