13
Қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаттарын тұжырымдау үшін оларға
қойылатын талаптарды білу маңызды. Қандай да болсын ережелерді
қылмыстық-процестік құқығы категориясына қағидаттарың жатқызу үшін
олар мына талаптарға сай келуге тиіс:
1) олар (ережелер) анықтау, тергеу, прокуратура және сот
органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінде негізгі, бастапқы сәттерді
айқындап, олардан, өз кезегінде, жекеше-дара сипатты ережелер туындайды;
2) қағидаттарының өздерінде адамдардың ерік берілген немесе міндетті
іс-қылықтарының барлық жақтары және құқықтық норманың барлық
элементтері (гипотеза, диспозиция, санкция) тұжырымдалуға тиіс емес;
3) негіз калаушы айқындамаларға еркін мазмұн беруге болмайды,
өйткені олар қылмыстық іс жүргізу құқығының заңдылықтарымен және ішкі
логикасымен объективті түрде байланысты;
4) қағидаттар категориясына жатқызылған ережелер объективті және
субъективті негіздерді бірдей дәрежеде ұштастыруға тиіс (мазмұн
объективті, заң сөзінің нысаны субъективті);
5) қағидат ережелерінің мәніңе орнықтылық, тұрақтылық тән болуға
тиіс (құқық нормалары өзгертіледі, заңдар ауыстырылады, ал қағидаттар
сақталады);
6) өктем, әмірлі сипатта болуға тиіс;
7) қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесінде басым жағдайда болуға
тиіс.
Сонымен,
Достарыңызбен бөлісу: