Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет6/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Анаглифті карталар
(
анаглифтер
) – бұл параллактикалық 
ығысу нəтижесінде екі бейнеде стереожұп түзетін, бірін-бірі 
өзара толықтыратын екі түсті бояумен бастырылған карталар. 
Мұндай карталарды кызыл жəне көк-жасыл стереоəйнекті ар-
найы стереосүзгілі көзілдірікпен қарағанда əр көз тек «өзінің» 
бейнесін көре алатындықтан олар біртұтас көлемді ақ-қара 
стереоскопиялық бейнені көре алады. Компьютерлік графика əдісі 
дисплейдің экранында анаглифтер шығаруға мүмкіндік береді. 
Анаглифті карталар көбінесе жер бедерінің көрнекі үлгілерін оқу 
ретінде қолданылады.
Фотокарталар 
– бұл фотобейнелермен үйлестірілген карта-
лар. Оларды дайындау үшін жергілікті жердің жеке элементтері 
(координаттар торлары, горизонтальдар жазулар) немесе 
тақырыптық мазмұны (геологиялық құрылысы, ландшафттар 
т.б.) үйлестірілген фотопландар бар полиграфиялық көшірмелері 
алынады. Фотокарталар кəдімгі карталарда қабылданған бет-
тер қолданылып негіздері мен дəлдігі бірдей проекцияда 
құрылады. Түсірілімдердің артықшылықтары сақталған карта-
мен үйлестіріліп жинақталған фотокарталарға жергілікті жерде 
бағдарлауда, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде, инженерлік 
жəне іздеу-жобалау жұмыстарын жүргізу барысында пайдала-
ну қолайлы. Кейде 
ортофотокарта
термині де қолданылады. 
Оларды құру үшін фотобейнелер ортогональды проекциямен 
түрлендіріледі. Егер фотонегіз ретінде ғарыштық түсірілімдер 
қолданылса ондай карталар 
ғарыштық фотокарталар 
деп 
аталады. Жалпы географиялық, геологиялық, тектоникалық, 
ландшафтлық, сонымен қатар айдың, басқа да ғаламшарлардың 
ғарыштық фотокарталары біршама кең таралған.
Транспорантты карталар
-бұл экранда көрсетуге арналған 
мөлдір пленкаға бастырылған карталар. Көбінесе олардың 
тақырыптық мазмұны бір-бірімен өзара тығыз байланысқан əр 
түрлі даналарын (немесе серияларын) мөлдір пленкаға шығарады. 


10
Бірнеше карта-транспорантты көрсету табиғат пен қоғамдағы 
құбылыстар мен үрдістердің арасындағы бірізді себеп-салдарлы 
байланыстарды немесе қабаттардың үйлесу дəрежесін анықтауға 
мүмкіндік береді. Олар дəрістер мен ғылыми баяндамалардың 
мазмұнын ашуға мүмкіндік беретін көрнекі құрал немесе көрнекі 
оқыту құралы ретінде қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет