38
ҚАЗАҚ ТІЛІЛІНДЕГІ ЕТІСТІКТІҢ
АНАЛИТИКАЛЫҚ
ФОРМАНТТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН
СЕМАНТИКАСЫ
Балқия Қасым
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің
профессоры,
филология ғылымдарының докторы
Алматы, Қазақстан
e-mail: bkasym_gosyaz@mail.ru
Кіріспе.
Қазақ тіл біліміндегі өзекті мәселенің бірі – морфология
саласы. Морфологияның аясында зерттелетін етістік – қазақ тіліндегі
сөз таптарының ішіндегі ең күрделілерінің бірі. Оның күрделілігі
лексика-семантикалық сипатынан,
грамматикалық формалары мен
категорияларының көптігінен, функционалдық қызметінен айқын
көрінеді.
Етістік осы жалпы мағынасы арқылы барлық басқа сөз таптарынан
ерекшеленеді. Өйткені етістіктің қимыл мағынасы ешбір сөз табының
мағынасына ұқсамайды. Ол тек жалпы тіл атаулыға ғана қатысты емес,
қазақ тіліне қатысты қағида. Сондықтан да ең көне заманның өзінде тіл
білімінде алдымен етістік пен есім сөздер танылған. Оның ішінде етістік
әлем тілдерінде басқа сөз таптарынан жігі анық бөлінген сөз табы болып
саналады. Ол тек
қазақ тіліне ғана қатысты емес, жалпы тіл атаулыға
қатысты қағида.
Балқия Қасым
39
Тілдің әрбір құбылысын зер сала зерттеу түркологияда кең орын
алуына байланысты
күрделі етістік
деген
терминге сыйғызылып
жүреген тіл бірліктерінің ерекшелігі ашылып [1], олардың тілдің
ұқсас құбылыстарынан аражігі қазақ тіл білімінде дәлелденіп, ғылыми
айналымға енді. Түрколог А.Юлдашев ең бірінші аналитикалық
етістіктердің ерекшелігін ашып қарастыруса [2], қазақ тіліндегі
АЕФ-ті алғаш зерделеген проф. Н.Оралбаева [3].
Бұл арада көптеген
зертеушілердің бір пікірде болғанын, алайда оларды атауда терминдік
бірізділік болмағанын айта кеткен жөн. Бірде күрделі етістік, бірде
тұрақты сөз тіркестері құрамында қаралып жүрген
тіркестердің
ерекшелігі арнайы зерттеліп, олардың тіл біліміндегі орны айқындала
түсті.
Достарыңызбен бөлісу: