Тақырыбы №14 Анықтау және алдын ала тергеуді аяқтаудың
процессуалдық актілері
Дәріс сабағында қарастырылуға жататын сұрақтар:
1. Алдын ала тергеудiң аяқталуы
2. Алдын ала тергеу айыптау қорытындысын жасау не қылмыстық iстi
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн сотқа жiберу
туралы қаулы, не қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы шығарумен
аяқталады.
Айыпталушы ретiнде жауапқа тарту
1. Қылмыс жасады деп айыптау үшiн негiз беретiн жеткiлiктi
дәлелдемелер болған кезде тергеушi адамды айыпталушы ретiнде жауапқа
тарту туралы дәлелдi қаулы шығарады.
2. Тергеушi айыпталушыға айып тағылған күн туралы хабарлайды және
сонымен бiр мезгiлде оған қорғаушыны шақыру не тергеушiден
қорғаушының қатысуын қамтамасыз ету туралы өтiну құқығы түсiндiрiледi.
3. Осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес айып тағу кезiнде қорғаушының
қатысуы мiндеттi болып табылатын iстер бойынша тергеушi, егер
қорғаушыны айыпталушының өзi, оның заңды өкiлi не оның тапсырмасы
71
немесе келісімi бойынша басқа адамдар шақырмаса, қорғаушының келуiн
қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолданады.
Айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулы
1. Айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулыда мыналар
көрсетiлуге тиiс:
1) оның жасалған уақыты мен орны; қаулыны кiм жасаған;
айыпталушы ретiнде жауапқа тартылатын адамның тегi, аты мен әкесiнiң
аты, оның туған күнi, айы, жылы және жерi;
2) айыпталушы айыпталып отырған қылмыстың оның жасалған
уақыты, орны көрсетiлген сипаттамасы, сондай-ақ осы Кодекстiң 117-бабына
сәйкес дәлелденуге тиiстi өзге де жағдайлардың сипаттамасы; 3) аталған
қылмыс үшiн жауаптылықты көздейтiн қылмыстық заң (бап, бөлiк, тармақ).
2. Бiрнеше қылмыс бойынша айыпталған кездегi айыпталушы ретiнде
жауапқа тарту туралы қаулыда қылмыстық заңның әрбiр бабы (бөлiктер,
тармақтар) бойынша айыпталушыға қандай нақты iс-әрекеттер танылатыны
көрсетiлуге тиiс.
3. Қаулыда адамды тергелiп отырған iс бойынша айыпталушы ретiнде
жауапқа тарту туралы шешiм болуға тиiс.
4. Айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулының көшiрмесi ол
шығарылғаннан кейiн жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жiберiледi.
Қылмыстық iстi қысқарту
1. Қылмыстық iс осы Кодекстiң 37,38-баптарында көзделген негiздер
бойынша қылмыстық процестi жүргiзушi орган қысқартады.
2. Қылмыстық iс қысқартылғанға дейiн сезiктiге, айыпталушыға
қысқартылу негiзi мен осы негiздер бойынша қысқартылуға қарсылығын
мәлiмдеу құқығы түсiндiрiледi.
3. Қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулының күшi жойылған
жағдайда iс бойынша iс жүргiзу қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзiмiнiң
ескіруi шегiнде жаңартылады.
4. Қылмыстық iстiң қысқартылғандығы туралы және iс бойынша iс
жүргiзудiң жаңартылғандығы туралы сезiктiге, айыпталушыға, қорғаушыға,
сондай-ақ жәбiрленушiге, оның өкiлiне, азаматтық талапкерге, азаматтық
жауапкерге немесе олардың өкiлiне өтiнiштерi бойынша iс қозғалған жеке
және заңды тұлғаларға жазбаша хабарланады. Қылмыстық iзге түсу органы
шығарған қылмыстық iстi қысқарту туралы және iс бойынша iс жүргiзудi
жаңарту туралы қаулының көшiрмелерi жиырма төрт сағаттың iшiнде
прокурорға жолданады.
Күдіктіге немесе айыпталушыға қатысты қылмыстық қудалауды
тоқтату тәртiбi
1. Күдіктіге немесе айыпталушыға қатысты қылмыстық қудалау осы
Кодекстiң 37-бабының бiрiншi бөлiгiнде, 38-бабының бiрiншi бөлiгiнде
аталған негiздер бойынша тоқтатылады.
2. Қылмыстық қудалауды тоқтатуды осы Кодекстiң 128-бабында
белгiленген қағидаларды сақтап, дәлелдемелердi бағалағаннан кейiн
72
қылмыстық процестi жүргiзушi орган жүзеге асырады.
3. Күдіктiге немесе айыпталушыға қатысты қылмыстық қудалау
тоқтатылған жағдайда iс жүргiзу осы Кодекстiң 50-бабында көзделген
негiздер бойынша жалғастырылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкiн.
4. Қылмыстық қудалауды тоқтату туралы шешiм күдіктіге немесе
айыпталушыға қатысты ғана қабылдана алады. Осы қылмыстық iс бойынша
күдікті немесе айыпталушы деп танылмаған адамдарға қатысты қылмыстық
iстi қозғаудан бас тарту туралы шешiм қабылдануы мүмкiн.
Іс жүргiзуді болдырмайтын жағдайлар
1. Қылмыстық iс қозғауға болмайтын, ал қозғалған қылмыстық iс
тоқтатылуға тиiс жағдайлар:
1) қылмыс оқиғасы болмауы;
2) әрекетте қылмыс құрамының болмауы;
3) егер ол жасаған әрекет үшiн жаза қолдануды жойса, рақымшылық
ету актiсiнiң салдары;
4) мерзiмiнiң ескіруiне байланысты;
5) осы Кодекстiң 33-бабының екiншi бөлiгiнде және 34-бабының екiншi
бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 33-бабының
бiрiншi бөлiгiнде және 34-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген қылмыстар
туралы iстер бойынша жәбiрленушi шағымының болмауы;
6) жеке айыптаушының - осы Кодекстiң 33-бабының екiншi бөлiгiнде
көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген
қылмыстар туралы iстер бойынша айыптаудан бас тартуы;
7) өзi туралы белгiлi бiр айыптау бойынша соттың заңды күшiне енген
үкімі не қылмыстық iзге түсудiң мүмкiн еместiгiн белгiлейтiн соттың күшiн
жоймаған қаулысы бар адамға қатысты;
8) белгiлi бiр айыптау бойынша қылмыстық iзге түсу органының
қылмыстық iзге түсуден бас тарту туралы күшiн жоймаған қаулысы бар
адамға қатысты;
9) қылмыстық iс қозғау оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шараларын қолдану үшiн қажет жағдайларды қоспағанда, қылмыстық заңмен
тыйым салынған әрекеттi есi кiресiлi-шығасылы жағдайда жасаған адамға
қатысты;
10) артықшылықтары немесе қылмыстық қудалауға қарсы иммунитетi
бар адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға уәкiлеттi органның немесе
лауазымды тұлғаның келiсiм беруден бас тартуына байланысты;
11) iс бойынша iс жүргiзу қайтыс болған адамды ақтау немесе iстi
басқа адамдарға қатысты тергеу үшiн қажет жағдайларды қоспағанда, қайтыс
болған адамға қатысты;
12) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң ережелерiне
байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататын адамға
қатысты.
2. Қылмыстық iс қылмысты оқиғаның жоқтығы немесе қылмыс құрамы
жоқтығы дәлелденген кезде де, егер қосымша дәлелдер жинау үшiн барлық
73
мүмкiндiктер сарқылса, олардың бар екендiгi дәлелденбеген кезде де осы
баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1 және 2-тармақтарында көзделген негiздер
бойынша қысқартылады.
3. Қылмыстық iс айыпталушының (сезiктiнiң) зиян келтiруi заңды
болып
табылатын
не
әрекеттi
айыпталушы
(сезiктi)
Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес оның қылмыстылығы мен
қылмыстық
жауаптылығын
жоққа
шығаратын
жағдаятта
жасаған
жағдайларда осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2-тармағында көзделген негiздер
бойынша қысқартылуға тиiс.
4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 3, 4 және 11-тармақтарында
көрсетiлген негiздер бойынша қылмыстық істі қозғаудан бас тартуға не
қылмыстық істі тоқтатуға, егер өтініш беруші ол адамды қылмыс жасаған
адам ретінде тікелей көрсетсе, күдікті, айыпталушы, сондай-ақ сотталушы
немесе оның заңды өкілдері бұған қарсылық бiлдiрсе де, жол берiлмейдi. Бұл
жағдайда iс жүргiзу жалғастырылады және оған негiздер болған кезде
сотталған адамды жазадан босату арқылы айыптау үкiмiнiң қаулысымен
аяқталады.
Осы баптың бірінші бөлігінің 3, 4, 9, 10 және 11-тармақтарында аталған
негіздер бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы не қылмыстық
істі тоқтату туралы шешім қабылдау үшін қылмыс жасаудан зардап шеккен
адамның немесе жәбірленушінің келісімі талап етілмейді.
Қылмыстық істі тоқтату бір мезгілде қылмыстық қудалауды тоқтатуға
әкеп соғады.
4-1. Әрекет жасаған сәтте заңға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа
тарту мүмкін болатын жасқа толмаған адамға қатысты қылмыстық iстi
қозғаудан бас тарту туралы не қылмыстық iстi тоқтату туралы шешiм осы
баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2-тармағында аталған негiз бойынша қабылдануға
тиiс. Әрекет жасаған сәтте заңға сәйкес қылмыстық жауапқа тартылатын
жасқа жетсе де, психикалық науқаспен байланысты емес психикалық дамуы
жағынан артта қалуы салдарынан өз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс
жүзiндегi сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгiн толығымен түйсіне алмаған және
оларды игере алмаған, кәмелетке толмаған адамға қатысты қылмыстық iс
қозғаудан бас тарту не қылмыстық iстi тоқтату туралы шешiм дәл осы негiз
бойынша қабылдануы тиiс.
5. Қылмыстық iзге түсу органы қылмыстық iзге түсудi жоққа
шығаратын жағдайды байқағаннан кейiн сотқа дейiнгi iс жүргiзудiң кез
келген сатысында қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы немесе
қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы шығарады. Прокурор iстi соттың
басты талқылауында қарау басталғанға дейiн оны соттан керi қайтарып алуға
және осы бапта көзделген негiздер бойынша қысқартуға да құқылы.
6. Сотта қылмыстық iзге түсудi жоққа шығаратын мән-жайды байқаған
мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тарту туралы мәлiмдеуге мiндеттi.
Мемлекеттік айыптаушының айыптаудан бас тарту туралы мәлiмдемесi, егер
жеке айыптаушы айыптауды қолдауын жалғастырса, қылмыстық iстi
қараудың жалғастырылуына кедергi келтiрмейдi.
74
7. Қылмыстық iзге түсуді жоққа шығаратын мән-жайларды байқаған
сот қылмыстық iстi қысқарту туралы мәселенi шешуге мiндеттi.
8. Қылмыстық қудалау органдары және соттар қылмыстық іс
тоқтатылған не қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған кезде адамның іс-
әрекеттерінде әкімшілік немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
белгілері болғанда он күн ішінде құзыретті органдарға әкімшілік немесе
тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін материалдар
жіберуге міндетті.
Қылмыстық iзге түсудi жүзеге асырмауға мүмкiндiк беретiн мән-
жайлар
1. Сот, прокурор, сондай-ақ прокурордың келiсiмiмен тергеушi немесе
анықтау органы тиiстi мән-жайлар болған кезде өз құзыреті шегінде
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 65, 66-баптарында, 67-
бабының екінші бөлігінде және 68-бабында, сондай-ақ 373, 375 - 378, 381-
баптарының ескертулерінде көзделген жағдайларда адамды қылмыстық
жауаптылықтан босата отырып, қылмыстық іс қозғаудан бас тартуға не
қылмыстық iстi тоқтатуға құқылы. Мұндай жағдайларда сот қылмыстық
жауаптылықтан босата отырып, айыптау үкiмiн шығаруға да құқылы.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67-бабының үшінші
бөлігінде көзделген жағдайларда сот кәмелетке толмаған баланың
жәбірленушімен татуласуына байланысты оны қылмыстық жауаптылықтан
босата отырып, қылмыстық істі тоқтатуға құқылы.
2. Сотта қылмыстық iзге түсудi жүзеге асырмауға мүмкiндiк беретiн
жағдайларды байқаған мемлекеттік айыптаушы айыпталушының қылмыстық
iзiне түсуден бас тартуды мәлiмдеуге құқылы. Мемлекеттік айыптаушы
мәлiмдеген қылмыстық iзге түсуден бас тарту жеке айыптаушыға қылмыстық
iстiң материалдарын пайдалана отырып, айыпталушының қылмыстық iзiне
түсудi жалғастыруына кедергi келтiрмейдi.
3. Қылмыстық iс қысқартылғанға дейiн айыпталушыға (сезiктiге) iстi
қысқартудың негiзi мен осы негiз бойынша оны қысқартуға қарсылық бiлдiру
құқығы түсiндiрiлуге тиiс.
4. Қылмыстық iстiң қысқартылғандығы туралы жәбірленушіге және
оның өкіліне хабарланады, олар қылмыстық процестi жүргiзушi органның
қаулысына жоғары тұрған сотқа немесе жоғары тұрған прокурорға
шағымдануға құқылы.
5. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiздер бойынша
қылмыстық iстi қысқартуға, егер сезiктi, айыпталушы немесе жәбiрленушi
оған қарсылық бiлдiрсе, жол берiлмейдi. Мұндай жағдайда iс бойынша iс
жүргiзу әдеттегi тәртiппен жалғастырылады.
|