Кафедра: қаржы және құқық 5B030100 – «Құқықтану»



Pdf көрінісі
бет13/55
Дата16.10.2023
өлшемі1,2 Mb.
#116299
түріПрактикум
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55
Байланысты:
imashev kylmystyk

Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы 
қорғау

Берілген 
қағидат 
алғаш 
рет 
Қазақстан 
Республикасының 
Конституциясымен белгіленген, онда былай делінген: "Әркімнің өз 
құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар" (13-
бап). 
Конституцияның жоғарыда келтірілген ережелері Қылмыстық-
процестік кодексінің 12-бабында берілген, сондай-ақ мемлекет заңда 
белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша жәбірленушіге сот әділдігіне қол 
жеткізуін және келтірілген залалдың өтелуін қамтамасыз ететінін айтып, сол 
ережелерді дамыта түскен. 
Қазақстан аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ 
басқа елдің азаматтығы бар шетелдіктердің құқықтары мен бостандықтарына 
Қазақстан аумағында қысым жасалған болса, олар өз құқыктары мен 
бостандықтарын қорғауды сұрай алады.. 
Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы 
қорғау құкығы қылмыстық сот ісін жүргізудің ресмилілігімен қамтамасыз 
етіледі. Қылмыстық процестің ресмилілігі мынада: прокурор, тергеуші және 
анықтаушы органдар мемлекеттің, қоғамның мүдделерін, жекеше адамның 
құкықтары мен заңды мүдделерін корғау мақсатында, арыз бойынша сотқа 
дейінгі тергеп тексеруді бастау және қылмыс оқиғаларын, оны жасауға кінәлі 
адамдарды анықтау және оларды өзге мақсаттар көздейтіңдердің еркі мен 
тілегіне қарамастан жазалау үшін заңда көзделген барлық шараларды 
қолдануға міндетті. Сот істі нақтылай шешуге тиіс. 
Сотпен қорғау қағидатының құрамдас белігі — заңда көзделген 
соттылықтың өзгертілмейтіндігі. Бұдан бұрын атап көрсетілгеніндей, бұл 
ереже Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабында баянды 
етіліп, былайша тұжырымдалған: "өзіне заңмен көзделген соттылығын оның 
келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды". 
Бұл ереже процестің құқығында қағидатты ереже ретінде тұңғыш рет 
орнықтырылған. Соттылық — бірінші инстанция бойынша қаралуға тиісті 
істерді соттар арасында бөлу, яғни сол істі шешуге тиіс нақты сотты белгілеу. 
Баскаша айтқанда, соттылық тиісті сот ұғымымен байланысты. Істі тиісті 
сотта қарау – қабылданған шешімнің заңдылығы мен негізділігі кепілдерінің 
бірі. 
Жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу. 
Берілген қағидат қылмыстық іс өндірісі кезінде қылмыстық сот 
өндірісінің органдарына тиым салынады: 
- жеке адамның абыройын түсіретін және қадір-қасиетін кемітетін 
шешімдер қабылдауға және іс әрекеттер жүргізуге; 


18 
- адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді, сонымен бірдей адам құпия 
сақтау қажет деп санайтын жеке сипаттағы мәліметтерді жинауға, 
пайдалануға және таратуға жол берілмейді. 
Жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу қағидаттарының 
белгілері: 
- қылмыстық процесті жүргізуші органдардың заңсыз әрекеттерімен 
адамға келтірілген зиян тек моральдык сипатта болуы мүмкін (материалдық 
сипаттағы зиян, мысалы, адамның жекеше басына тиіспеушілік қағидаты 
бұзылған кезде орын алуы мүмкін); 
— адамның жекеше өмірі туралы мәліметтерді жинау, пайдалану және 
тарату оның келісімімен жүзеге асырылатын, не белгілі бір бейне жасауға 
байланысты оның мақсатты іс-қимыл бағдарламасының элементі болып 
табылатын жағдайларды қағидат бұзылды деп саналмайды; 
— адамның жекеше өмірі туралы мәліметтерді жинау, пайдалану және 
тарату оның жақсы атына зиян келтіруі және оның конституциялық 
құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуы кезінде кедергі жасауы 
мүмкін Кез келген жағдайда немесе заңда жекеше құпия болып табылатын 
мәліметтерді жария еткені үшін жауаптылық көзделсе (мысалы, асырап алу 
құпиясын асырап алушының немесе асырап алынған баланың еркіне 
қарамастан жария етуді жекеше адамның абыройы мен қадір-қасиетің 
құрметтеу қағидатын бұзу деп санау қажет) қағидат бұзылды деп саналады; 
—қылмыстық процесті жүзеге асырушы органдардың қызметі 
қылмыстық сот ісін жүргізуге қамтылған адамның абыройы мен қадір-
қасиетің құрметтеу қағидатын қамтамасыз етуге, сондай-ақ бұл қағидатты 
сол адамның туыстары мен жақындары жөнінде қамтамасыз етуге (мысалы, 
айыпталушы балаларының, зайыбының, ата-анасының және т.б. жекеше 
өмірі туралы мәліметтердің таратылуын жекеше адамнын абыройы мен 
қадір-қасиетің құрметтеу кағидатын бұзу деп санау керек) бағытталған; 
— ақтау негіздемесі бойынша қылмыстық ізге тусудің тоқтатылуын 
қаралып отырған қағидатты бұзу деп түсіну қажет, оның құқықтық салдары 
келтірілген моральдық зиян үшін сөзсіз өтем төлеу болып табылады.. 
Бұл қағидат негізіне Конституцияның 34-бабы алынған, онда былай 
делінген: "Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және 
заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, 
абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті". Бұл негіз адамның қадір-
қасиетіңе қол сұғылмайтыны туралы Конституцияның басқа қағидасымен 
(17-бап) күшейтіле түскең Қол сұғылмастық және құрметтеу ұғымы бірін-бірі 
өзара толыктырады және оларды құқықпен қамтамасыз ету құралдарымен 
байланысты. Құрметтеу қол сұкпаушылықтан көрініс табады және керісінше 
— қол сұқпаушылықты сақтау құрмет сөзімін білдіру әдістерінің бірі болып 
табылады. Сонымен бірге абырой мен қадір-қасиетті құрметтеу қағидатының 
мәні мұнымен шектелмейді.. 
Адамның жеке басына тиіспеушілік.


19 
ҚР Конституциясымен белгіленген азаматтардың жеке бас 
бостандығының кепілдігі өзінің ерекше мәнін қылмыстық сот өндірісі 
облысынан да алып отыр. 
Жеке асына тиіспеушілік өзімен азаматтардың жекеше бостандығының 
қорғалуын талап ететінін көрсетеді: «Әркімнің жекеше басының 
бостандығына құқығы бар». Адамның жекеше басының бостандығына 
конституциялық құқығы оның жекеше басына тиіспеушілікпен тікелей 
байланысты. Конституцияның 16 және 17-баптарынан мыналар туындайды: 
— әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар; 
- тұтқындауға және қамауда ұстауға тек қылмыстық ізге түсуге 
байланысты ғана жол беріледі; 
— тұтқындалған және қамауда ұсталған адам бұл әрекеттерге сотқа 
шағымдануға құқылы; 
- жеке басының бостандығына өз құқығын қорғау кезінде адам 
ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған сәттен бастап адвокаттың 
(қорғаушының) көмегін пайдалана алады; 
— ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай 
қатыгездік немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не 
жазалауға болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет