Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Постельдің теңаралық азимутты проекциясы



Pdf көрінісі
бет54/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

85
Постельдің теңаралық азимутты проекциясы. 
Теңаралық 
азимутты проекцияның қалыпты градус торында полюс ортасын-
да кескінделеді. 
Меридиандары ортасындағы нүкте полюстен тең бұрышты 
сəуле тəрізді таралатын түзу, ал параллель доғалары ортасы 
полюсті қоршап жатқан концентрлі шеңдер тəрізді болады. Градус 
торын бас масштаб барлық радиусында (мередиандарының бой-
ында) сақталатындай есеппен құрады. Мұндай жағдай тек мери-
диандары түзу жəне олар қиып өтетін көршілес параллельдердің 
аралықтары тең болғанда ғана жүзеге асады. Оларды төмендегі 
формуланың көмегімен анықтайды.
АА′ =
M
R

Δ

0
360
2
ϕ
π
.
Мұндағы R – жер элипсоидының орташа радиусы (3,670 
шақырым) ∆φ - көршілес паралельдердің градус айырмасы, М - 
бас масштабтың алымы. АА' - тоғысы нүктелері.
Постельдің теңаралық азимутты проекциясының барлық үш 
нұсқасыда (қалыпты, көлденең, көлбеу) бұрмалануының таралу
сипатында ортақ белгілер бар. Барлығында нөлдік бұрмалану 
нүктесі жазықтық глобуспен жанасатын ортасында орналасқан. 
Қалыпты проекцияда ол полюске, көлденеңде экватор мен 
орталық меридианның қилысында, көлбнеу азимуттыда по-
люс пен экватордың аралығындағындағы (көпнесе картаның 
орталығындағы) орталық меридианмен түйілісетін нүктеде 
орналасқан [2.24 жəне 2.25-суреттер].
2.25 сурет.
 
Постельдің тең 
аралық көлденең азимутты проек-
циясының картографиялық торы
2.24 сурет.
 
Постельдің тең аралық 
қалыпты азимутты проекциясының 
картографиялық торы


86
Бұл проекцияда нөлдік бұрмалану нүктесінен бастап ради-
ус бойындағы ұзындық масштабтары өзгермегенімен радиусқа 
перпендикуляр бағытта орталығынан шетіне қарай олар шама-
мен біржарым есе артады. Жоғарыда аталған екі бағыт басты 
бағыттар болып табылады. Радиусында ұзындықтың бұрмалану 
көрсеткіші 
b=
1, ал радиусқа перпендикуляр бағытта ұзындықтың
бұрмалануының ең үлкен көрсеткіші 
a
орталығыда 1 ден картаның 
шетінде 1,57
 
дейін артады. 
Егер қалыпты торда басты бағыт картографиялық тор сызық-
тар мен сəйкес келсе (
а=n, b=m 
болғанда), қалған екі нұсқа сында 
мұн дай сəйкестік болмайды. Екі жағдайда да карталардың орта лық 
меридианның бойында (оның бойында 
b
бар) сонымен қа тар, көл -
денең проекцияда экватор сызығының бойында басты ба ғыт бар.
Постельдің теңаралық азимутты проекциясында аудан 
мен бұрыш тар бұрмаланады. Ауданның бұрмалану көркеткіші 
р=а·b
картаның орталығында 1 шетінде 1,3-ке дейін артады. 
Қасиеттерінің жиынтығына қарай Постельдің азимутты теңара-
лық проекциясы еркін проекцияға жатады. 
Постельдің теңаралық проекциясын ХІІ ғасырда жасалды. 
Оны солтүстік (оңтүстік) жартышарларды жəне аумағы шағын 
аймақтарды кескіндеу мақсатында сонымен қатар, 7-сыныпқа 
арналған атласта жəне 1979 жылы шыққан мұғалімдерге арналған 
атласта Антрактида мен Арктиканың карталарын, ертеректе батыс 
жəне шығыс жарты шарлардың карталарын құруға қолданған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет