Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



Pdf көрінісі
бет21/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

Бұл іс-әрекет болжамы:
білім саласында болып жатқан 
қазіргі кездегі өзгерістермен әрдайым таныстыру; өз әріптестерінің 
әртүрлі формадағы сабақ ұйымдастыру тәжірибесін оқып 
үйрену; жаңа білім тұжырымдамасымен, бағдарламаларымен т.б. 
танысу. 
Өзінің педагогикалық шеберлігін арттыру үшін мұғалім әртүрлі 
курстарға қатысады, сол сияқты өз білімін арттырумен 
шұғылданады. 
Өз білімін арттыру дегеніміз
«басқаның көмегінсіз, өз бетімен 
дайындалу арқылы білімін арттыру, кәсіби-әдістемелік білім мен 
біліктілігін тереңдетуге және кеңейтуге, пәндік дайындық деңгейін 
көтеруге бағытталған» (Ожегов). 
Өз білімін арттыру мұғалімнің тұрақты іс-әрекеті 
болғандықтан, оған кіретіндер:
белгілі мәселеге байланысты 
ғылыми зерттеу жұмысы; кітапханаға бару, ғылыми-әдістемелік 
және оқу кітаптарын оқу; педагогикалық кеңеске, мұғалімдердің 


49 
пәндік секцияларына қатысу; өз әріптестерінің сабағына қатысу, 
сабақты ұйымдастыру; сабақты өткізу әдістемесі т.б. сұрақтар 
жөнінде пікір алмасу; әртүрлі формадағы сабақтарды, сыныптан 
тыс іс-шараларды және оқу материалдарын теориялық талдаудан, 
практикалық өндеуден өткізу.
Өзідігінен білім алу
пәндік дайындық деңгейін жетілдіруге, 
кәсіби-әдістемелік білімін және іскерлігін кеңейтуге, тереңдетуге 
бағытталған. 
Болашақ мұғалімге өздігінен білім алуға келесі жағдайлар 
себеп болып табылады: 
Ақпаратпен күнделікті жұмыс
.
Сабаққа, баяндама жасауаға, тәрбие сағатына, мерекелерге, 
олимпиадаларға және т.б. дайындалуда жаңа ақпаратты іздеу және 
талдау қажеттілігі туындайды.
Ынта және шығармашылық
.
Мұғалім - шығармашыл мамандық. Шығармашыл адам жылдан 
жылға бір күнтізбелік жоспармен жұмыс істей алмайды, қайталана 
беретін баяндаманы оқи алмайды. 
Заманауи ғылымның екпінді өсуі. 
Қоғам өмірінің өзгеруі. Бұл өзгерістер біріншіден білім 
алушыға әсер етеді, олардың дүниетанымдарын қалыптастырады. 
Бәсекелестік
.
Ата-ана 
баласын 
білім 
беру 
мекемелеріне 
алып 
келгенде білікті, жақсы пән немесе нақты бір мұғалімнің 
сыныбына беруді сұрайды. 
Қоғамның пікірі.
Мұғалім өзінің «жақсы» немесе «жаман» деуіне немқұрайды 
емес. Нашар мұғалім болғысы келмейді. 
Материалдық стимул.
Мұғалім категориясы, аттестациялық комиссияның көзқарасы, 
сый ақы (премия), қосымша төлемақы, дәреже мен өкімет 
тарапынан марапат бұның барлығы мұғалімнің біліктілігі мен 
шеберлігіне байланысты болады. Жаңа білімді үздіксіз меңгермесе 
ондай дәрежеге жету мүмкін емес. 
Педагогикалық шеберлікті жетілдіруге қызығушылық.
Білім алу өте қызық.
Өзін-өзі білімдендіру бойынша әр 
мұғалімнің сабақтары, ескертулер, презентациялар, көрнекіліктер 
жинақталған өзінің әдістемелік кешені болады. Өзін-өзі 
білімдендіру жұмыстары нәтижелі болып келеді, өйткені 
педагогтарда өзін-өзі жетілдіру қажеттілігі қалыптасады. Сондай-ақ 


50 
өзін-өзі тану мен өзін-өзі талдау түрлеріне ие болады және де 
педагогикалық шеберлікке дайындық жетіледі. Өзін-өзі білім-
дендіру көздері ретінде: теледидар, газет-журналдар, әдебиеттер, 
интернет, ақпаратты тасымалдайтын әртүрлі тасымалдауыш-
тардағы бейне, аудио жұмыстар, ақылы курстар, семинарлар мен 
конференциялар, шеберлік-класстары, тәжірибе алмасу іс-
шаралары, экскурсиялар, музей, көрмелер, біліктілікті жетілдіру 
курстарын айтуға болады.
Білім беру ортасы тұлғалық-кәсіби ілгері дамуы мүмкіндік-
терден тыс қарастырылмайды. Жоғары кәсіби білім беру жүйесінен 
өтіп, адам ғылымды және болашақ кәсіби іс-әрекеттің бірқатар 
тәжірибесін қарапайым қабылдамауы керек, ол өзінің әлемді 
қабылдаудағы және әлеміне қатынасында көп деңгейдерде көрініс 
беретін өзіндік болмысының мәні мен құндылықтары туралы 
сенімділігін қабылдауы қажет: 
жалпы деңгей
(адамзатқа қатынас), 
ерекше деңгей (өзінің отанына қатынас); 
бірегей деңгей
(нәтижелі 
түрде өзін-өзі жүзеге асыру), яғни мұндай адамның санасындағы 
әлемнің бейнесі түйіскен, айқындалған мәндер арқылы көрсетілген.
Білім беру мекемесінің шеңберінен шығып, мұндай адам жеке 
өндірістік салада жоғары білікті маман болу мақсатын ғана 
қоймайды, сонымен бірге өз Отанын қайта жаңғырту үшін пайдалы 
болуды мақсат етіп қояды.
Өзін-өзі дамыту саласында тұлғалық сапа мен шығармашылық 
ретінде креативтілікті дамыту, адамға өмірлік жолдағы даму 
үдерісінде өзін-өзі жүзеге асыру алгоритімін құруға мүмкіндік 
береді: өзін-өзі дамыту саласындағы мақсаттың болуын саналы 
ұғыну; іс-әрекет және өзара әрекет жағдайында, акме-бағдарланған 
өзіндік өзгерістер үшін мүмкіндіктерді саналы ұғыну және осы 
мүмкіндіктерді өзін-өзі жүзеге асырудың өзіндік жобасымен 
арақатынаста ұстау, яғни жағдайларды акме-оқиғалар ретінде 
қабылдау; өзіндік ресурстарды, сонымен бірге объективті және 
субъективті кедергілерді аса нақты саналы ұғыну; өзін-өзі 
дамытудың оңтайлы жоспарларын және бағдарламаларын 
құрастыру; іс-әрекеттің және өзін-өзі дамытудың нәтижелерінің 
ықтималдығын және маңыздылығын дәл бағалау; энергиялық және 
уақытша шығындардың оңтайлы шамасында өзін-өзі жүзеге 
асырудың жоғары деңгейіне жету. 
Акмеологиялық ұғымдық аппараттың мазмұны өзгеше болады 
және пәнаралық бағыттылықпен сипатталады. Кәсібилік мамандар-


51 
дың еңбек іс-әрекетін және тиімділігін зерттейтін акмеологиялық 
зерттеулерде базалық ұғым ретінде алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет