74
др лі», «жалған цилиндрлі», «азимутты» сияқты қосалқы гео ме -
т
рия
лық жазықтықта кескіндеу əдістерін
айқындайтын тер
ми-
н дер сақталады. Бұл терминдер жоғарыда аталған қосал қы гео -
метриялық жазықтықты қолдану негізінде алынған картогра фия-
лық торды құру əдістерін түсіндіруге көмектеседі. Қазіргі кезде
жоға ры да аталған жіктеу белгілері қалып ты кар тографиялық тор
ретін де қарастырылады.
Цилиндрлі проекциялар.
Білігі мен диаметрлері сəйкес келе-
тін жанасатын қалыпты цилиндрлі проекциямен
құрған карта лар -
дың тоғысу нүктелері мен картографиялық тордың сызықтары
шар тəріз
ді глобустың бетінен цилиндрдің бүйір қабырғасына
жоба ланады. Қосалқы геометриялық жазықтық ретінде жанаса-
тын цилиндрді пайдалану экватордағы тоғысу нүктелері А, В, С,
D жəне тағы басқаларды глобустан жəне картадан табады. Басқа
тоғы су нүктелерін глобустан цилиндрдің бетіне көшіреді. Атап
айт сақ, С нүктесімен бірге бір меридианның
бойында орналасқан
Е жəне F нүктелерін жазықтыққа
Е
′ жəне
F
′ көшіреді.
2.12 сурет
.
Цилиндрлі проекцияның картографиялық торлары
Олар экваторға перпендикуляр түзу орналасады. Бұл аталған
проекциядағы меридиандардың пішінін айқындайды. Цилиндрдің
бетінде параллельдердің пішіні экваторға бағыттас доға тəрізді
болып жобаланады [2.12-сурет]. Мысалы,
F
′ жəне
Е
′ нүктедері
орналасқан параллельдер.
Цилиндрді жазғанда картографиялық торлар түзу
сызықты
болатындықтан, меридиандары мен параллельдері бірдей қашық-
75
тықта жүргізіліп, бірін-бірі перпендикуляр түзу қиып өте
ді.
Мұн
дай цилиндрлік проекциямен құрылған карталардың нөл-
дік бұрмалану сызығы қызметін глобуспен жанасатын экватор
атқарады жəне бұрмалану көрсеткіштері бірдей нүктелерді қоса-
тын
изокалдар
экваторға бағыттас түзу жүргізіледі.
Басты бағыт-
тар
а
мен b картографиялық тордың сызықтарына сəйкес келеді.
Бұр малану экватордан алыстаған сайын артады.
Бұл проекциямен картографиялық тор глобустың диаметрінен
кіші цилиндрде де жобаланады. Қосалқы геометриялық жазық -
тық ретінде цилиндрді бағдарлауға қатысты алынатын карто гра-
фиялық торлар қалыпты, қисық жəне көлденең болып бөлінеді.
Қалыпты цилиндрлі торларды
білігі глобустың білігімен
сəйкес келетін цилиндрде,
қисық
торларды білігі глобустың білі -
гін үшкір бұрыш жасап қиып өтетін көлбеу цилиндрде, ал
көлде-
нең торларды
глобустың білігін түзу
бұрыш жасар қиып өтетін
цилиндр де құрады [2.13-сурет].
2.13-суретте көрсетілген цилиндрлі проекцияның əр түрлі
нұсқаларының картографиялық торларының жалпы көрінісі,
нөл дік бұрмалану сызықтары (НБС) кескінделген. Жанасатын
қа
лыпты цилиндрде құрылған картографиялық торда нөлдік
бұр малану сызығы қосалқы геометриялық жазықтық глобуспен
жана сатын экваторда түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: