Кафедра: қаржы және құқық 5B030100 – «Құқықтану»


Тақырыбы №13 Тергеу әрекеттері кезіндегі процессуалдық актілер



Pdf көрінісі
бет48/55
Дата16.10.2023
өлшемі1,2 Mb.
#116299
түріПрактикум
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   55
Байланысты:
imashev kylmystyk

 
Тақырыбы №13 Тергеу әрекеттері кезіндегі процессуалдық актілер 
1. Тергеушi тергеу iс-әрекеттерiне қатысуға заңдарда белгiленген 
адамдарды тарта отырып, олардың жеке басын анықтайды, оларға құқықтары 
мен мiндеттерiн, сондай-ақ тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзудiң тәртібін 
түсiндiредi.
2. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларды қоспағанда, тергеу iсiн 
түнгi уақытта жүргiзуге жол берiлмейдi.
3. Тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде техникалық құралдар қолданылуы 
және қылмыс iздерi мен заттай дәлелдердi анықтаудың, бекіту мен алудың 
ғылыми негiзделген әдiстерi қолданылуы мүмкiн.
4. Тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде күш қолдануға, қорқытуға және 
өзге де заңсыз шараларды қолдануға, сонымен қатар оған қатысушы 
адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп туғызуға жол берiлмейдi.
5. Тергеушi тергеу iс-әрекеттерiне қатысуға анықтау органының 
қызметкерiн тартуға құқылы. 
6. Осы Кодекстің 233-бабы үшінші бөлігінің 2) тармақшасында 
көзделген жағдайларды қоспағанда, 222-бабының он екінші және он үшінші 
бөліктерінде, 230, 233-баптарында көзделген тергеу іс-әрекеттерін жүргізген 
кезде куәгерлерді тарту міндетті болады. 
Қалған тергеу іс-әрекеттері куәгерлердің қатысуынсыз, бірақ барысы 
мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдар міндетті түрде 
қолданыла отырып жүргізіледі. 
Барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдар қолдану 
тәртібін Қазақстан Республикасының Бас прокуроры тиісті мемлекеттік 
органдармен келісе отырып айқындайды. 
Тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасы
1. Тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасы тергеу iс-әрекетiн жүргiзу барысында 
немесе ол аяқталғаннан кейiн бiрден жасалады.
2. Хаттама қолмен жазылуы, машинка жазбасы не компьютер арқылы 
жасалуы мүмкiн. Хаттаманың толық болуын қамтамасыз ету үшiн 
стенографиялау, киноға түсiру, дыбыс және бейнежазба қолданылуы мүмкiн. 
Стенографиялық жазба, дыбыс және бейнежазба материалдары iспен бiрге 
сақталады.
3. Хаттамада: тергеу iс-әрекетiн жүргiзу орны мен күнi; оның басталу 
және аяқталу уақыты минутына дейiн дәл; тергеушiнiң лауазымы мен аты-
жөнi; тергеу iс-әрекетiне қатысқан әрбiр адамның тегi, аты, әкесiнiң аты, ал 
қажет болған жағдайда оның мекен-жайы көрсетiледi. Хаттамада iс жүргiзу 
әрекеттерi олардың болған ретiмен, оларды жүргiзу барысында iс үшiн мәнi 


67 
бар анықталған жағдайлар, сондай-ақ тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге қатысқан 
адамдардың мәлiмдемелерi жазылады.
4. Егер тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде фотосуретке түсiру, киноға 
түсiру, дыбыс және бейнежазба қолданылса не iздiң көшiрме бедерi мен 
таңбасы жасалса, сызбалар, схемалар, жоспарлар жасалса, онда хаттамада 
оны жүргiзу барысында қолданылған ғылыми-техникалық құралдар, оларды 
пайдалану жағдайлары мен тәртібі, бұл құралдар қолданылған объектiлер 
және алынған нәтижелер көрсетiлуге тиiс. Хаттамада бұған қоса ғылыми-
техникалық құралдарды қолданудың алдында бұл туралы тергеу iс-әрекетiн 
жүргiзуге қатысқан адамдардың хабардар етiлгенi көрсетiлуге тиiс.
5. Танысу үшiн хаттама тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге қатысқан барлық 
адамдарға ұсынылады. Оларға хаттамаға енгiзiлуге тиiс ескертпе жасау 
құқығы 
түсiндiрiледi. 
Хаттамаға 
енгiзiлген 
барлық 
ескертпелер, 
толықтырулар, түзетулер көрсетiлуге және олар осы адамдардың қол 
қоюымен куәландырылуға тиiс.
6. Хаттамаға тергеушi, жауап алынған адам, аудармашы, маман, 
куәгерлер және тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге қатысқан барлық адамдар қол 
қояды. Тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасына қол қоюдан бас тартылған немесе 
қол қою мүмкiн болмаған жағдайда бұл фактiнi куәландыру осы Кодекстiң 
126-бабының сегiзiншi және оныншы бөлiктерiне сәйкес жүргiзiледi.
7. Хаттамаға тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде орындалған 
фотографиялық негативтер мен суреттер, кинотаспалар, диапозитивтер, 
фонограммалар, бейнежазба кассеталары, сызбалар, жоспарлар, схемалар, 
iздiң көшiрме бедерлерi мен таңбалары қоса тiркеледi.
8. Егер тергеу iс-әрекетiн жүргiзу барысында маман зерттеу нәтижелерi 
бойынша ресми құжат жасаса, онда бұл құжат хаттамаға қоса тiркеледi, ол 
туралы хаттамаға тиiстi жазу жазылады.
9. Жәбiрленушiнiң, оның өкiлiнiң, куәнiң және олардың жақындарының 
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қажет деп санауға негiздер болған кезде 
тергеушi аталған адамдар қатысып отырған тергеу iс-әрекетi хаттамасында 
олардың жеке басы туралы деректердi жазбауға құқылы. Бұл жағдайда 
тергеушi жеке басы туралы деректердi құпия сақтау туралы қабылданған 
шешiмнiң себептерi жазылған, олардың бүркеншiк аттары көрсетiлген және 
ол қатысқан тергеу iс-әрекетiнiң хаттамаларында ол қолданатын қол қоюдың 
үлгiлерi келтiрiлген қаулыны шығаруға мiндеттi. Қаулы бұдан әрі 
қылмыстық істі тергеген органда сақталатын конвертке салынып, 
желiмделедi, оның iшіндегілермен тергеушiден басқа прокурор және сот 
таныса алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет