Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri



Pdf көрінісі
бет42/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   80
 Отарбекова Жәмила Керімбайқызы,
107
Кейбір жазбаларда қарыш жаулық, дұшпандық, ұрыс болатын жерге 
шығу мағынасында айтылған. /1.412/. бұл сөздердің төркіні қара (түс) 
сөзімен жақын ба деген жорамал туады. Шынында да заттың түсі әуелде 
заттың өзінен барып туған, кейін ғана жалпы сын мағынасына ие болған 
қазіргі қазақ тіліндегі қара жүрек дегендегі қара, қарақшы сөздерінің 
шығу төркіні жақын болар деп жорамал жасауға болады. Сол сияқты 
бұлармен қарғыс, қарғау сөздері де сыбайлас, бұлардың түбірлері де 
«қар» болуы керек. Сондықтан да «қар» сөзі қол мағынасынан кең, ал 
кейін әр мағынаға ауысуы болар. Қазақ тілінде қар (ы) сөзіне қосымша 
жалғанып, туынды сөз жасайды: (ұрлық) қарлық. Бұл да жоғарыдағы 
пікірімізді аша да дәлелдей түседі. Бұл сөздің осы мағынасы қазақ 
тілінде қазіргі кезде көнеленіп, дербестігін жоғалтқан, тек екінші сөзбен 
қосарланып қана ұры сөзінің жетегінде жұмсалады.
Өсек-аяң, әзіл-оспақ
Кісіні өлердей қажытатын өсек-аяңнан аулақ жүрмін. /Ө.Қ/. «Елеусіз 
ендігі кеңесті зілсіз әзіл-оспақ жағына қарай аударуға тырысты /Ж. /.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде өсек-аяң ойдан шығарылған 
ұшқары лақап, жалған әңгіме деп берілген /10.1/. Қос сөз құрамындағы 
«аяң» сөзінің жеке-дара қолданылатын кездері бар, бірақ мағына жағынан 
басқаша ұғымға ие болады. Қазақ тілінде ақырын, саспай жай жүруді, 
аяң, аяңдау дейді /10.1/. Ал өсек те бір жерде жатпай, тарай береді ғой. 
Мүмкін осы жағынан осы сөздер туыстас. Екінші, аян хабарлау, айту, 
сөзді жеткізу мағыналарында да жұмсала береді. Одан басқа аян сөзі сын 
есім қызметінде айқын, белгілі, мәлім мағыналарында айтылып, аян беру 
діни ұғымша түсте әулиелердің, не шешен-ойшылдардың, аруақтардың 
хабар, бата беріп, жөн сілтеу мағыналарында қолданылады/10.1/. Талдап 
отырған сөзіміз осылармен төркіндес, түбірлес болуы ғажап емес. 
Әзірше, қос сөздің екінші сыңарына тұлғасы әрі мағынасы жағынан
ұқсас сөзді тек қырғыз тілінен ғана кездестіре аламыз. Оларда «айың» 
немесе «аяң» дыбыс құрамындағы сөздер «өтірік, өсек, жалған сөз» 
ұғымында қолданылады. Егер біз қос сөздің екінші сыңарының («аяң») 
орнына осылардың бірін қойсақ, «өсек-өтірік», «өсек-жалған», «өсек-
өсек» мағыналары шығады.


ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚОС СӨЗДЕРДІҢ ТҮРКІ ТІЛДЕРІМЕН 
САБАҚТАСТЫҒЫ
108
Қазақ тілінде оспақ сөзі жеке қолданыла береді. Зат есім қызметінде 
тура айтпай, астарлап, жұмбақтап айтылған сөз мағынасын береді/10.2/.
Кейде сөз, әңгіме т.б. сияқты зат есімдермен тіркесіп сын есім 
мағынасында да жұмсала береді. Енді бірде белгісіз, болжау сөз, тіпті 
өтірік, бағдарлау мағыналарында да жұмсала береді. Бұл сөздің қайдан 
шыққанын, этимологиялық төркінін айту қиын.
Дел-сал, есі-дерті, қайғы-дерті, мең-зең
Даланы жым-жырт, дел-сал қып,
Түн басады салбырап. /А./
- Ат табылады ғой, Игнатий Иванович, ә? – деді Меңдікерей есі-дерті 
ілгері аса беруде болып. /Х.Е./
Қайғы-дертің мейлі мың,
Саудаға салмақ өзіңе ар. /А./
Көңілдің жүгін қиял қыл,
Ызаға тұтқын бой мең-зең. /А./
Қазіргі қазақ тілінде делбе сын есім қызметінде адамның денесін 
қыздырып ауыртатын аурудың аты. /10.1/. Делебесі қызу тіркесі желігу, 
қозу, алып ұшу мағынасында қолданылады. Сонда бұлардың түбірі 
дел болуы керек. Қазіргі түрік тілінде дели ақылсыз, ойсыз, ессіз 
мағыналарында қолданылады. Осымен қатар дал сөзі де қолданылады. 
Қатты ойлану, қиналу, не істерін білмей сенделу мағынасымен 
қатар, жартылу, өзгеру, паршалау, бүліну, т.б. мағыналарды білдіреді. 
Шынымен-ақ барлық қызық, күткен өмірі осындай дал болып, қаңғып 
қалумен өткені ме? /М.Ә./
Осы түбірден туған далақтау, далаң-дұлаң, далба-дұлба, далбалақтау 
т.б. сөздер дел-сал сөздерінің мағынасына жақын. Бірінде жуан, 
екіншісінде жіңішке дауысты дыбыстарының жұмсалуына қарамастан, 
бұл сөздер түбірлес емес пе екен деген жорамал жасауға болады. Енді 
бірде осы екі сөз бірігіп (қосарланып) те жұмсала береді. Делдал екі 
адамның арасын келістіру үшін жүретін кісі, дел-дал болуы - не қыларын, 
қайтерін білмеді, дел-сал болды. /10.1/. Тілімізде «а» дыбысының «е» 
дыбысына және керісінше орын алмасып, бірінің орнына екіншісі 
жұмсала беруі жиі кездесіп отырады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет