Кафедра: қаржы және құқық 5B030100 – «Құқықтану»


Сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруы қағидаты



Pdf көрінісі
бет12/55
Дата16.10.2023
өлшемі1,2 Mb.
#116299
түріПрактикум
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   55
Байланысты:
imashev kylmystyk

Сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруы қағидаты.
 
Сот төрелігі 
— соттардың заңдылықпен құқық тәртібін барынша 
нығайту мақсатымен азаматтық және қылмыстық істерді заңдарда 
белгіленген тәртіппен сот отырыстарында қарау мен шешу жолымен жүзеге 
асыратын қызметі. Сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруының 
принципі мемлекетте билікті үш тармаққа бөлу туралы конституциялық 
ережеден бастау алады, сол тармақтардың бірі — сот билігі. Сот билігінің 
мақсаты — адам мен азаматтың кұқықтарын, бостандықтарын және заңды 
мүдделерін корғау. Ол сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және 
заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады 
(Конституцияның 75-бабы). 
Сонымен, сот билігінің мақсаты — сот төрелігін жүзеге асыру. Сот 
төрелігі қылмыстық процесс саласына қатысты қылмыстық сот ісін жүргізу 
нысанында жүзеге асырылады. Демек, сот-тың сот төрелігін жүзеге асыруы 
сот төрелігі функциясын орындайтын бірден-бір орган болып табылатын 
соттың ерекше жағдайына байланысты. Мұндай функция өзге ешбір органға 


16 
берілмеген, ол сонымен бірге сот билігін іске асырудың нысаны болып 
табылады. 
Сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруы қағидатының мәні ҚПК-
тің 11-бабында егжей-тегжейлі регламенттелген. Бұл қағидат мынаны 
білдіреді: 
— сот төрелігін іске асыру — тек соттың ғана ерекше құзыреті; 
— соттың өкілеттігін кімнің болса да иемденуі заңда көзделген 
жауаптылыққа әкеп соқтырады; 
— адам жасалған қылмысқа кінәлі деп тек соттың заңға қатаң түрде 
сәйкес шығарылған айыптау үкімі негізінде ғана танылады; 
— жасалған қылмысқа кінәлі адам қылмыстық жазаға тек орындалуға 
тиісті айыптау үкімінің негізінде ғана тартылады; 
— сот төрелігін іске асыру кезінде сот қылмыстық сот ісін жүргізу 
процестің кезінде қолданылатын ережелерін басшылыққа алады; 
— сот төрелігін іске асыру жөніндегі сот өкілеттігі колданылып жүрген 
заңдармен белгіленеді және оны кеміту жағын да, ұлғайту жағын да өз 
бетіңше өзгертуге болмайды; 
- қылмыстық істерді қарау үшін қандай да болсын атпен төтенше 
немесе арнаулы соттар құрылуына жол берілмейді; 
- заңсыз құрылған төтенше немесе өзге де соттар шығаратын 
шешімдердің заңды күші болмайды және атқарылуға жатпайды; 
— соттауға жататындық туралы заңды бұза отырып шығарылған сот 
шешімдері заңсыз деп танылады және олардын күші жойылуға тиіс; 
- заңмен берілген өкілеттіктерді асыра қолдана отырып шығарылған 
сот шешімдері заңсыз деп танылады және олардың күші жойылуға тиіс; 
- қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаттарын бұза отырып шығарылған 
сот шешімдері заңсыз деп танылады және олардың күші жойылуға тиіс; 
- соттың іс бойынша шығарылған шешімін белгіленген тәртіппен тек 
тиісті соттар ғана тексеріп, қайта қарай алады. 
Осы қағидатының мазмұндық жағын қамтамасыз ететін белгілер: сот 
ісін жүргізудің барлық кезендеріне (бірінші сатыдан бастап қадағалау 
сатысына, соның ішінде апелляциялық және кассациялык сатыларға дейін) 
оның тікелей ықпал етуі; сотта өз мүдделерін қорғаушы адамның әлеуметтік 
статусына байланысты қандай да болсын субъективті факторлардан соттың 
бос болуы; сот билігінің толымдығы — сот шешімінің даусыздығы және 
оның күшін тек сот тәртібімен жою немесе өзгерту мүмкіндігі; соттың 
қылмыстық процесс жүйесіндегі басым жағдайы — бәсекелесуші тараптар 
болып табылатын қылмыстық қудалау және қорғау органдарының 
позицияларына қарамастан істі нақты шешу; қылмыстық іс бойынша сот 
төрелігін іске асырушы сот қызметіңің ерекше процестік-құқықтық режимі; 
барлық адресаттардың мүліктік, қызмет жағдайына және басқа да 
жағдайларға қарамастан сот шешімдерін орындауға міндеттілігі; қолданылып 
жүрген заңға сәйкес тергелген қылмыстық істің сот тәртібімен шешілуі заңда 
көзделген жағдайларда сот шешімін өзге органның, лауазымды немесе басқа 
адамның шешімімен ауыстыруға болмайтындығы; соттың қылмыстық іс 


17 
бойынша қолданылуға тиісті заңды конституциялық емес деп тану туралы 
Конституциялық Кеңеске ұсыныс жасау құқығы; сотқа қылмыстық ізге түсу 
органдарының заңсыз әрекеттеріне шағымдарды қарау жөнінде ерекше 
өкілеттіктер беру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет