Негізіг бөлім. Күрделі етістіктер
– сөз жасаудың көне тәсілінің
нәтижесі. Проф. Б. Қасым қазақ тілі күрделі етістіктерге өте бай екенін,
оның бірімен-бірі жалғаса немесе бір мезгілде жасалатын қимыл атаулары
адам санасында тұтас күрделі бір қимыл, бір ұғым болып бейнеленуі,
олардың біртұтас лексикалық бірлікке ауысуын қалыптастырған деген
тұжырым жасайды [4]. Етістіктің мұндай лексикалық единицаларының
өзінің жасалу жолы бар, онда да сөз жасауға тірек болатын, ұйытқы
болатын тілдік бірліктер бар, ондай бірліктердің күрделі сөз құрамында
алатын тұрақты орны бар. Мұндай тілдік бірлікке күрделі етістіктің
екінші сыңары (компоненті) жатады. Күрделі етістіктің екінші сыңары
қазақ тілінде 30-ға жуық етістік бар. Бір топ зерттеушілер оларды
құранды етістіктер, екінші топ күрделі етістік, үшінші топ аналитикалық
етістіктер деп атайды. Бұл зерттеушілердің бәрі де есім-көмекші етістік
моделімен жасалған етістіктердің компоненттері етістіктерден жасалған
күрделі етістіктерден ерекше екенін дәлелдеген. Қазақ тіл білімінде
күрделі етістік құрамынан аналитикалық формаларды бөлініп шығуы
ғылыми тұрғыдан дәлелденді [5].
Етістіктің осындай сан кырларын зерттеуге арналған еңбектер аз
жазылмаса да, оның грамматикалық категория ретіндегі барлық ерекшелігі
танылып, толық зерттелді деуге бола қоймас. Өйткені етістіктің лексика-
семантикалық сипатын, грамматикалық ерекшеліктерін, фунционалды-
коммуникативті қызметін зерттеуде толықтыра түсуді қажет ететін
тұстар, сондай-ақ жекеленген мәселелердің төңірегінде ала-кұла пікірлер
ҚАЗАҚ ТІЛІЛІНДЕГІ ЕТІСТІКТІҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ
ФОРМАНТТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН СЕМАНТИКАСЫ
40
де кездеседі. Соның бірі етістіктің аналитикалық форманттарының
құрылымдық жүйесі болып табылады.
Категория түрлері тілдік бірліктерді топтауға негіз болатын
белгілердің, қасиеттердің сипатына қарай ажыратылады. Тілдік
бірліктерді грамматикалық және лексикалық категорияларға
топтастыруда белгілі бір ұқсастық бар. Жалпы лексикалық
категорияларға жіктеуде тілдік бірліктің лексикалық семантикасы, ал
грамматикалық категорияларға жіктеуде оның грамматикалық сипаты
басшылыққа алынады. Мәселен, ұғыммен байланысты болып, белгілі
бір мағынаны білдіретін сөз лексикалық мағынасы арқылы басқа
сөздерден дараланатын болса, екінші жағынан жалпы грамматикалық
ортақ мағына арқылы өзара топ құрап, бірігеді. Категория түрлері
тілдік бірліктерді топтауға негіз болатын белгілердің, қасиеттердің
сипатына қарай ажыратылады. Тілдік бірліктерді грамматикалық
және лексикалық категорияларға топтастыруда белгілі бір ұқсастық
бар. Жалпы лексикалық категорияларға жіктеуде тілдік бірліктің
лексикалық семантикасы, ал грамматикалық категорияларға жіктеуде
оның грамматикалық сипаты басшылыққа алынады. Мәселен, ұғыммен
байланысты болып, белгілі бір мағынаны білдіретін сөз лексикалық
мағынасы арқылы басқа сөздерден дараланатын болса, екінші
жағынан жалпы грамматикалық ортақ мағына арқылы өзара топ құрап,
бірігеді. Осы тұрғыда әлемдік тіл білімінде өзіндік дифференциалды
көрсеткіштері бар тілдік категориялардың негізінен жалпы үш түрін
көрсету орныққан көзқарас деуге болады. Олар:
• лексика-семантикалық категория;
• лексика-грамматикалық категория;
• грамматикалық категория.
Мәселен, С.Исаев грамматикалық категорияны екіге бөліп қарайды:
лексика-грамматикалық категория және таза грамматикалық категория [6,
64]. Таза грамматикалық категория деп қарастырғаны – морфологиялық
категория. Ғалым мұнда түбір семантикасын өзгертпей, оған ешқандай
қосымша мағына үстемей, таза грамматикалық мән немесе мағына үстейтін
шартты негіз етіп алады. Ал лексика-грамматикалық категорияларда
жалғанған қосымша түбірдің лексикалық мағынасына өзгеріс енгізеді.
Балқия Қасым
41
Сөйтіп, лексика-семантикалық және грамматикалық сипаттарына
қарай олар таза грамматикалық категориялардан ерекшеленеді.
Автор екінші топтағы категориялардың қатарына етістіктің етіс
формаларын, болымсыз етістікті, салт және сабақтылық категориясын
және күшейтпелі етістік тұлғаларын немесе көріністі жатқызады.
Бұл тұста автордың күшейтпелі етістік немесе
Достарыңызбен бөлісу: |