Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri



Pdf көрінісі
бет78/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
ЖАРНАМА ТІЛІНІҢ ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
188
произносится казахами иначе, чем в Сибири, как май безизначального 
гласного у. Название покровительницы матерей – кормилец могло стать 
и названием матери-женщины, названием материнских ее органов».
Сондай-ақ, ғалым Л.П. Потапов «Умай божество древних 
тюрков» (1973) атты еңбегінде көне түркілер Ұмайды от құдайымен 
байланыстырған, себебі от ошақтың сақтаушысы ретінде саналған деп 
көрсетеді [279 б.].
Қазақтың, тіпті біраз түркі тілдес халықтар мифінде кездесетін Тәңірі 
образына Е.М. Мелитинскийдің (1976) мына бір пікірі тікелей қатысты: 
«ерлі-зайыпты баба-құдайлардың ең көне әрі универсалды тараған 
түрі аспан – әке мен жер – ана. Бұл образдарда, бір жағынан, рулардың 
бабалары болып саналатын ілкі адамдардың космостанғанын, ал, екінші 
жағынан, неке мен отбасылық қатынастардың табиғат дүниелеріне 
көшірілгенін көруге болады», - деп жазады ғалым [193 б.].
Шындығында, бүкіл түркі жұртында Тәңір – көктегі ер ролінде, ал 
Ұмай – жердегі ана болып қабылданады [7, 213 б.].
С. Қасқабасовтың «Қазақтың халық прозасы» (1984) атты еңбегінде: 
«Қазақ мифологиясында аспан әке, жер ана ретінде (Тәңір – Ұмай 
түрінде) алғашқы ерлі-зайыпты құдайлар болып саналған деуге әбден 
болады» деген пікірі де осыны дәлелдей түседі [90 б.].
Бұл ұғым қазақтың мифі мен діни нанымында ғана сақталып қоймай, 
сонымен бірге ұлттымыздың көркем фольклоры мен классикалық 
әдебиетінде поэзиялық символға, метафораға айналған. Оған қазақ 
халқының дара тұлғасы Абай Құнанбаевтың «Жазғытұрым» өлеңіндегі 
мына жолдар мысал бола алады: 
Безендірген жер жүзін тәңірім шебер,
Мейірбандық дүниеге нұрын төгер.
Анамыздай жер иіп емізгенде
Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер.
Күн – күйеу, жер – қалыңдық сағынысты,
Құмары екеуінің сондай күшті,


Асанбаева Сәуле Асанбайқызы
189
Күн күйеуін жер көксеп ала қыстай, 
Біреуіне біреуі қосылыспай.
Көңілі күн лебіне тойғаннан соң,
Жер толықсып түрленер тоты құстай. 
Әдебиеттанушы жас ғалым А. Шәріп «Қазақ поэзиясы және 
ұлттық идея» атты еңбегінде былай дейді: «Бір қызығы түрлі-түрлі 
трансформацияға ұшыраған Жер-Ана архетипі қазақ ақындарының 
суреткерлік психологиясында да тұрақты нышан танытты. Әрине, баяғы 
мифтік-поэтикалық ойлау жүйесіне кәнігі «қоныс – құт – құдірет» 
формуласының құр қаңқасы қалса да, қасиетті қара жерді ана ретінде 
тұтынудың ізі тып-типыл жойылмаған. С. Сейфуллиннің өлеңіндегі 
мына жолдар:
Жер – ұлы ана, буы – демі,
Жадырайды көсіле.
Еңбекші жан уыз еміп,
Өрмелейді төсіне. 
Ақын Ж. Молдағалиевтің «Жер мен әйел» атты философиялық 
пайымға толы өлеңіндегі:
Жер демекші, о да ару, ол да ана,
Әйелге тең теңеу болса, сол ғана,-
дейтін жолдары содан хабар береді [8, 71 б.].
Осы орайда миф-тіл-поэзияны бірлікте зерттеген әйгілі ғалым Л.Н. 
Веселовскийдің «Историческая поэтика» (1989) еңбегіндегі мына пікірі 
орынды айтылған: «Язык поэзии продолжает психологический процесс, 
начавшийся на доисторических путях. Он уже пользуется образами языка 
и мифа, их метафорами и символами, но создает по их подобию и новые. 
Связь мифа, языка и поэзии не столько в единстве психологического 
приема, в искусстве обновленной формы высказывания» [107 б.].
Әдебиетші-ғалым З.Ахметов «Казахское стихосложение» (1964) 
атты еңбегінде былай дейді: «Жерді ана бейнесінде алып қарау қазақ 


ЖАРНАМА ТІЛІНІҢ ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
190
халқы ғана емес, басқа елдердің де ой-санасына тән нәрсе. Аспанды әке 
бейнесінде көрсету де жайдан жай алына салмаған. Аспанды әке деп 
түсінетін нанымның ерте кездегі, ежелгі адамның ой санасында орын 
алғандығын байқататын деректер бар. Абай соны өзінше жаңғыртып
ескі ұғым қалпында емес, тың сипаттағы тәсіл етіп қолданып отыр» деп 
талдап түсіндіреді [76 б.].
Космогониялық мифте жер туралы мынадай түсінік бар, жер әлемдік 
мұхиттан көтерілген соң айналасын су қоршап тұрды. Сондықтан болар 
ертеде бабаларымыздың танымында басқа өмір немесе өмірдің құпия 
жақтары су болып бейнеленді. Бұл көл, өзен немесе жалпы су кеңістігі 
болуы да мүмкін. Бұл шаман түсінігіне тура келеді, өзендер жоғары мен 
төменді, аспан мен жерді (басы – жоғарғы, сағасы – төменгі әлеммен) 
байланыстырады. Өзен туралы түсініктен әлем моделі шығады, өзеннің 
басы – аспан (жоғарғы әлем), ортасы – (жер), сағасы, құйылысы – жер 
асты. Бұл таныммен қазақтың көне семантикалық мынадай оралымдары 
байланысады: су аяғы құрдым, су аяғы ер Қорқыт, өмір – өзен [9, 32 б.]. 
Қазақта жер-су ұғымы Асанқайғының «Жер ұйығында» көрініс тапқан. 
Алтайлықтардың арасында Йер-су қызыл шың, құздарда – Сумер-улан-
тайгада (Сумер-Улан-Ак-Шибе) өмір сүреді деген түсінік болған. Жер-су 
құдайына қызыл немесе жирен жылқыларды құрбандыққа шалған. 
Ежелгі түркілер үшін Көк пен Жер, Судан кейін тұрған құдіретті 
күш – әйел, ошақ басы құдайы ұмайға да табынған. Ол бала-шағаны, үй 
берекесін қорғайды деп сенетін болған. Жалпы Умай сөзінің мағыналары: 
Umaj I послед, бала орны, (чрево матери) ана жатыры; Umaj ІІ жеке есім 
(Е 283), құдай есімі (Тон 38) [10, 611 б.]. Ж.А. Абитжанованың пікірі 
бойынша, Умай сөзінің «бала орны» деген түпкі мағынасынан «құдай», 
«адам есімі» мағыналары уәжделіп екіншілік атау алған.
Қазақта осы күнге дейін жас келін үйге енгенде «От ана, ұмай 
ана, жарылқа!» деген сөздер айтылған. Қазіргі Сібір түріктерінің 
фольклорында ұмай ана бейнесі – аспаннан түскен алтын қанатты әдемі 
әйел түрінде қалыптасқан. Христиан мәдениетіне дейін ұмай ана мен 
бала қамқоршысы, ұрпақ жебеушісі болған. Көне түркі кезеңінде ұмай 
культінің қызметі өте кең болған. Руникалық жазбалар бойынша ұмай тек 
әйелдердің ғана емес жалпы білімді адамдардың сақтаушысы да болған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет