Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет29/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Автономды режим
бақылаушы бір қабылдағышпен жүмыс 
істеуді жəне өзінің орналасқан орынын басқа өлшеулерден 


43
тəуелсіз анықтауды ұсынады. Орналасқан орын кеңістіктік 
сызықтық белгілеу арқылы анықталады. Қашықтық кодтық 
əдіспен өлшенеді. Белгілеудің геометриялық мəнін төменде 
көрсетілген жағдайлар анықтайды. Егер анықтайтын бірқатар 
қосындардан Жердің үш жасанды серігіне дейінгі ара-қашықтық 
өлшенсе жəне олардан орталық ретінде осы радиустардан үш 
сфера тұрғызса олар іздейтін нүктеде түйіседі [1.5-сурет]. 
Үш координатты (X, Y, Z) анықтау үшін үш сфераны пайда-
лану қажет. Бұл орналасқан орынды үш өлшемде анықтау (3D) 
жағдайы деп аталады. Бірақ кеңістіктік сызықтық белгілеуде 
сфераның біреуі жердікі болуы мүмкін. Онда бақылау қосыны 
арқылы өтетін жер сферасындағы тек екі координат ендік пен 
бойлық анықталады. Бұл орналасқан орынды анықтаудың екі 
деңгейлі жағдайына (2D) жатады.
Іс жүзіндегі қашықтықты емес, жалған қашықтықтың 
бұрмаланған мəнін өлшейді. 
Жалған қашықтық нақты қашық-
тықтан жердің жасанды серігі мен қабылдағыштың уақыт 
шкаласынан ауытқуына тепе-тең болуымен ажыратылады

Жердің əр түрлі жасанды серіктерінен сигнал қабылдайтын 
қабылдағыштың барлық арналарынан есептеу бір мезетте 
жүргізілсе, онда кез- келген Жердің жасанды серіктерінен жалған 
қашықтықтың нақты қашықтықтан айырмашылығы бірдей бо-
лады. Бұл айырмашылықтар орналасқан орынды анықтаудың 
қосымша белгісіз теңдеулеріні енгізгеннен кейін өзгеруі мүмкін. 
1.5 сурет
.
Анықтайтын М нүктесінде түйісетін радиустары 
R
1
, R
2
, R
3
болатын үш сфера арқылы кеңістіктік белгілеу


44
Сондықтан, 2D жағдайында координаты белгілі үш жалған 
қашықтық бойынша қосынның координаттарын дұрыс есептеу 
Жердің үшінші жасанды серіктерінен, ал 3D жағдайында ең аз де-
генде төртеуінен жүргізілуі тиіс. Жердің жасанды серіктері ора-
сан зор жылдамдықпен қозғалуына қарамастан əр бір қас қағым 
сəтте олардың координаттары жоғары дəлдікпен анықталып 
пайдаланушының қабылдағыш аппаратына берілуі тиіс. Жердің 
жасанды серіктерінің координаттары туралы ақпараттар навига-
циялық хабарламаларда болады. 
Автономды позициялау əдісі қарапайым болғанымен барлық 
қателіктер көзіне сезімтал. Дəлдікке Жердің жасанды серік тері 
мен қабылдағыштардағы жиіліктің тұрақсыздығы мен уақыт 
шкаласының жылжуы, Жердің жасанды серіктерінің коорди-
натындағы қателіктер, сигналдардың ионесферада, тропосфера-
да тежелуі, қабылдағыштар аппаратураларының қателіктері əсер 
етеді. Атмосфераның ықпалын əлсірету үшін сигналды Жердің 
жасанды серіктерінің көкжиектен биіктігі 10° кем болмаған 
жағдайда қабылдайды. Өлшеу дəлдігінің төмендеуіне толқындар 
тікелей Жердің жасанды серіктерінен ғана емес жердің бетінен 
шағылысқандарының да келуі əсер етеді. 
Координаттарды анықтау дəлдігі орташа квадраттық қателік 
-7; қателіктің ең жоғарғы шегі одан екі есе үлкен 15-20 м деп 
бағаланады. Автономдық əдістің дəлдігін ұзақ уақытқа созыла-
тын бақылаулар, барлық өлшеу нəтижелерін бірлесіп өңдеу арт-
тырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет