142
арқылы салды делік, ол бір ұпай алады.
Егер екі дөңгелекті
пайдаланып көзәйнек салған болса, 1 ұпай беріледі.
Жалпы нәтижелерін қортындылап,
одан кейін бес ұпайлық
көрсеткішпен стандарттау жүргізіледі.
Бірегейлігі
- бірегей, еш затқа ұқсамайтын сурет салса
солардың саны есептеледі.
Жетілдірілгендік
- қосымша толықтырылған әрі маңызды
элементтер
саны көп болса, ондай суретті бірегей деп есептейді
де, оған үш ұпай беріледі. Ұпайлар саны жинақталып, бес ұпайлық
көрсеткіште стандартталады.
Ынталанудан ассоциацияның алшақтық дәрежесінде
ынтаға
қарама-қарсы бейнелермен белгіленеді.
Қайта жасау дәрежесі
ұпаймен бағаланады, ассоциацияға қаншалықты жақын болса, ұпай
саны да соншалықты аз. Нәтижелерді стандарттау сынақ бағалары
негізінде жүзеге асады.
Эмоционалды
экспрессия
-
бейнелердің
эмоционалды
мәнерлілігі сан және сапа бойынша бағаланады. Бөлшектердің
(детальдардың)
эмоциялық мәнері мен сызықтары, түстері
ескеріледі.
Көркемдік-эстетикалық
компоненттер
-
өнертанушы-
мамандардың берген бағасы сараптамалық негіздегі жүзеге асады.
Талдау заты - композиция, мәнерлі құралдар.
Тапсырманың сыртына шығу немесе шегінен өту
(тәуелділік
және тәуелсіздік) - бұл көрсеткіш жасырын мүмкіндіктер мен
ынтаны жүзеге асырудағы біртұтас бейнедегі
алғашқы қайталанған
бірнеше пішіндердің бірігуінде бейнеленеді.
Д.Джонсонның экспресс-әдісі
Д.Джонсонның креативтілік сауалнамасы
креативтілікті
диагностикалаудың экспресс-әдісі болып табылады.
Сынақ-
тәжірибеде бұл әдістеме П.Торренс пен Д.Гильфордтың әйгілі
әрі танымал шығарамашылық ойлауды тестілеуге қосымша сапада
қолданылады. Д.Джонсонның креативтіліктің
кепілділігін бағалау
сауалнамасын Е.Е.Туник жүргізіп, оның нәтижесінен алған
мәліметтер туралы былай деп қортындылыған: «Джонсонның
креативтіліктің сауалнамасы шығармашылық көріністерге баға
берудің психодиагностикалық
құралының сапасында, қолдану
тікелей бақылауға мүмкіндік береді».
Достарыңызбен бөлісу: