Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Жердің пішіні мен өлшемі туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет14/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

1.3 Жердің пішіні мен өлшемі туралы түсінік
Тəжірибелік жəне теориялық мəселелерді шешуде жердің 
нақты пішінін білу жердің физикалық бетін географиялық картаға 


23
түсіру үшін қажет. Жердің нақты пішін мен көлемін география, 
геология, геодезия, астрономия, геофизика ғылымдары пайдала-
нады. Жердің физикалық бетінің ауданы 510 млн. км
2
. Оның 360 
млн км
2
(71%) дүниежүзілік мұхит суы, 149 млн км
2
(29%) құрлық 
құрайды. Жер бетінің орташа биіктігі 875 метр, дүниежүзілік 
мұхиттың орташа тереңдігі 3800 метр. 
Жердің пішініне өз білігінен айналуы тікелей əсер етеді. 
Экватор маңы мен поляр маңы бөліктерінің айналу білігінен 
қашықтықтығы əр түрлі болуы орталыққа тарту күшінің əркелкі 
болуына ықпал етеді. Бұл жағдайда жердің білігіне сəйкес 
келетін кіші білігінен айналатын екі бүйіріне сығыңқы эллип-
сойд пішініне ие болады. Жердің пішініне, сонымен қатар, жер 
қыртысын түзетін заттар салмағының біркелкі таралмауына 
тартылыс күші де əсер ететіндіктен жердің орталық нүктесіне 
бағытталған ауырлық сызығының бағытынан ауытқуы əр түрлі 
нүктеде əркелкі болады.
Жердің нақты пішіні тепе-теңдік сақталған, толық тыныштық 
күйіндегі дүниежүзілік мұхиттың 
деңгейлік бетімен
ойша 
жүргізілетін 
гойд 
тəрізді болады. Неміс физигі И. Б. Листиг (1808 
– 1882) екі бүйіріне сығылыңқы болып келген деңгейлік бетпен 
шектелген денені (жердің пішінін) 
геоид 
деп атауды ұсынды. Гео-
ид толқын мен ағын жоқ мұхит суының орташа деңгейімен алы-
нады.
Жердің ішкі құрылысы біртекті емес жəне ауырлық күштің 
жердің құрылысы біртекті болған жағдаймен сəйкес келмеуіне 
байланысты геойдтың беті дұрыс геометриялық пішінге ие 
болмайды. Сондықтан деңгейлік бет əр бір нүктеде орталыққа 
бағытталған ауырлық сызығына перпендикуляр болатын 
геометриялық пішіннің бағытын өзгертетін күрделі болуымен 
ерекшеленеді. Геойдқа біршама жақын геометриялық пішін 
жер 
эллипсойды
болып табылады. 
Жердің физикалық беті жазық, үстіртті, таулы жəне ойпат-
ты болып келеді. Барлық ойлы-қырлылығын қоса есептегендегі 
құрлық бетін 
жердің физикалық немесе топографиялық
беті 
дейміз. Ол өте күрделі болғандықтан математикалық өлшеу 
қиынға соғады. Сондықтан Жердің физикалық бетінің пішіні 
барлық ойлы-қырлылығымен емес, 
теңіз деңгейімен
есептелінеді.


24
Жердің кіндігіне бағытталған барлық сызыққа перпендику-
ляр болатын дүние жүзілік мұхиттың деңгейін жердің 
деңгейлік 
беті
дейміз. Физикалық бетке қарағанда, ол біршама тегіс бо-
луымен ерекшеленеді. Тыныш жатқан теңіздің бетін жердің 
физикалық бетінің деңгейі 
дейміз
.
Халықаралық келісімге сəйкес жер бетіндегі кез-келген 
нүктенің 
абсолют биіктігі
Атлант мұхитының деңгейімен 
өлшенеді. Теориялық тұрғыдан алғанда жердің физикалық 
бетінен тік жүргізілген сызық орталық нүкте жер кіндігіне 
бағытталуы тиіс. Сондықтан карталарды біршама қарапайым 
жердің 
деңгейлік беті
деп аталатын 
теориялық 
(ойша алынған) 
бетте жобалауға тура келеді.
Эллипсойдтың кіші білігі жердің полярлық білігімен 
сəйкес келеді. Эллипсойдтың нормалі мен геойдтың орталыққа 
бағытталған ауырлық сызығы бір-бірімен сəйкес келмейтіндіктен 
жер бетіндегі нүктеде ауытқу бұрышын түзеді [1.1-сурет]. 
Орталыққа бағытталған ауырлық сызығының ауытқу бұрышының 
орташа мəні 3-4''.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет