79
яғни бұл кәсіпорынның өндірістік қуаттарын жаңғыртудың жалпы міндеті
шеңберіндегі жеке мәселе.
Өкім құжаттардың көшірмелерін беру (мысалы, шарттар, шот
-
фактуралар, тауарлық жүкқұжаттар және т. б.), демалыс кестесін, есептік
материалдарды беру және келісу және т. б. сияқты мәселелер бойынша
шығарылуы мүмкін.
Өкім осы органның және жоғары тұрған басқару органдарының
бұйрықтарын, нұсқаулықтарын және басқа да актілерін орындауды
ұйымдастыруға байланысты мәселелер бойынша да дайындалуы мүмкін.
Нұсқау
-
бұл ұйымның басшысы немесе оның орынбасары негізінен
ақпараттық
-
әдістемелік сипаттағы мәселелер бойынша, сондай
-
ақ осы немесе
жоғары тұрған басқару органының бұйрықтарын, нұсқаулықтарын және
басқа да актілерін орындауды ұйымдастыруға байланысты мәселелер
бойынша жалғыз шығаратын акт.
Жалпы нұсқаулар бұйрықтарға ұқсас жасалады және ресімделеді, бірақ
мәтіндегі айқындаушы және өкімдік бөліктерді бөлетін түйінді сөздер
нұсқаудың мазмұнына қарай "міндеттейді" немесе "ұсынады" болып
табылады.
Егер нұсқаулар ведомстволық бағынысты ұйымдарға жалпы сипаттағы
нормаларды немесе өзге де мәліметтерді жеткізу мақсатында жіберілсе, онда
адресат көрсетіледі немесе құжатты тарату тізімі ресімделеді.
Достарыңызбен бөлісу: