141
отырады. Креативті тұлға «интеллектуалды ынталанады» әрі оны
жалпылау бағытта ашады және оның әрбір шешімінің негізі
осылай құрастырылады (Богоявлинская Д.Б.).
«
Эскиздер» әдістемесі.
Бейнелілік-нышаналық жүйенің дивергентті өніміне бейне-
леуіш тест.
Мақсаты:
шығармашылық қабілетінің даму деңгейін анықтау,
қиялын, ойлау үдерісінің жылдам өзгеруін, ассоциациялауға
қабілеттілігін анықтау.
Көрсеткіштер:
Жылдамдық-сандық сипаттамасы; бірегейлігі;
қолайлылығы; жетілдіргендігі; ынтадан идеяның алыстатылған
дәрежесі;
эмоционалды
экспрессия;
көркемдік-эстетикалық
элементтері; тапсырма аймағынан шығуы (тәуелділік-тәуелсіздік).
Тестілеуге арналған материал: түрлі-түсті қаламдар; тестік
бланк немесе қағаз-біртектес қырық дөңгелектер салынған
альбомды парақ. Барлық дөгелектердің көлемі бірдей. Дөңгелек-
тердің арасына басқа сурет салатын орындар қарастырылған.
Тестің бланкасы өзгертілуі мүмкін. Дөңгелектердің орнына
басқа графикалық кескіндермен ауыстыруға болады. Бұл
қарапайым геометриялық кескіндер болуы да мүмкін (үшбұрыштар,
квадраттар және т.б.) немесе одан да күрделі бейнелер (зигзагтар,
тамшылар және т.б.). Торренстің «Классикалық» нұсқадағы
тестінен басқа, яғни оның тестіндегі графикалық кескіндер
өзгермейді, бұлай кескінін өзгертуде шығармашылық белсенді
ойлаудың сапалы көрсеткішіне қолжеткізуге болады, бейнеленген
ынтаны қайта жасауға қабілеттілігі пайда болады.
Нұсқау.
Осы дөңгелектерді пайдалану арқылы не ойласаңдар
соның суретін салыңдар. Дөңгелек сіздің суретіңізде міндетті
түрдегі элемент болуы тиіс. Дөңгелектерге кез-келген бейнені
жалғастырып салуға болады.
Тапсырма жылдам орындалады. Жұмыс уақыты шектеулі
(жасерекшелігіне, тапсырманың күрделілігіне, баланың даму
деңгейіне байланысты уақыт 10 митуттан 20 минут аралығында
орындалуы тиіс). Қаламдарыңызды дайындаңыздар. Дабыл
қағылған соң тапсырманы орындауды бастаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: