Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет30/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Диференциалды режимнің
автономдыдан айырмашылығы 
өлшеуді кодтық əдіспен бір мезетте екі қабылдағыштан жүргізуді 
талап етеді. Бір қабылдағышты координаттары белгілі қосын 
бекетке қояды. Бұл бекетті 
базалық референц-бекет
немесе 
бақылау, түзету, енгізу бекеті деп атайды. Екінші қозғалмалы 
қабылдағышты белгілі бір нүктеге қояды. Референц-бекеттің ко-
ординаттары тұрақты болғандықтан, олар жаңадан анықталған 
координаттармен салыстыру жəне осы негізде қозғалмалы бекетке 
енгізілетін түзетулерді табу үшін қолданылады. Қабылдағыштағы 
тежелулер осы жолмен автономды режимдегі сияқты төрт жəне 
одан да көп Жердің жасанды серіктеріне бақылауға мүмкіндік 
бермейді. 


45
Кодтық əдісті пайдаланғандағы диференциалды режимнің 
дəлдігі қашықтықты өлшеу қабылдағыштардың типіне, бағдар-
ла малық қамтамасыз етуге жəне бірнеше дециметрден бірнеше 
мет рге дейін ауытқуға тəуелді болады. Дəлдігі 1-5 см-ге дейін 
артатындықтан диференциалды коррекциялар фазалық өлшеу-
лерге де қолданылады. 
Дүние жүзінде халықаралық стандартты RCM SC-104 фор-
матында дифференциалды түзетулер беретін көптеген базалық 
бекеттер бар. Жердің байланыс серіктері мен Интернет арқылы 
түзетулерді жіберетін қызметтер ұйымдастырылған. 
Орналасқан орынды анықтаудың маңызды сапа көрсеткіші 
геометриялық фактор 
болып табылады. Ол Жердің жасан-
ды серіктері мен қабылдағыштың өзара орналасу дəлдігінің 
жоғалуының геометрияға негізделуімен сипатталады. Жердің 
жасанды серіктері аспан кеңістігінде біршама тең таралған 
жағдайда координаттар біршама жоғары дəлдікпен анықталады. 
Егер Жердің жасанды серіктері бір жазықтыққа жақындаған 
жағдайда дəлдік ондаған, жүздеген есе нашарлайды. Екі 
қосынның аралығындағы кеңістіктік вектордың немесе ко-
ординат өсімшелерінің дəлдігі статикалық позициялау жəне 
кинематикалық тəсілдермен анықталуы мүмкін. Қашықтықты 
өлшегенде негізгі тəсіл ретінде фазалық, ал қосымша ретінде 
кодтық тəсіл қолда нылады. Статикалық позициялау геодезиялық 
торларды құру сияқты біршама дəл өлшеу жұмыстарын жүргізу 
барысында қолда 
нылады. Бұл тəсілдің статика, жылдам ста-
тика, жəне рекупация тармақтары белгілі. Статика тəсілінде 
қабылдағыштардың антеналары аралықтарының координат 
өсімшелері анықталатын екі қосынға қойылады. Осы қосындардан 
фазалық жəне кодтық əдіспен төрт оданда көп Жердің жасанды 
серіктерінен жалған қашықтығы өлшенеді. Қателіктері жоғары 
болғандықтан жалған қашықтықты фазалық өлшеулердің 
бірқатар бөліктері тікелей қолдануға жарамайды. Қателік көздері 
автономды позициялаудікі сияқты болады. Фазалық жəне кодтық 
өлшеулерді арнайы бағдарламаның көмегімен өңдеу барысында 
фазалық циклдардың белгісіз толық сандарын қалпына келтіріп, 
қабылдағыштар орнатылған қосындар аралықтарының координат 
айырмасын табады. Статиканың дəлдігі өлшеулердің ұзақтығына 


46
байланысты болады. 5-10 минут аралығында өлшеу жүргізу 
дециметрлік дəлдікті қамтамасыз етеді. Статикада бақылау 
ұзақтығы бір сағатқа созылады. Осы уақыт ішінде 1 ден 5 секундқа 
дейінгі аралықта беріліп отыратын өлшемдар жинақталады. 
Жоспарлы коор 
динаттарды анықтау дəлдігі бірнеше сантимет-
рге дейін көтеріледі. Биіктік шамамен екі есе төмен дəлдікте 
анықталады. Стати какалық тəсілдің екі түрі болады. 
Жылдам статика
деректерді жедел өңдеу стратегиясын 
қабылдау кезінде жүргізіледі. Оның өлшеу ұзақтығы бақылайтын 
Жердің жасанды серіктерінің санын арттыру есебінен кемітіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет