Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri



Pdf көрінісі
бет12/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   80
Байланысты:
99 Mz0Oqmn

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ 
ЕМЛЕСІ ЖАЙЫНДА
30
Э. В. Севортян септік жүйесіндегі бұл ерекшеліктермен қатар, көне 
түркі, көне ұйғыр, көне және жаңа өзбек ұйғыр тілдерінде көлемдік 
септік тұлғаларының есімдік сөз табында грамматикалық септік 
тұлғаларының үстіне жалғанатынын көрсете келе, осы аталған тілдер 
үшін грамматикалық септік тұлғаларының қалыптасуы - алғашқы, ал 
көлемдік септіктердің одан кейінгі құбылыс екендігін айтады [6, 50-б.].
Бұны қазақ тіліндегі өзіндік үлкен ерекшелігі бар көмектес 
септігінің қалыптасу жолы арқылы түсінуге болады. Басқа түркі 
тілдерінде көмектес септігінің мағынасы көбіне септеулік шылау 
арқылы беріледі. Қазақ тіліндегі көмектес септік тұлғасы: -мен,бен, пен
септеулік шылаудан қалыптасқан: бірлән, білән > бінән, мінән, бынан 
> -мынан, -менен, -пенен > -мен, -бен, -пен [5, 96-97-бб.]. С. Исаевтың 
пайымдауынша, «сыртқы тұлғасы жағынан бұл мен, бен, пен жалғаулық 
шылауларына ұқсас болғанымен, одан жасалмаған. Бәлкім, жалғаулық 
шылау мен септеулік шылау төркіндес болып, бір сөзден тарап, бөлек-
бөлек қалыптасып дамуы мүмкін. Сөйтіп, көмектес септік жалғауы 
кейін ғана қалыптасып, септік жалғау жүйесіне кеш енді. Оның бұл 
ерекшелігін көмектес септік жалғауының сырт тұлғасы да аңғартады: 
біріншіден, сингармонизм заңына бағынбайды, жалғаулардың жуан 
буынды нұсқасы жоқ, екіншіден, дыбыс үндестігіне қарай нұсқалануы 
да ерекше... Көмектес септіктің осындай ерекшеліктері жіктеу, сілтеу 
есімдіктерінің септелуінен де көрінеді; көмектес септігі тікелей түбірге 
жалғанбайды: мен - мен + і+ мен, сен+і+мен т.б. Бұл жердегі түбір мен 
көмектес жалғауының арасындағы -ны, -ні тұлғасы ілік септік сөздің 
түбіріне ғана емес, ілік септік тұлғасына жалғанған болу керек деген 
тұжырым тудырады» [5, 92-93-бб.].
Бұл тұжырымнан септік жалғауларының қалыптасу үдерісі 
тарихының көріністері аңғарылады. Грамматиканың заңы бойынша, сөз 
түрлендіруші қызмет атқаратын қосымшалар сөзге бір рет жалғанады, 
бірінің үстіне бірі жалғанбайды, бұл олардың сөйлемдегі атқаратын 
қызметіне байланысты, грамматикалық мағына түрленгенімен, негізгі 
қатысымдық мағына шешуші роль атқарады. Мысалы: Бөгенбай 
батырдың қанталаған дөңгелек көзінен от шашырағандай жалт-жұлт 
етеді. Әйтсе де баптап-таптап сөйлеген сөзі мен ажар-әлпетінен аса 
сабырлы-салмақтылық аңғарылады. Ұзақтың әңгімесі аяқталысымен 


Атабаева М.С., Абдирасилова Г. Қ
31
жұрт гуілдесіп кетті. Айтқаныңның бәрі дұрыс. Екеуінің аузынан шыққан 
сөзді Жүсіп қағып алып, ерсілі-қарсылы аударып тұр (Қ. Жұмаділов). 
Мұндағы бірінші сөйлемде шығыс септігі жеке сөйлем мүшесі бола 
алмайды, ол тұрақты тіркес құрамында тұр, ал екінші сөйлемде адамға 
тән «салмақтылықтың» нысанын көрсетіп, жанама толықтауыш жасап 
тұр. 
Бұдан қазақ тіліндегі көмектес септік жалғауынан басқа септіктердің 
қатысым әрекеті қажетіне орай функционалдық қызметтерінің 
сараланғаны, ал көмектес септігінің қалыптасу үдерісінде екендігі 
байқалады деуге болады. Түркі тілдерімен шығу тегі бір бола тұра, 
қазақ тілі септік жалғаулары қалыптасуындағы бұл ерекшеліктер қазақ 
тілінің өзіндік табиғатын танытатын фактор саналады. Көмектес септігі 
көлемдік септіктерге қызметі жаңынан ұқсас болғанымен синтаксистік 
мағынасы жағынан ерекшеленеді, соған орай ол құралдық септік аталады. 
Сонымен қатар, қазақ тілінің септелу жүйесі: жай септеу және тәуелді 
септеу болып бөлініп, оның септелудегі ерекшеліктері айқындалып, 
емлесі қалыптасып нормаға түскені де белгілі. Септелу жүйесінде қазақ 
тілінің табиғатына қайшы келер жайт байқалмаған. Мысалы, жіктеу 
есімдіктерінің септелуі (мен, ме+нің, маған, ме+ні, менде, ме+нен, 
мен+і+мен), тәуелді септеудегі өзгерістердің (добым, добым+ның, 
добым+а, добым+ды, добым+нан, добым+мен; добың+а, добы+на, 
добы+н т.б.) себебі тарихи-семантикалық тұрғыдан түсіндіріліп келеді. 
Септік жалғауларының тіл иесі үшін үйлесімді, әуезді болуының себебі 
оның қазақ тілінің табиғатына бойынша емлеге түсірілгені екендігін 
тіл жанашыры А. Байтұрсынұлының мұраларын қайта-қайта зерделеп 
қарағанда, көз жеткізуге боатыны айқын. 
А. Байтұрсынұлының септік жалғауларына қатысты айтқаны да 
осы қазақ тілінің табиғатына сай емлеге үйлестіру болатын. «Қазақтың 
тілі өзгерген тіл деп айтуға жол жоқ болса, емлесін де қисық деп айтуға 
жол жоқ: қазақта тілінің табиғатына хилаф келетін емле жоқ» деп, сөзге 
барыс және жатыс, шығыс септіктерінің жалғану ерекшелігі туралы 
төмендегіше тұжырымдайды: 
біріншіден, «... ... я болмаса «малдай», «малда» деп жазған соң, 
«малыдай», «малыда» деп жазсақ болмай ма деген сықылды... Сөздің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет