Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri



Pdf көрінісі
бет39/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   80
 Отарбекова Жәмила Керімбайқызы,
101
Абысын-ажын. Далада малшы атауы бір-біріне кездессе, қосақ 
басында қатындар кездессе, ат үстінде азамат кездессе, ас үстінде үй-
іштері – абысын-ажын күң кездессе, тегіс сөйлейтін сөзі осы болды. 
/М.Ә./.
Көне түркі жазбаларында ачі, ачы (старший родственник, 
родственница, старшая бабушка, дядя, предок) /5.92/ ажун /4.73/ 
кездеседі. 
Оғурмыш (или оғрамыш) (а) катун ағлажур өчі (а) сізе /5. 63/. Ел 
етиіс жабғу оғлы Сабра тамған чур Жоға інісі білге Сабра тамған таркан 
ачім атым /5. 9/.
Ажын алтай тілдерінде қолданылады. Ойрот тілінде очы деп әкесінің 
інісін, інісінің қыздарын, ұлдарын және немерелерін айтады. 
Қазіргі қазақ тілінде және басқа түркі тілдерінде қолданылатын әже 
деген сөзбен түбірлес болуы керек. Махмұд Қашқаридың сөздігінде де 
бұл сөздер кездеседі ача-ака, ката қиз ачі (әже) – кексе хотин /1. 114/.
Көне түрік жазбаларында кездесетін әблік (жена) /5. 60, 91/ абысын 
сөзімен түбірлес болар. 
Ем-дом. «Тәуіп келін қанша ем-дом жасаса да, ештеңе істей алмады». 
(М.Дүй.). Сөйлем ішіндегі қос сөздің бірінші сыңары бәрімізге түсінікті. 
Ем сөзі тілімізде жеке қолданыла береді. Ал екінші сыңарын біз тек осы 
қос сөздің құрамында ғана кездестіреміз. 
Біршама түркі тілдерінде, атап айтқанда, хакастарда, сары ұйғыр 
тілдерінде «том» сөзі біздің тіліміздегі «дәрі» мағынасын береді. 
Бұларды былай қойғанда манжур тобындағы тілдердің бірінде «доо» 
тұлғасында «дәрі» ұғымын білдіреді. Чуваш, тува тілдерінде «им», 
«эм» сөздерінің өзі біздегі «дәрі» дегенді білдіретінін айтқымыз келеді. 
Бізге парсылардан «дәрі» сөзі ауысып, «ем» сөзін ығыстырып, оның сәл 
өзгеше мағына алуына себепші болған. 
Жауын-шашын. Жаңбыр, қар сияқты ауа-райының құбылыстары 
осылай да атала береді. Көп жылдың күзінде кездесетін ол араның 
жауын-шашыны биыл жоқ (С.М.).


ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚОС СӨЗДЕРДІҢ ТҮРКІ ТІЛДЕРІМЕН 
САБАҚТАСТЫҒЫ
102
Жаңбыр болсын, қар болсын – жалпы алғанда «жауын» болып 
айтылады. Сондықтан мына қос сөздегі мағына мен шыққан тегі белгісіз 
болып отырғаны - «шашын» сөзі қазақтарда қос сөз құрамында ғана 
кездескенімен, тува сияқты түркі тілінде: «чаъс» немесе «чаашкын» - 
«жаңбыр» мағынасында айтылуымен ғана тынбай, кейінгі «чааскын» 
тіркесі қар, жаңбыр, шық, ылғал сияқтылардың бәріне де қолданылады. 
Қырғыз, ұйғыр, өзбек тілдерінде де «шашын» тіркесі жеке қолданылмай, 
дәл біздегідей қос сөз құрамында ғана кездеседі.
Ағайын-анжы, айып-анжы. Сыртқы түрі ұқсас болғанымен, 
шындығында бұл екеуі екі бөлек сөз. «Ағайын» сөзімен қосарланып 
тұрған «анжының» о бастағы тұлғасы - әжі (енжі). Бұл сөз көне түркі 
жазбаларында, әсіресе, моңғол тілінде жазылған нұсқаларда жиі 
қолданылғанын көреміз. Негізгі мағынасы – ұзатылған қызға (ұлға емес) 
беретін жасау, енші. Ондай енші жер, дүние-мүлік, қызметші, малшы, 
жалшы, көрші-қолаң түрінде болған. Академик Б.Я.Владимирцов өзінің 
«Моңғолдардың қоғамдық құрылысы» атты кітабында мынадай бір 
мәлімет келтіреді: Керей Уан ханның інісі қызын ұзатқанда таңдаулы 
аспазы Әші-Темірмен қоса екі жүз адамды әнжіге берген. Кейін ол 
адамдардың біразы жаңа «иелерімен» жақындасып, тіпті қыз алысып, 
туыстасып кеткенге ұқсайды. Атақты Шыңғыс ханның нөкерлерінің көбі-
ақ бір кезде әжесіне әнжі болып келгендердің ұрпағы екен. Міне, енді 
келіп олар ағайындасып кетеді, яғни, «әнжі» сөзі көрші-қолаң, жалшы 
деген мағыналардан жақын, туыс деген мағыналарға ауыса бастайды, 
сөйтіп барып «ағайын» сөзімен синоним құрады. Ағайын деген сөздің 
әсерінен «әнжінің» жіңішке дауыстылары жуандап кеткен, сөйтіп 
ол «анжы» тұлғасына ие болған. Қазақ тілінде бұл сөз «ағайынмен» 
қосарланып қана жұмсалатын болған. 
Ал «айып» сөзімен қосарланып қолданылатын «анжының» 
мағынасы мүлде бөлек. Көне түркі жазбаларында «анжы» сөзі (етістік) 
айыптау, жазалау мағынасында, ал «анжы» (есім сөз) – айып, күнә, 
кіна мағыналарында қолданылғанын көреміз. Яғни бір кезде тілімізде 
қолданылған анжы сөзінің орнын кейін арабтан енген айып сөзі басқан 
да, ол тек қос сөздің құрамында ғана сақталып, бізге жеткен /6/.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет