Кафедра: қаржы және құқық 5B030100 – «Құқықтану»


қылмыстық процесс қағидаттары



Pdf көрінісі
бет11/55
Дата16.10.2023
өлшемі1,2 Mb.
#116299
түріПрактикум
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   55
Байланысты:
imashev kylmystyk

қылмыстық процесс қағидаттары 
— қоғамдық және 
мемлекеттік құрылыстан туындаған және қолданылып жүрген заңмен 
орнықтырылған, мемлекеттік органдар ұйымдастырылуының мәнің және 
олардың сотқа дейінгі тергеп тексеру, тергеу, қарау және нақтылай шешу 
жөніндегі қызметіңің мәнің айқындайтын бастапқы ережелер, сондай-ақ 
қылмыстық іс жүргізу қызметің мемлекет қылмыстық сот ісін жүргізушінің 
алдына қойған мақсаттар мен міндеттерге жетуге бағыттайтын ережелер. 
ҚПК 9-бабына сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізу 
қағидаттарың мәні 
мынада: оларды бұзу, оның сипаты мен мәніңе қарай, іс бойынша болған іс 
жүргізуді жарамсыз деп тануға, мұндай іс жүргізудің барысында шығарылған 
шешімдерді бұзуға не осы тұрғыда жиналған материалдарды дәлелдеу күші 
жоқ деп тануға әкеліп соқтырады. 
Сөйтіп, қағидаттар мәнінің ауқымды түсініктемесі мынадай: 
1) қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесінде қағидаттар орталық, басты 
орын алады; 
2) олар өзара тығыз және үйлесімді байланысты бастапқы, негізгі 
нормалар болып табылады; 
3) қағидаттар құкықтық нұсқамалар ретінде қалыптасады және 
нормативті сипатта болады; 
4) олар қылмыстық процестің мақсатын, оның табиғаты мен жүйесін 
түсінудің кілті болып табылады; 
5) қағидаттар іс жүргізу құқығының негізгі бағыттарын, даму 
перспективаларын айқындайды; 


14 
6) олар қолданылып жүрген заңдарды өзгерту мен толықтыруға 
байланысты ұсыныстардың негізділігін анықтау кезіндегі басты өлшемдер 
болып табылады; 
7) қағидаттар құқық қалыптастыру кызметіңде әлеуметтік бағдарлар 
функциясын атқарады; 
8) 
қағидаттар 
процесс 
нормаларының 
дұрыс 
түсіндірілуіне 
жәрдемдеседі. 
 
2. Қылмыстық процестің қағидаттарының жүйесі. 
Заңдылық қағидаты.
 
Қылмыстық процесс саласындағы заңдылық қағидаты – қылмыстық іс 
жүргізу процесіне әрбір қатысушының материалдық және іс жүргізу 
заңдарының барлық талаптарын, соның ішінде осы қызмет қағидаттарының 
формулалары бар нормаларды сақтауға міндетті екені. Заңдылық 
қағидатының мәнің терең түсіну үшін Қазақстан Республикасындағы 
құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасының ережесі ерекше 
маңызды, оған сәйкес мемлекеттік билік органдары мен лауазымды адамдар 
"заңда тікелей көзделген нәрселерге ғана рұқсат етілген" деген қағидатты 
дәйекті де катаң түрде ұстануға тиіс.
Заңда көзделген нәрселерге ғана рұқсат ету қағидаты қылмыстық 
процесктік қызметіне қатысушылардың бәріне бірдей қатысты және 
заңдылықтың басқаша айтылған қағидаты болып табылады. Рұқсат етудің 
мәні — заң нұсқамаларын орындау ғана. 
Заңдылық қағидаты Қазақстан Республикасы Конституциясының 
бірқатар баптарында баянды етілген. Мәселен, 34-бапта әркім Қазақстан 
Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға міндетті екені 
айтылған; 78-бап — Конституциямен баянды етілген адамның және 
азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұксан келтіретің заңдар мен 
өзге де нормативтік құқықтық актілер қолдануға жатпайды; 83-бап -
прокуратура құқық қатынастарына катысушылардың заңдылықты сақтауын 
қадағалау 
қызметің 
жүзеге 
асырады. 
Қазақстан 
Республикасы 
Конституциясының 
аталған 
және 
өзге 
нормаларында 
Қазақстан 
Республикасының аумағында қолданылатын заңдардың мызғымастығы 
туралы, заң нұсқамаларын құқық қатынастарына қатысушылардың бәрінің 
міндетті түрде орындауы туралы идея белгілі бір дәрежеде бар. 
Конституцияда баянды етілген заңдылық қағидаты ҚПК 10-бабының 
ережелерінде дамытылған Осы нормаға сәйкес қылмыстық сот ісін 
жүргізудегі заңдылық қағидатының мәнің құрайтын мыналар: 
— қылмыстық қудалау және сот органдарынын міндеті: 
а) Қазақстан Республикасы Конституциясының;
ә) Қылмыстық-процестік кодексінің; 
б) конституциялық заңдардың; 
в) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттардағы және өзге 
міндеттемелерінің; 
г) Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулыларының; 


15 
д) Қазакстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік 
қаулыларының; 
ж) қылмыстык сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін өзге заңдар 
ережелерінің талаптарын дәл сақтау; 
- соттардың адам мен азаматтың Конституциямен баянды етілген 
құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретің заңдарды және өзге де 
құқықтық актілерді қолдануына тыйым салынады; 
— егер сот қолдануға жататын заң немесе өзге де нормативтік 
құқықтық акт адам мен азаматтың Конституциямен баянды етілген 
құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп ұйғарса, ол іс 
бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға және сол актіңі конституциялық емес 
деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті; 
— соттың, қылмыстық қудалау органдарының қылмыстык істер 
бойынша іс жүргізу кезінде заңды бұзуына жол берілмейді; 
— сот, қылмыстық қудалау органдары қылмыстық істер бойынша 
процестің барысында заңның бұзылуына жол берген жағдайларда кінәлілер 
заңмен белгіленген жауаптылыққа тартылады; 
— заңсыз актілерді жарамсыз деп тану және олардың күшін жою.. 
Заңдылық қағидатының қос сипатты әсері бар. Бір жағынан — уәкілетті 
органдардың қызметі олардың процестің қызметіңе араласуға салынған 
тыйым, қылмыстық сот ісін жүргізуші адамдар мен органдардың заңды 
талаптарына бағынбау немесе олардың қызметіне заңсыз араласу әрекет не 
бөгет жасауға әкеліп соғатын құқықтық жауапшылық түріндегі заң күшімен 
қорғалады. Екінші жағынан — заңда қылмыстық сот ісін жүзеге асырушы 
органдар мен адамдардың заңсыз ықпал жасауының азаматтардың қорғалуын 
қамтамасыз ететін, заңсыз іс-әрекеттер мен шешімдер іс жүргізу құқық 
қатынастарына қатысушылардың конституциялық құкықтары мен заңды 
мүдделеріне шек қоятын болса, сол іс-әрекеттер мен шешімдерге сотқа 
шағым беру түріндегі кепілдіктер көзделген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет