бұл гуманистік мазмұндағы
кіріктірілген және мақсатқа бағытталған тұлғаға немесе топқа әсер
ету.
Акмеологиялық білім – бұл ғылыми-әдіснамалық бағыттағы
және үш компонентті құрылымнан тұратын арнайы кешенді білім.
Акмеологиялық заңдылықтар –
тұлғаның және іс-әрекеттің
кәсібилігіне қарай ұмтылудағы қатынастар мен басымдылықтардың
тұрақты байланыстарының сипаттары.
Акмеологиялық зерттеу –
акмеологияның
жетекші
қағидаларына
негізделген,
акмеологиялық
мәселелер
мен
міндеттердің шешілуімен байланысты ғылыми зерттеу.
Акмеологиялық құзыреттілік – категория, кәсібиліктің
жүйесін және оның кәсіби жүргізілуінің саласын құрайтын таным
компоненті.
Акмеологияның пәні -
жетілген тұлғаның ілгері дамуына
ықпал ететін және оның жоғары кәсіби жетістіктеріне себеп
болатын заңдылықтарды, психологиялық және акмеологиялық
тетіктер, шарттар мен факторларды сипаттайды.
Акмеологиялық амал - акмеологиялық мәселелер мен
міндеттерді
шешуге
мүмкіндік
беретін,
психологиялық-
акмеологиялық қағидалар мен әдістер жиынтығын сипаттайтын
базистік жалпылама акмеологиялық категория.
Акмеологиялық технология – гуманистік мазмұндағы
тұлғалық-кәсіби дамуға бағытталған «психологиялық технология»
ұғымына жақын категория. Акмеологиялық технологиялардағы
басты әдіс – акмеологиялық әсер ету.
289
Акмеологиялық факторлар - қозғаушы күштер сипатындағы
негізгі себептер, кәсібиліктің басты анықтауышылары (В.Г.
Зазыкин).
Акмеологиялық шарттар – тұлғалық және іс-әрекеттің
жоғары кәсібилігіне қол жеткізудің маңызды шарттары.