143
Коммуникативті креативтілікті диагностикалау және оны
дамыту әдістері
Болашақ мұғалімдердің креативтілігінің қалыптасқан деңгейін,
интеллектуалды дамығандығын, арнайы қабілеттері мен кәсіби
маңызды психологиялық сапасының деңгейлерін және мотива-
циялық саласын диагностикалау үшін психодиагностикалық
әдістеменің кешенді қорын талап етеді.
Диагностикада күрделі білім беру жүйесін
басқару құралын
көрсетеді, диагностикалық әдістемені шебер қолдану арқылы
диагностикалық маңызды ақпараттар негізінде өз шешімін қайта
тексеруге мүмкіндік алады.
Психодиагностикада әдістерді үлкен екі топқа бөледі: аз
нысандандырылған және жоғары нысандандырылған.
Қазіргі уақыттың жоғары білім беру жүйесіндегі психодиагнос-
тиканың негізгі қызметі оқу барысында болашақ мұғалімдердің
интеллектуалды және тұлғалық дамуындағы ерекшеліктерді,
қажетті білімдері мен кәсіби маңызды сапаларының қалыптасуына,
сонымен бірге, сол білім беру жүйесінің
сапасына берілген бағаға
бақылауды жүзеге асырады.
Креативтілік тестінің ең танымал түрінің бірі Торренстің
тесті. Оның екі нұсқасы бар – ауызша және бейнелі. Тест нәтижесі
бойынша ойлау жылдамдығы (өнімдердің сандық сипаты – ойлап
тапқан нұсқалар саны);
ойлаудың икемділігі
(әртүрлі дәрежелердің
сапалы саны, оларға әрбір жауап жатады);
ерекшелігі немесе
бірегейлігі
(зерттелінушілердің дәстүрге сай таңдауында кездесетін
сол жауаптың қайталануындағы
қарама-қарсы жиілігі, көрсеткіші)
және
жауаптың жіктелгендігі
(немесе жақсы өңделгендігі,
жауаптың сөзбен көрсетілген дәлдігі немесе керісінше, бөлшек-
терінің өте көп болуы) бағаланады.
Креативтілікіті диагностикалау үшін Гилфордтың, Торренстің
тілдік ойлау
креативтілік тесті пайдаланылады (РМК,
немесе
RAT, Медник).
Креативтілікті диагностикалау мәселесі орасан теориялық
және тәжірибелік мәні болса да, соңына дейін шешімі табылмаған
мәселе.
Диагностиканың атақты әдістері ең алдымен, Е.Торренстің
тесті, Д.Б.Богоявлинская, М.А.Холодная, Р.Стернберг және т.б.
ғалымдардың жұмыстарында үлкен сынға түскен.
Креативтілік сауалнамасы
шығармашылық
ойлау мен
шығармашылық мінез-құлықтарының сегіз түрлі
сипатына
144
арналған. Сауалнаманы толтыру аз уақытты талап етеді (10-30
минут). Әрбір бөлім (сипаттама) сабақ үстіндегі нақты бір
жағдайларды немесе ұзақ мерзімдегі бақылау тәжірибесі негізінде
сарапшының бақылауы негізінде бағаланады. Бұл сауалнама
студенттердің өзін-өзі бағалауына әрі басқа адамдардың
креативтілікке сараптамалық баға беруіне мүмкіндік береді.
«Креативтілік» тесті тұлғаның шығармашылыққа бейімділік
деңгейін анықтауға мүмкіндік береді әрі «Мен-асылмын»
деген
бейне туралы көзқарасы мен «Мен-шынайымын» деген креативті
компонентінің бейнесін рефлексиялау арқылы психологиялық
креативті пішінін құруына мүмкіндік береді. Креативтіліктің бұл
екі бейнесін «Мен-асылмын» және «Мен-шынайымын» бір-бірімен
салыстыру тұлғаның креативті қоры мен шығармашылық
белсенділігін анықтауға болады.
Сіздер сауалнаманы толтыру арқылы өздеріңіздің тұлғалық
сапаларыңызды анықтай аласыздар.
Нәтижелерді өңдеу
.
Креативтілікті диагностикалау үшін, оны «шығармашылық
әрекеттің кішігірім кескіні» деп қарау керек (П.Торренс), бұл
креативті тұлғаның жеке бағдарламасын
дамыту деңгейіне
бағдарлануға мүмкіндік береді. «Креативтілік» тестін қолдануда іс-
әрекеттің шығармашылық түрлерінде креативтілікті дамыту
үдерісін кәсіби шеберлікпен бақылау әрі жобаланған әдістемемен
бірдей алып жүру керек. Креативтілікті диагностикалау
бағдарланған барлаушылық сипатқа ие.
Креативтілікті шынайы
байқау өнімді іс-әрекет үдерісінде
пайда болады, тұлғаның
креативті белсенділігі ашылып әрі дамып жатқан сәтте өзін-өзі
түзету және психологиялық түзетулер біртіндеп жүріп жатқанда
адамның жасампаздық іс-әрекеті мен шығармашылық үдерісті
қосқанда өнімді іс-әрекеттер үдерісінде жүзеге асады.
Креативтілікті негізгі екі бағытта зерттейді. Біреуі креатив-
тілікпен
байланысты
Достарыңызбен бөлісу: