55
адамның дүниеге келген күнінен бастап оның дамуы мен
қалыптасуында көрініс бере бастайды. Адам туғанда тек
биологиялық тіршілік иесі болып танылады, жеке тұлғалыққа жету
әлі ерте. Биологиялық нышандар мен қасиеттердің дамуы адамның
өмір бойы ағзасының пісіп жетілуі және қалыптасуы үдерісінің
сипатын көрсетіп отырады.
Сонымен қатар, адамның қабілеттері
мен мінез-құлқының дамуы да жатады. Адамның биологиялық
кемелдену және өзгеру үдерісі, оның дамуының жастық сатылары
мен мінез-құлығындағы көрінеді, осыдан жас ерекшелік бітістерді
ажыратамыз. Жеке адам қоғам өмірінің өнімі болғанымен, оның
тірі организм екенін ұмытпау керек. Әлеуметтік және биологиялық
қатынастар жеке адамның қалыптасып дамуына әртүрлі әсер етеді.
Әрқандай іс-әрекетке байланысты
адам қандай да қызмет
орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге
жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара
педагогикалық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан, өзіндік
психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден, әркімнің өз алдына
қайталанбас көрінісі - жеке адам қабілеті,
мінез-құлқы
деп аталады.
Адам болғанның барлығы тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне ие,
бірақ бұлар бірі де шын қабілет тобына кірмейді, себебі, бірінші -
психологиялық құбылыс емес, екіншісі - баршада бірдей көрінетін
іс-әрекет. Қабілеттердің табысты іс-әрекетпен
байланыстылығын
баса айтумен, тиімді нәтижеге негіз боларлық дара-өзгермелі адам
қасиеттерінің шеңберін тарылта қарастыру керек.
Қабілет - осы және басқа өндірістік іс-әрекетті табысты
орындау
жағдайы
болып
табылатын
тұлғаның
даралық
психологиялық ерекшелігі. Қабілетті анықтаудағы ең басты үш
кезең бар: біріншіден, қабілет бір адамды екінші адамнан
ажыратады, екіншіден, дефектіге қарағанда, олар жетістікті
қамтамасыз етеді, үшіншіден,
қабілет тек білім, дағды, шеберлікті
меңгеруді жеңілдетеді.
Қабілет -
жеке адам туралы ілімнің құрамдас бір бөлігі болып
табылады. Ғылымға алғаш рет қабілеттілік туралы ұғымды
К.К.Платонов енгізген. Қабілет ұғымына берілген психологиялық
анықтамалардың саны өте көп. Мысалға, «қабілет деп - әрекеттің
талаптарын
қанағаттандыратын
және
үлкен
жетістіктерге
жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезін айтады» (А.Н.Леонтьев),
«қабілет - білім алуға қажетті адамның психологиялық
ерекшеліктері» (А.В.Петровский), «қабілет - іс-әрекеттің белгілі бір
56
түрін ойдағыдай нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке
қасиеті» (Т.Тәжібаев).
Қабілетті жеке даралықтың бір
деңгейінде орналастыруға
болмайды; басқа сапалармен әсерлесе олар барлық деңгейлер
арқылы дамиды.
Қабілет
деп әр адамның белгілі іс-әрекет түріне
икемділігін айтады.
Қабілет дегеніміз
– мақсатқа бағытталған,
тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке
ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы.
Қабілеттің екі деңгейі бар: өнімді (білімді жоғары дәрежеде игере
алуын қамтамасыз етеді, әрекетті меңгеру); шығармашылық (жаңа
нәрсені жасап шығаруды қамтамасыз етеді).
Креативтілікті дамыту, тұлғаның
өзін-өзі маңызды ету және
тұлғалық, кәсіби және рухани шыңдарға (акме) жету үдерісінде,
маманның шығармашылық кемелдігінің қалыптасуына ықпал етеді.
Креативті тұлғаның өзін-өзі маңызды етуінің жоғары деңгейінде
маманның шығармашылық кемелденуі өмірлік болмыста аса
тұрақты, тиімді және ұзақ болып табылады.
Жоғары оқу орындарында кәсіби даярлау үдерісі, кәсіби іс-
әрекеттің дара стилін меңгерген, барлық қажетті сапаларды
(құзыреттілік, креативтілік,
ұтқырлық, рефлексияға және т.б.)
меңгерген түлектерге бағдарлануы қажет. Кәсіби дайындықтың
акмеологиялық бағдары, маманның шығармашылық даралығын
дамытуға жағдай жасауға, оның тұлғалық және кәсіби өсуінің
преспективасын құруға мүмкіндік береді.
Қарым-қатынас педагог іс-әрекетіндегі маңызды кәсіби құрал
болып табылады. Қарым-қатынас басқа біреудің жан дүниесіне
«мен» ұғымын ендіру. Бұл оңай емес,
өйткені өзіңе ұқсамайтын
басқаның жан дүниесіне ену үшін психологиялық дайындық қажет.
Сондықтан
қарым-қатынасты
ұйымдастырғанда
субъектінің
психологиялық жағдайын ескеру өте маңызды. Кез-келген
оқытушы білім алушымен қарым-қатынаста оның психологиялық
ерекшелігін ескеріп, оған уақыт беру қажет.
Қарым-қатынас сипаты қоршаған шындыққа тәуелді келеді,
оның ортамен, дүниемен байланысын білдіреді, ішкі дүниесінен
көрініс береді. Қарым-қатынас жүйесі адамның жеке дамуының
жемісі болып табылады (Сурет 6).
Достарыңызбен бөлісу: