келуі мүмкін. Себебі,
жар (Арындама, алдыңда жар бар)
деген
сөз бен өмір серік мағынасындағы
жар (Жар ете алмай кетіп ем
(Абай) деген екі сөздің дыбысталуы бірдей, мағыналары екі түр-
лі. Бұл сияқты жалпы қағидадан ауыткулар тілдің ішкі заңдылы-
ғына сүйенеді, сол арқылы анықталады.
Сөздердің лексикалық мағынасы
Семантика пән ретінде өзінің зерттеу объектісі етіп мағынаны
алады. Бірақ мағына түсінігі де өте кең, бірнеше бағыттағы зерт-
теуді талап ететіндігі анық. Ең алдымен, тіл элементтерінің бар-
лығы да бірдей мағынаға ие бола алады ма деген сұрауға жауап
беру керек сияқты. Себебі соңғы кезде тілдің барлық элементтері
(дыбыстар да, морфемалар да, сөздер де, сөйлемдер де) мағына-
мен байланысты болады деген пікір айтылып жүр (Гальперин
74, 42) *. Егер тіл элементтерін тольіқ талдап қарайтын болсақ,
жеке дыбыстардың мағына білдірмейтіндігін жоққа шығарып
болмайды. Сонымен бірге одағайлар бір ғана дыбыстан жасалы-
нып та мағынаға ие болатыны анық. Мысалы, —
Е, бәрекелді,
тілінің иіоғы, көңлінің оты бар ақын екен ғой...
(Ел аузынан).—
О, Омеке, шаруаңыз болса айта отырыңыз
(Ел аузынан). Келті-
рілген мысалдарымыздағы
е
мен
о
одағай сөздер (тек дыбыстар
ғана емес), адамның көңіл күйімен байланысты эмоциялық мағы-
на білдіріп тұр. Қазақ тілінде одағайлардан басқа бір дыбыстан
жасалынған
(О не зат)
сөздер де бар. Бірақ бұл типтегі мағына
білдіретін дыбыстарды жеке фонема деп санамастан, морфема
деп санайтынымызды жоғарыда айтқан болатынбыз. Сонымен
бірге қазіргі ғылыми өмірде дыбыстық символизмдерге байланыс
ты да әр түрлі пікірлер айтылып жүр. Мысалы,
А
дыбысы қара
түспен,
И
дыбысы ақ түспен, У дыбысын көкпен,
О
дыбысын жа-
сыл түспен байланыстырып, түрлі мағына телініп жүр. Бірақ бұл
мағыналар дыбыстың төл мағынасы болып саналмастан, оған
таңылған, үстеме мағына болып есептелінеді.
Дыбыстардың
мағынамен байланысы туралы сөз болғанда,
әсіресе түркологиялық еңбектерде, еліктеуіш сөздердің құрамын-
дағы дауысты дыбыстар мағынаға ықпал жасайды делінеді. «Елік-
теуіш сөздердің түбіріндегі дауысты дыбыстардың я жуан, я жі-
ңішке болуы да мағынаға эсер ететіндігі байқалады»,— дегенде
А. Ысқақов осы дауысты дыбыстарды есепке алған (Ысқақов, 64,
339) *. Егер байыптап қарайтын болсақ, еліктеуіш сөздердің құ-
рамындағы дауысты дыбыстардың ашық не қысаң болып келуі де
мағынаны ажыратады; түбір құрамында ашық дауысты Дыбыс
келетін еліктеуіш сөздер білдіретін мағына амал-әрекеттің не
дыбыстың күшті болғандығын, ал қысаң дауысты дыбысты елік-
теуіш сөздер не тез орындалған амалды, не дыбысты білдіреді
Салыстырыңыздар:
Достарыңызбен бөлісу: