Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



Pdf көрінісі
бет19/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

 
 
Кәсіби өзін-өзі жетілдіру 
«Кәсібилік» ұғымының алуан түрлі көптеген анықтамалары 
бар. Іс-әрекеттегі кәсібилік – іс-әрекет субъектісінің сапалық 
сипаттамасы – белгілі кәсіп өкілінің кәсіби міндеттерді шешудің 
құралдарын және заманауи мазмұнын меңгеру шамасы ретінде 
анықталады. Бұл меңгерудің шамасы әртүрлі адамдарда алуан
түрлі болады, сондықтан белгілі кәсіп өкілінің іс-әрекетіндегі 
кәсібиліктің жоғары, орташа және төменгі деңгейлері туралы 
айтуға болады. 
Келтірілген анықтаманың негізінде іс-әрекеттегі кәсібилік, ең 
алдымен оның жоғары өнімділігімен сипатталады деп тұжырым 
жасауға болады. 
Кәсіби жоғары өнімді іс-әрекет оның сапасының жоғары 
көрсеткіштерімен – тиімділігімен, оңтайлы қысымымен және 
қарқындылығымен, жоғары дәлелдігімен және сенімділігімен, 
ұйымдастырушылығымен, 
тұрақтылығымен, 
негізделуімен, 
денсаулықты сақтауымен және ілгері дамуға ықпал етуімен 
айрықшаланады. 
Ақмеологиялық деңгей кәсібилікке жетудің деңгейімен 
сипатталады, кәсіби іс-әрекеттің ерекшеліктерімен анықталады. 
Нағыз кәсіби маманның және оның кәсібилігінің қалыптасуы 
әрдайым тұлғалық-кәсіби дамумен байланысты болады.
Акмеологияға қатысты іс-әрекеттегі кәсібилік жоғары 
тиімділікпен, оңтайлы үнемділікпен, жоғары дәлдікпен және 
менімділікпен, жоғары ұйымдасуымен және біліктілікпен, 
маманның сыртқы факторларға тәуелділігінің төмен болуымен, 
кәсіби міндеттерді шешудің заманауи құралдарын меңгерумен, 
тиімділіктің, дәлдіктің, сенімділіктің және ұйымдасудың жоғары 
тұрақтылығымен сипатталады. Бүгінде «шеберлік» ұғымы 
«
кәсібилік
» ұғымымен теңестіріледі.
Кәсібилік
– педагогикалық құзыреттіліктің аса жоғары деңгейі. 
Бұл кәсіптің мағынасын, кәсіби тұғырларды, кәсіптік гуманистік 


45 
бағыттылығын, еңбектің жоғары үлгілерін, жаңалықты іздеуді 
меңгеру болып саналады.
Кәсібилік ұғымының «еңбек психологиясы» категориясымен 
ортақ белгілері болады, олар: іс-әректтің дара стилі, ол индивидке 
тән қойылған мақсатқа жетудің әдістері мен тәсілдері, дағдылар 
жүйесі ретінде қарастырылады. Акмеологияға қатысты іс-әрекеттің 
дара стилі, шеберлікте және кәсібилікте даралықты көрсетуде 
жүзеге асады. 
Кәсібилік және шеберлік, кәсіби іс-әрекетте өзін-өзі жүзеге 
асырумен, 
тұлғалық және іс-әрекеттің жоғары кәсібилігіне 
қол 
жеткізуімен, жоғары нәтижелерге жетудегі мотивацияның жоғары 
деңгейінің болуымен байланысты болады (Сурет 4). 
Сурет 4 - Тұлғалық және іс-әрекеттің жоғары кәсібилікке 
қол жеткізуі 
Акмеологиялық жағдайлар
- іс-әрекеттегі жоғары кәсібилікке 
жетудің тәуелді болатын маңызды шарттары. Олар: кәсіпке кірісу; 
оқу орнын таңдау; өз бетінше кәсіби қызметке кірісу; кәсіптік 
қызметте ұжыммен араласу; бір қалыпты жұмыс ырғағына еніп, 
кәсіп шыңын игеруге кірісу; қызмет құрылымдарындағы жас 
ерекшеліктерді ескерту. 


46 
Кәсіби «
Менді
» дамытуға ықпал ететін маңызды факторлар: 
кәсіби этолондар; тұлғаның әлеуеті; өзін-өзі тануға және өзін-өзі 
дамытуға бағыттылық; тұлғалық бағалаудың адекваттылығы. 
Акмеологиялық факторлар 
болып: мотивацияның жоғары 
деңгейі; жетістікке жетуге деген қажеттілік; жоғары тұлғалық-
кәсіби стандарттар, жүзеге асыруға ұмтылыс, кәсіби қабылдаудың, 
ойлаудың жоғары деңгейлері; кәсіби шеберліктің беделі. 
Акмеологиялық фактор кәсіби іс-әрекеттің нақты түрлерінде 
жоғары көрсеткіштерге жетуге ықпал етеді, бірегей факторлар іс-
әрекет және кәсіби даму барысындағы дара көріністерді білдіреді. 
Кез-келген аспектіні орындай білуде жаттығу арқылы 
бекітілген білікті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет