4.3 Адам эмбрионының ДНҚ реттілігін анықтау Іште дамып келе жатқан сəбидің ДНҚ-да мутациялық өзгерістердің бар немесе
жоқ екендігін анықтау мүмкіндігінің туылуы ғажап емес. Мысалы, жақын аралықта
жатырда жатқан шарананың хромосомаларын анықтау əдістеріне қол жеткізілген
болатын. Мұндай жолмен аминоцентез деп аталатын үдеріс арқылы (шарана
көбігінің пункциясы), жатырдағы амниотикалық суы мен шарана жасушасынан
кариотиптерін анықтау мақсатында сынамалар (пункция) алынады. Бұл үдеріс ата-
аналарына өздерінің іштегі дамып келе жатқан ұрпақтары жөнінде қайсібір
генетикалық мəліметтер, мысалы Даун ауруының синдромдарының бар немесе жоқ
екендігін, немесе сəбидің жынысын анықтау сияқты сұрақтарға жауап алуға
мүмкіндік береді. ДНҚ- сынамасын пайдалану нəтижелері мəліметтер алу көзін
ұлғайтты, соның ішінде гендік кемістіктер жөнінде ақпарат алу мүмкіндігі де пайда
болды. Соңғы кездері осындай əдіспен адамдар арасында салыстырмалы түрде жиі
кездесетін генетикалық ауытқуларды, мысалы кистозды фиброз ауруын түстеп-
тануға мүмкіндік туылған.
Неғұрлым осындай жолмен көп сынамалар алу мүмкін болса, солғұрлым енді
дамып келе жатқан шарананың генетикалық ерекшеліктері жөнінде толықтай
мағлұмат жинауға болады. Бұл технологияны пайдаланып, əлі туылмаған баладағы
болатын ауруды алдын ала анықтаудың ең ыңғайлы жолы – қолдан ұрықтандыру
арқылы алынған зиготалық əдіс деп танылады. Өйткені, ана жатырында жатқан
шаранадан ештеңемен ластанбаған таза ДНҚ үлгісін алу өте қиын шаруа. Теория
бойынша, болашақ ата-аналар осындай жолмен қолдан ұрықтандырылу əдісімен
дайындалған зиготалар ішінен, генетикалық жағынан мутацияларға ұшырамаған,
аурулардан таза зиготаларын имплантация үшін таңдап алулары мүмкін. Əрине,
табиғаттың заңы бойынша болашақ ұрпақтардың басым бөлігі қалыптасқан жолмен
дүниеге əкелінеді. Бірақ та, генетикалық жағынан тұқым қуалайтын аурулары бар
ата-аналар үшін, қолдан ұрықтандыру мен ДНҚ сараптамасын жасау – аса
қызығушылықты тудырады. Ал енді жекелеген индивидтер үшін толықтай ДНҚ
синтезін жасау мүмкіндігінің ауылы əлі алыста.