Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri



Pdf көрінісі
бет41/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   80
 Отарбекова Жәмила Керімбайқызы,
105
болар /8, 204/ Әдеби тілімізде көбіне адаммен байланысты айтылады. 
Мұндағы дәлел бар болғаны түбірлерінің ұқсастығы.
Кәрі кісінің әдетте денсаулығы кем болады, ал қазақтар аурудың 
көбін құрт деп түсінген, мүмкін құртаң содан барып шыққан шығар. Бұл 
да әлі жеткіліксіз.
Қазіргі қазақ тілінде қарт сөзінің қартаң түрі қолданыла береді. 
Ол, әдетте, сыпайылық, болжалдылық мағыналарында айтылады. 
Ағайындардың кейбірі қартаң тартқан адамдар болған. /М.Ә./ .
Тілдің дамуында бір дыбыстың екінші дыбыспен алмасуы кездесіп 
отырады. Тіркес ішінде «а» дыбысының «ұ» дыбысына айналып кетуі 
таң қаларлық жай емес. Сондықтан құртаң сөзінің түбірі қарт, кәрі 
сөздері емес пе екен деген болжау туады. Соңғы сөздер көне, ескіден 
келе жатқан сөздер, өйткені, көне жазбаларда ұшырап отырады. /1.412/.
Қазақ тілінде жеке тұрып айтылмаса да, басқа бір түркі тілдерінде 
«шаға» сөзінің жеке мәні мен мағынасы бар. Түрікмен тілінде «чага», 
түрікше «чаға» сөздері біздің тіліміздегі «бала» мағынасының орнына 
жұмсалады. Моңғол тілінде «шаға» сөзі кішкентай деген мағынаға 
ие. Ал М.Қашқаридың сөздігінде чар: чар-чармақ деп алынған. Кейбір 
дыбыстық өзгешеліктері болса да, осы күнгі түркі тілдерінде «бала» 
мағынасында қолданылатынын түркологтар бір ауыздан мақұлдайды. 
/9.77; 7. 103/. 
Қару-жарақ, қарым-қатынас, ұры-қары
Ойбай-ау, атам заманнан бері қару-жарақ ұстауға үйреніп қалған 
қазақтар құралдарын тапсырмай жатыр, хикматтың бәрі осында емес 
пе, Яковлев мырза? /Х.Е./ Мен барып қарым-қатынасымызды анықтап 
келейін. /Т.Л./. Бірақ, бірен-саран ұры-қары, баскесері болмаса, қалың ел 
ергені жоқ. /Ғ.Мұс./.
Қазіргі түсінігімізше қазақ тілінде қар (ы) сөзі қолдың шынтақтан 
жоғары бөлігі. Кейбір еңбектерде қар – моңғол тілінен енген делінген. 
Көне құжаттарда түгел қолды да атаған, ұзындық өлшемі қызметін де 
атқарған. /1.412/. Мысал ретінде Шортанбайдың мына өлеңін келтірсек 
те болады:


ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚОС СӨЗДЕРДІҢ ТҮРКІ ТІЛДЕРІМЕН 
САБАҚТАСТЫҒЫ
106
Жұртты жеген Шортанбай
Енді қалдың мінекей,
Бес қары бөз бұйырмай.
Кейбір жазбаларда қолды қарағ деп атаған. /5.97/. 
«Қарым-қатынас» дегенде қарым сөзінің осыдан шыққаны даусыз, 
өйткені алыс-беріс қол арқылы болады, таныс-туыстар бірін-бірі 
көргенде, құшақтасып амандасады. Бір кездерде қар (ы) күштің де 
символы болғанға ұқсайды, одан келіп қару, қарысу сөздері шыққан. 
Қар(ы) сөзі басқа түркі тілдерінде де қолданылады. Қарақалпақ 
тілінде иықтан төменгі бөлік, қар әсілік (қаррс), қырғыз тілінде 
иықтан шынтаққа дейінгі қолдың бөлігі мағынасынан басқа, ұзындық 
өлшемі, бір метрге жақын мағынасында, түрік тілінде іс, жұмыс, қимыл 
мағыналарында айтылып, жұмсалады. 
Қару-жарақ. Қазіргі тілімізде бұл қос сөздің екеуінің де дербес 
мағынасы бар және жеке-дара қолданыла береді. «Қару» сыңары 
найза, қылыш, садақ т.б. құралдарды білдірсе, «жарақ» сөзін де осылай 
ұғынамыз. Бірақ ертедегі тіл ерекшеліктеріне назар аударсақ, «қарудың» 
да, «жарақтың» да өз алдына меншікті мағыналары болған.
Ертедегі түркі жазба ескерткіштері сөздігінде «карвы йа» - иіліп 
жасалған садақ, жақ дегенді білдіреді. Осы тектес сөздің ауысып 
қолданылатын мағынасын моңғол тілінен кездестіреміз. «Харвуул» - 
садақ оғы. Ерте заманда «йарақ» немесе «йарық» сөздері батырлар 
киетін сауыт ұғымында қолданылған. Осы сөз қазақ тілінде «жарақ» 
болып қалыптасқан. Қазіргі «қару-жарақ» қос сөзінің әр сыңарының 
орнына осыларды қойып көрсек, «садақ-сауыт»деген ұғым шығады.
Сонымен қатар, «жарақ» көне жазбаларда соғыс құралы, кейде әскер 
мағыналарында қолданылған /1.385/. Жасақ сөзі де осымен төркіндес 
болса керек. 
Ұры-қары тіркесіндегі қары бұл жөнінен кейбір күмән тудырады. 
Қары жеке қолданылғанда, жат мінез, жаман іс мағынасын береді. 
Қатының қар болса, заманың тар болар (мақал).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет