кеткендігін негіз етіп алған (Бондарко 77) *.
Дегенмен әр дыбыс-
тың пайда болуында артикуляциялық база жасалынып, дыбыстау
мүшелері әрекетке түсуі керек. Мысалы, е дыбысын айтқанда
дыбыстау мүшелері толық бір қимыл жасайды. (Өкпе аясын та-
рылтады да фонациялық ауаны қолқа арқылы кеңірдекке жібе-
реді. Фонациялық ауа кеңірдек арқылы жүріп, тамақ қуысына
келеді. Ондағы дыбыс түтігіне соқтығысады — үн пайда болады.
Ауыз қуысына келген ауаны кішкене тіл жоғары көтереді де, ауыз
қуысына еркін жібереді. Тіл болса алға қарай жылжиды (ортасы
сәл көтеріледі) да, ауыз орта қалыпта ашылғандықтан, басқа
дыбыстау мүшелеріне соқтығыспай сыртқа шығады. Яғни иек
төмен түседі, езу тартылып, ерін арқаға кетеді. Сөйлеу кезінде
бұл артикуляциялық базалар толық жасалына бермеуі де мүмкін.
Екіншіден, барлық артикуляциялық база толық жасалынатын
болса, онда көп
уақытты талап еткен болар еді, дыбыстарды айт-
қан кезде дыбыстар бөлініп қалған болар еді. Сол үшін де сөйлеу
процесі кезінде артикуляциялық базалардың кейбіреулері толық
жасалынбай, жартылай жасалынып, екінші бір дыбыстың арти-
куляциясына қосылып та кетуі мүмкін. Дыбыстардың артикуля-
циясының
қаншалықты толық жасалуы, толық естілуі буын қүра-
мындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың орналасу орнына
да, екпінінің түсуіне де байланысты сияқты. Мысалы, дауысты
дыбыстардан басталатын буын (тұйық буын) құрамындағы да
уысты дыбыстың артикуляциясы толық жасалынады. Салыстыры-
ңыз:
Достарыңызбен бөлісу: