Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


РЕФЛЕКСИЯ  Мақсатқа жету баспалдағы



Pdf көрінісі
бет68/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

РЕФЛЕКСИЯ 
Мақсатқа жету баспалдағы 
 
 
Не қиын? 
Не қызық? 
Не құнды? 


159 
әрекеттеріне байланысты білім алушылар өзінің іс-әрекеттерінің 
тәсілдерін көруді үйренеді, алдына қойған мақсаттарының 
жетістіктерін жоспарлауға, талдауды үйренеді. Оқу бағдарлама-
сына рефлексияны қосудың бастапқы шарты сапасында білімді (бұл 
жерде нәтиже мен құндылық сапасында) біреу немесе бір нәрседен 
«алған» деген идеясы негізделеді. Ол білім алушылардың белсенді 
іс-әрекеттеріндегі үдерістерде қабылданады, өндіріледі. 
Болашақ маманның рефлексивті құзіреттілігі бүгінгі уақыт 
талабының шарттарында көбінесе оның педагогикалық кәсіби 
құзіреттілігін біртұтастықта белгілейді.
ЖОО-на қатысты алғанда, әрбір болашақ мұғалім тұлғаның, 
қоғамның, мемлекеттің болашақтағы және өзекті қажеттіліктеріне 
сәйкес жоғары сапалы білім нәтижесіне бағдарланған негізгі әрекет 
етуші тұлға. 
Жалпы алғанда, рефлексивті тәсіл болашақ мұғалімдердің
ақпараттанғандығын бірінші орынға қоймайды, оның пайда
болған мәселені шешу біліктілігін: шынайы өмірдегі құбылыстарды
тануда және түсінуде. 
Кейбір авторлардың зерттеулері білім беру үдерістеріндегі 
болашақ мұғалімдердің іс-әрекеттеріндегі рефлексия жалпы барлық 
іс-әрекеттердің негізгі компоненті болып табылады, демек, 
рефлексивті құзіреттілік кәсіби педагогикалық білімнің негізгі
құрамы болып табылады. Осыған байланысты рефлексивті
құзіреттілікті қалыптастыру өзекті мәселе болып табылады. 
Өзіне креативті қатынасты дамыту үлгілерінің әдістері 
Отандық философия мен психологиядағы «өзіндік» ұғымын 
философтар С. Франк, А.Лосев, П.Флоренскийлер мен психологтар 
Д.А.Леонтьев, И.С.Кондар өз еңбектерінде пайдаланған.
Аралықтандырылған қорытынды жасау арқылы, өзін-өзі
өзектілеу мен өзін-өзі жүзеге асыру ұғымдарының арасындағы
өзара байланыстарын нақтылау қажет. Жүзеге асыру ұғымы
(realization), Оксфордтағы болашақ мұғалімдерге арналған қазіргі 
ағылшын тілінің түсіндірмелі сөздігінде (1984) - бұл ең бірінші 
мойындау, 
яғни 
ойлау 
(когнитивті) 
қызметі. 
Өзектілеу 
(actualization) - заттық нәтижесі бар (actus - әрекет жасау, латын 
тілінен алғанда) күшін жоғалту үдерісін бейнелейді. «Өзін-өзі 
өзектілеу» ұғымы дегеніміз ойлау, іс-әрекеттің немесе қызметтің 
когнитивті бағытында, теоретикалық іс-әрекетті немесе қызметті 
ішкі жоспарда жұмыс жасату. Өзін-өзі жүзеге асыру «Мен


160 
тұжырымдамасын» және «Мен асылмын» ұғымымен бірге әлем
бейнесін және өмір жоспарын түзу, қайта түзету және қайта құруда
көрінеді әрі алдыңғы іс-әрекеттерінің немесе қызметінің нәтижесін
мойындағанда немесе түсінгенде жүзеге асады (яғни бұрынғы
тұжырымдамасы қалыптасқанда жүзеге асады). 
«Өзін-өзі өзектілеу» ұғымы іс-әрекеттің немесе қызметтің 
тәжірибелік бағыты: өмір жоспарын орындауға бағытталған іс-
әрекетері немесе қызметтері. Оның ерекшеліктері 
біріншіден
, әрбір 
әрекеті (әрекеттер саны) нақты бір сипатталатын нәтижемен
аяқталуы керек (өзін-өзі өзгерту, белгілі бір құзіреттілікті
игеруімен). 
Бұл іс-әрекеттің немесе қызметтің 
екінші 
ерекшелігі іс-әрекет 
немесе қызметке бағытталған объект пен осы іс-әрекеттің немесе
қызметтің субъектісі бір-біріне сәйкес (іс-әрекет немесе қызмет
өзіне және өзін-өзі қайта жасауға бағытталған).
Үшінші 
ерекшелігі «I did it myself» формуласы субъект 
белсенділіктің бастауы сапасындағы орталық назардың болуына 
кедергі жасайды, басқалардың көмегінсіз және сүйемелдеусіз өзі 
атқара алады; алынған нәтижеге (the thing) басқа субъектілердің 
қатысы жоқ. 
Өзін-өзі өзектілеу мен өзін-өзі жүзеге асыру бір үдерістің 
бөлінбейтін бір тарабы болып табылады, ол адам деп аталатын 
даму әрі өсу үдерістері, сонымен бірге, тұлғаның өзін-өзі
өзектілейтін, адами мүмкіндіктерін максимум айқындайтын әрі
пайдаланатын үдеріс. «Өзіндік», «субъект» терминдері кеңестік
дәуірдегі психологияда шетелдік және идеалистік психологияны
сынау бөлімдерде ұзақ уақыт пайдаланған.
А.Н.Леонтьевтің және оның мектебінің жетілдірген еңбегінің 
бірі заманауи психологиядағы әрекетшілдік тәсілдегі іс-әрекет 
немесе қызмет түрі өзіне-өзі бағыттау немесе өзін-өзі қайта жасау 
«іс-әрекеттің немесе қызметтің арнайы түрі тұлғалық мазмұн-
дардың пайда болу бойынша» деп қарастырылған. 
Адамның өзін-өзі өзектілеуге ұмтылуға бағытталған жеке 
тәжірибелік әрекеттері алған нәтижені әрі олардың салдарын терең
түсінудің қажеттілігін тудырады. Өзін-өзі жүзеге асыру әрекетін
мойындауға жасалған теориялық талдау арқылы өзі туралы, әлем
туралы және «өмір жоспарындағы өзгерістерге» түзетулер жасауға
ықпал етеді, К.Роджерс мұны конгруенттілік терминдерінде 
сипаттаған. 


161 
Карл 
Роджерс клиентке орталықтандырылған терапия
еңбегінде адамдар өзін анықтау үшін, өз өмірін, өзінің тәжірибесін 
пайдаланады. Өзін-өзі өзектілеуге беталыста ұғымын К. Роджерс 
екі бағытта түсінеді: 1) конгруенттілікке жылжу, әлемді нақты 
дәлдікте қабылдау, 2) шынайы қызмет жасауға жылжу, әлемде өзін 
нақты дәлдікте қабылдау. Өзін-өзі белсенді етуге беталыс 
Роджерстің теориялық сызбадағы бірден-бір жорамалдандырылған 
мотиві (себебі). 
Өзін-өзі өзектілеу адам өмірінің «ішінде» суреттеліп әрі 
қарастырылуы қажет, оның көзқарасынан алғанда, мақсатты нақты 
белгіленген оймен таңдау қажеттілігі болып табылады. 
Өзін-өзі өзектілеуге бағытталған, өсу пайдасына таңдау жасау 
барысы әрбір таңдау жағдайында оны адамның өзі жүзеге асыруы 
керек. Мүмкіндіктерін толық жүзеге асыру бойынша жасаған 
әрекеттерінен кез-келген бас тарту жүйенің метабұзылуына 
(метапотология) немесе жалпы жүйенің бұзылуына алып келеді 
(Маслоу). 
Өзін-өзі өзектілеуді әрбір көрінісі күйзелістер шыңының 
нәтижесінде адам өмірінің біртұтас контекстінде маңызды әрі ойда
сараланған құбылысқа айналады. 
Адамның өмір жолы туралы айтқанда, мәселенің шегін
немесе мөлшерін талқылау қажет. Өзін-өзі өзектілеудің жетістігі 
тұлғаның «өмірге саяхатының» соңғы бекеті болып табыла ма? 
«Тұлға және мотивация (себеп)» деген Маслоудың кітабында 
ол өзін-өзі өзектілеуді адамның өзін-өзі жүзеге асыруға, өзіндегі 
ұқсастыққа жақындауға ұмтылуда көрінетін өз мүмкіндіктерін
өзектілеуге ұмтылысы деп сипаттаған: «Бұл термин «адамның
толыққанды дамуын (биологиялық табиғатын алғанда) айшық-
тайды», ол түрлерге бірдей (эмпирикалық) қағидалы, оның уақыты 
мен жері немесе орны, яғни мәдени шарттары шамалы мөлшерде. 
Ол адамды биологиялық алдын ала белгіленгендігіне сәйкестенеді, 
тек тарихи - өз еркімен, шектеулі құндылықтар кескіні арқылы 
емес... Сонымен бірге, ол эмпирикалық мазмұнмен және
тәжірибелік мағынаны меңгерген». 
«Болмыс психологиясында» ол келесі пікірді жазған: «Өзін-өзі 
өзектілеу» ұғымының өзінде «өзіндік» бекіту бар, ол «өзектілеуге
қатысты». Даму дегеніміз (толыққанды даму) – бұл өзіндікке 
салынатын жинақтарды ашу. Бұл үдерістің эмпирикалық мазмұны 
(оны тануға, сипаттауға, санауға болады) мен тәжірибелік 
мағынасы бар. 


162 
Маслоудың тағы бір анықтамасын мысалға аламыз, ол «Critique 
оf Self - Actualisatioin» (1959) мақаласында: «өзін-өзі өзектілеуді 
тұлғаның мұндай даму жолын адамда мәселенің өсуі жетіспе-
гендіктен әрі өмірдің жүйке тоздыратын инфантильді, немесе 
қиялдағы, және «қажетсіз», немесе «жалған» өмірдегі мәселелері. 
Сондықтан ол өмірдің «нағыз» мәселелеріне назарын аударуына 
болады, (оларды жою мүмкін емес экзистенциалды» мәселелер, 
олар адамның мазмұны мен шынайы адамдық мәселелер, олардың 
нақты, соңғы шешімі болмайды) - назар аударумен бірге, олардың 
алдында абыроймен тұрып, оларды өз қолына алуы тиіс. Өзін-өзі - 
бұл мәселенің жоқтығы емес, бұл бір-бірінен ауысатын қозғалыс 
немесе жалған мәселенің шынайы мәселеге көшуі». 
«Self» термині объективті есімдікті рефлексивтіге өзгертеді (cp. 
her және herself). Рефлексивті есімдік іс-әрекет немес қызметке 
бағытталған объект пен осы іс-әрекеттің немесе қызметтің
субъектісі бір-біріне сәйкестенген ( мысалы «ол өзіне-өзі құйды»). 
Бұл мағынада «self» тұлғаның бір уақытта іс-әрекет жасап 
жатқанын және оған төзіп жүргенін білдіреді. «Self» объекті ол - 
субъект, агент деп белгіленетін іс-әрекеттердің түрлері мен 
белсенділіктердің 
түрлерінің 
алдындағы 
жұрнағы 
ретінде 
пайдаланылады. Мысалы, «self-love» өзін жақсы көру; «self-
promotion» - өзін-өзі алға жылжыту; «self-actualization» - өзін-өзі
өзектілеу. 
Өзін-өзі өзектілеу - бұл бір сәттік рахатқа бөлейтін үдеріс 
емес, бұл үздіксіз өсудің қуатты үдерісі, ауыр еңбектің аз ғана
жетістіктері. 
Ғылыми-техникалық өрлеумен, коммуникациялық 
құралдардың дамуымен, сананың жаппай ақпараттануымен 
шарттасқан қоғам дамуының жоғары қозғалысы тұлғаның 
әлеуметтенуіне жоғары талаптар қояды. Осыған байланысты, қоғам
және білім беру жүйесінің алдында білім алушылардың бойында
өмірге жағымды көзқараспен қарау қабілетін, тұлғалық мәнінің 
болуын, кез-келген қиын жағдайда немесе оқиғада өзінің тұлғалық
даралығын сақтап қалуға қабілеттілігін қалыптастыру мәселесі тұр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет