Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет81/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Гипсометриялық əдіс

Географиялық картаның мазмұ-
нының элементтерінің ішіндегі кескінделу жағынан ең күрделісі 
жер бедері болып табылады. Кез-келген картада жер бедерінің 
ойлы-қырлылығының сипаты, тау беткейінің көлбеулігі айқын 
кескіндеуі тиіс. Ірі жəне ұсақ масштабты карталарда жер 
бедері
гипсометриялық 
əдіспен 
горизонтальдардың 
көмегімен 
кескінделеді [3.4-сурет].
 
Картаның масштабына сай горизонтальдар белгілі бір 
биіктікте жүргізіліп, олардың аралықтары жер бедерінің негізгі 
пішіндерін айқындайтын қабатты бояулармен боялады. Əр 
қабатты бояу қамтыған теңіз деңгейінен алынған биіктіктер 
картаның бұрыштамасының астындағы 
биіктік 
жəне 
тереңдік 
шкаласында
көрсетіледі. Биіктік жəне тереңдік шкалаларының 


133
көмегімен қима-сызбалар құрып, нысанның абсолют биіктігін 
анықтауға мүмкіндік береді. Жер бедерінің негізгі пішіндерінің 
абсолют биіктігін көрсететін сан жазылған түсіндірмелі шарт-
ты белгімен бейнеленеді.
3.4-сурет.
Жер бедерінің горизонтальдармен кескінделуі
Қабатты бояулар əдісі
жер бедерінің ірі пішіндерінің алып 
жатқан ауданын, созылған бағытын, биіктігін, тау беткейінің 
көлбеулігін анықтауға мүмкіндік береді. Гидрографиялық нысан-
дар мұхиттар, теңіздер мен көлдер кескіні жағалау сызықтарымен 
шектеліп көгілдір бояулармен боялады. 
Су нысандарының тереңдігі 
изобаттармен
көрсетіліп, 
көршілес жатқан изобаттардың аралығы қоюлығы əртүрлі 
көгілдір түстермен боялады. Табиғи су қоймаларының 
тереңдіктері тереңдік шкалаларында көрсетіледі. Табиғи 
су қоймаларының тереңдік белгілері мұхит асты бедерін 
гипсометриялық əдіспен кескінделуін толықтырады [3.5-су-
рет]. Мысалы, Қара теңізіңің терең жері 2210 метр, Тынық 
мұхитындағы Курил-Камчатка шұңғымасының тереңдігі 9717 
м. Шығанақтар мен мұхит асты тауларының төбесі болып та-
былатын банкалардың ең саяз жері де көрсетіледі. Теңіздің 
жағалау сызықтарының кескінделуіне де ерекше көңіл бөлінеді. 
Ұсақ масштабты карталарда өзен жүйелерінің жалпы кескіні, 
симметриялылығы мен ассимметриялылығы, басты өзеннің 
төменгі, орта жəне жоғарғы ағыстары, өзен алаптарының су 
айырықтары беріледі.
Өзендердің кеме қатынасына қолданылатын бөліктері қос 
сызықпен кескінделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет