Кафедра: қаржы және құқық 5B030100 – «Құқықтану»



Pdf көрінісі
бет49/55
Дата16.10.2023
өлшемі1,2 Mb.
#116299
түріПрактикум
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   55
Байланысты:
imashev kylmystyk

 
 
 
Тінту және алу
Қылмыскерлер жасаған қылмыстарының іздерін жасыруға әртүрлі 
әрекеттер жасап, қылмыстың ізін суытып, айғақ заттарды тығып қоюға 
тырысады. Құқық қорғау қызметкерлерінің, оның ішінде тергеушілердің 


68 
басты міндетіне осы қылмысты ашуға қажетті дәлелдемелрді, айғақ заттарды 
тез арада ізін суытпай тауып алу жатады. Жоғарыда келтірілген заттық 
дәлелдемелрді тез арада тауып алу және осының нәтижесінде қылмыстың ізін 
суытпай ашуға көмек көрсететін тергеулік әрекеттердің біріне тінту жатады. 
Тінту дегеніміз іске маңызы бар заттарды тауып алу мақсатында үй-
жайды, қора-ауланы, көлік құралдарын және бөлек тұлғаларды еріксіз түрде 
қарауға, сондай-ақ тергеуден бой тасалап жүргендер мен мәйіттерді табуға 
бағытталған тергеу әрекеті. 
Тінтудің заңдылық кепілдіктері: 
– тінтудің дәлелділігі, яғни оны жүргізуге негіз жеткілікті; 
– қарау әрекетін криминалистикалық талаптар мен адамгершілік 
қағидаларына толық сәйкестікпен жүргізу; 
– тінту нәтижелері мен барысын процессуалдық және тактикалық 
талаптарды сақтай отырып толтыру. 
Тінту жүргізудің сатылары: алдын-ала, шолушылық, егжей-тегжейлік, 
соңғы. 
Тінту жүргізу кезінде негативтік жағдайларға да көңіл аудару қажет 
(өмір сүру ерекшеліктері мен тінтілушінің жүріс-тұрысына). Оларға 
жататындар: 
– әдеттегі сұраныстан асып түскен заттардың саны; 
– тінтілушінің жеке басының қасиеттеріне табылған заттардың 
сәйкес келмеуі; 
– табылған заттардың әдеттен тыс сақталуы (құпиялы жерде, басқа 
зат түрімен бүркемеленген); 
– бөлек заттардың әдеттен өзгеше қасиеті, олардың белгісіз 
мақсаты; 
– қараудағы заттар жөнінде тінтілуші берген түсініктердің күмән 
туғызуы (қасиеттері, шығу тегі, сатып алу уақыты жайлы және т.б.); 
– мүдделі тұлғалардың затты тығуға немесе жоюға әрекет жасауы, 
тергеуші назарын басқа жаққа аударуы, қандай да бір затты қарау барысында 
ерекше қызбалық таныту және т.б. 
Тінту барысында қолданылатын ғылыми-техникалық құралдар: 
– металл заттар мен қорытпаларды табу үшін пайдаланылатын 
магниттік іздегіш-көтергіштер; 
– іздеудегі объектілер дірілі мен шуын айқындау үшін 
қолданылатын акустикалық анализаторлар, стетоскоптар; 
– жарылғыш, наркотик заттарды, адамдарды табу үшін 
қолданылатын газды анализаторлар; 
– температурасы қоршаған ортадан бөлек болатын объектілерді 
(адам, жануар) табу мақсатында қолданылатын инфрақызыл детекторлар, 
тепловизорлар; 
– қабырға, заттарды зерттеу үшін қолданылатын рентген 
құрылғылары; 
– көрінбейтін жасырын бөгеттерді іздеу үшін пайдаланылатын 
телевизиондық құрылғылар; 


69 
– ультрадыбыстық дефектоскоптар, бос жерлерді анықтаушылар, 
радиотолқындық аспаптар және басқалар. 
Осы тергеу әрекетінің соңғы сатысы – жүргізу барысы мен оның 
нәтижелерін бекіту. 
Негізгі және қажетті бекіту құралы ретінде тінту хаттамасын толтыру 
жүреді. Тінту барысы мен оның нәтижелерін бекітудің қосымша құралы 
ретінде жоспар, сұлба, сызба, фотоға түсіру және бейне жазу жүреді. 
Кейінгісі құпиялы жерлер мен бүркемеленген объектілердің сақтау орны 
табылған кезде қоданылса көп нәтиже береді. 
Алу дегеніміз іске қатысы бар заттарды немесе құжаттарды қандай да 
бір адамнан немесе мекемеден талап ету арқылы алуға бағытталған тергеу 
әрекеті. Аталмыш тергеу әрекеті заттар мен басқа да объектілердің біреуде 
тығылып жатқан орны нақты түрде белгілі болған кезде жүргізіледі. 
Алудың тінту әрекетінен айырмашылығы, бұл жерде алынған 
заттардың өзі және жатқан орны белгілі болғандықтан, тінтудегідей іздеу 
процесінің элементтері жоқ. Сонымен қатар егер тінту әрекетін жүргізу үшін 
қылмыстық іс жүргізу заңы прокурордың санкциясын қажет етсе, алуды 
жүргізу үшін тергеуші немесе анықтама жүргізуші тұлғаның дәлелді 
қаулысы жеткілікті. 
Жауап алу хаттамасы
1. Жауап алудың барысы мен нәтижелерi осы Кодекстiң 203-бабының 
талаптарын сақтай отырып жасалған хаттамада көрсетiледi. Айғақтар бiрiншi 
жақтан және мүмкiндiгiнше сөзбе-сөз жазылады. Ондағы сұрақтар мен 
жауаптар жауап алу кезіндегі ретi бойынша жазылады. Хаттамада жауап 
алуға қатысқан адамдардың тергеушi қабылдамаған сұрақтары да немесе 
жауап алынып отырған адам жауап беруден бас тартқан сұрақтар да, оларды 
қабылдамаудың немесе олардан бас тартудың себептерi көрсетiле отырып, 
көрiнiс табуға тиiс.
2. Бiрiншi жауап алу хаттамасында жауап алынып отырған адамның 
жеке басы туралы деректер, соның iшiнде: тегi, аты, әкесiнiң аты, туған 
уақыты мен жерi, азаматтығы, ұлты, білімi, отбасылық жағдайы, жұмыс 
орны, жұмысының түрi немесе лауазымы, тұратын жерi, сондай-ақ iстiң мән-
жайы бойынша қажет болатын басқа мәлiметтер көрсетiледi. Сезiктiден, 
айыпталушыдан жауап алу хаттамасында бұрын сотталғаны немесе 
сотталмағаны туралы көрсетiледi. Бұдан кейiнгi жауап алуларда жауап 
алынып отырған адамның жеке басы туралы деректердi, егер олар өзгермеген 
болса, оның аты-жөнiн көрсетумен шектеуге болады.
3. Заттай дәлелдер мен құжаттарды көрсету, хаттамаларды жариялау 
және тергеу iс-әрекеттерiнiң дыбыс және бейнежазбаларын, киноға 
түсiрiлуiн, сондай-ақ осыған байланысты жауап алынушы берген айғақтарды 
көрсету мiндеттi түрде хаттамада жазылуға тиiс.
4. Жауап алынып отырған адам тергеу iс-әрекетi барысында схемалар, 
сызбалар, суреттер, диаграммалар жасай алады, олар хаттамаға қоса тiгiлiп, 
хаттамада ол туралы белгi қойылады.
5. Еркiн баяндаудан кейiн жауап алынып отырған адам айғақтарын өз 


70 
қолымен жазуға құқылы. Жауап алынатын адам өз қолымен жазып, оған қол 
қойғаннан кейiн тергеушi толықтыратын және нақтылайтын сұрақтар қоя 
алады.
6. Жауап алу аяқталғаннан кейiн хаттама оқып шығу үшiн жауап 
алынып отырған адамға ұсынылады не оның өтiнiшi бойынша дауыстап 
оқылады. Жауап алынып отырған адамның хаттамаға толықтыру мен 
нақтылау енгізу туралы талабы мiндеттi түрде орындалуға тиіс.
7. Айғақтармен таныстыру фактiсi және олардың дұрыс жазылғанын 
жауап алынып отырған адам хаттаманың соңында өз қолын қою арқылы 
куәландырады. Жауап алынып отырған адам сонымен қатар хаттаманың 
әрбiр бетiне қол қояды. Жауап алынып отырған адам хаттамаға қол қоюдан 
бас тартқан жағдайда тергеушi бас тарту себептерiн анықтайды, оларды 
хаттамаға енгiзедi және хаттаманы өзi қол қойып куәландырады.
8. Егер жауап алынып отырған адам тән кемiстiгiне немесе өзге 
себептерге байланысты хаттамаға өзi қол қоя алмайтын болса, оның өтiнiшi 
бойынша хаттамаға қорғаушы, жауап алынып отырған адам сенетiн өкiл 
немесе өзге адам қол қояды, бұл туралы хаттамада белгi жасалады.
9. Егер жауап алуға аудармашы қатысса, онда ол да хаттаманың әрбiр 
бетiне және тұтас хаттамаға қол қояды. Ол жауап алынатын адамның өз 
қолымен жазған айғақтарының аудармасына да қол қояды.
10. Хаттамада жауап алуға қатысқан барлық адам көрсетiледi. Олардың 
әрқайсысы хаттамаға қол қоюға тиiс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет