64
2) жеке айыптау iсi қаралатын жағдайларды қоспағанда, бiр-бiрiне
қатысты қылмыс жасағандығы таңылатын адамдарға қатысты айыптау;
3) бiреуi бойынша қылмыстық iзге түсу жеке түрде, ал екiншiсi
бойынша - жария түрде жүзеге асырылатын iстер;
4) бiрiктiрiп қарау iстi объективтi қарауға бөгет жасайтын барлық басқа
да айыптаулар бiрiктiрiлмеуi тиiс. Iстердi бiрiктiру
қылмыстық процестi
жүргiзушi органның қаулысы негiзiнде жүзеге асырылады. Қылмыстық iзге
түсу органы шығарған қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде
прокурорға жолданады.
Бiрнеше iс бiрiктiрiлген iс бойынша iс жүргiзу мерзiмi уақыты
бойынша соңғы iс қозғалған күннен бастап есептеледi.
Егер бiрiктiрiлген
iстердiң бiреуi бойынша жолын кесу шарасы ретiнде қамауға алу не үйiнде
қамауда ұстау қолданылса, тергеу мерзiмi аталған жолын кесу шаралары
қолданылған iс қозғалған күннен бастап есептеледi.
Бiрнеше қылмыстық iс бiр iске бiрiктiрiлген жағдайда олар бойынша
алдын ала тыңдауды өткiзу мерзiмi сотқа соңғы iс түскен күннен
бастап
есептеледi.
Адамдарға
процеске
қатысушылар
құқығы
оларға
қатысты
бiрiктiрiлген iстер бойынша ғана тиесiлi болады.
Қылмыстық iстi бөлектеу
Сот, қылмыстық iзге түсу органы қылмыстық iстен:
1) қылмыстық iс ҚІЖКтiң 50-бабында көзделген негiздер бойынша
тоқтатылуға
тиiс
болғанда
жекелеген
айыпталушыларға;
2) мемлекеттiк құпияларды қорғауға байланысты жабық сот талқылауы үшiн
негiз оған қатысты болатын, бiрақ басқа айыпталушыларға қатысты
болмайтын жекелеген айыпталушыларға;
3) ересектермен бiрге қылмыстық жауаптылыққа тартылған кәмелетке
толмаған айыпталушыға;
4) қылмыстық жауаптылыққа тартуға жататын жекелеген анықталмаған
тұлғаларға қатысты басқа қылмыстық iстi жеке жүргiзуге бөлектеуге құқылы.
Тергеу немесе қамауға алу мерзiмдерi аяқталып
қалған көп эпизодты
қылмыстық iстердi тергеу жағдайында тергеушi айыптау бөлiгiнде тергеу
толық, жан-жақты жүргiзiлгендiгiн мойындап, егер ол iстiң қалған бөлiктерiн
тергеуге және қарауға кедергi жасамаса, iстiң бiр бөлiгiн оны сотқа жолдау
үшiн жеке iс жүргiзуге бөлектеуге құқылы.
Егер қылмыстық iс бойынша бұл iске
байланысты емес қылмыстың
белгiлерi бар iс-әрекеттер туралы мәлiмет алынса, ол туралы барлық
материалдар ҚІЖКте көзделген тәртiппен жаңа қылмыстық iс қозғау туралы
мәселенi шешу үшiн дереу бөлектенiлуi тиiс.
Егер ол iстi тергеу мен шешудiң жан-жақтылығына,
тұтастығына әсер
етпесе, қылмыстық iстердi бөлектеуге рұқсат етiлед.
Iстi бөлектеу қылмыстық процестi жүргiзушi органның қаулысы
негiзiнде жүзеге асырылады. Қылмыстық iзге түсу органы шығарған
қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жолданады.
Қаулыға түпнұсқада немесе көшiрмесiнде бөлектенетiн материалдардың
65
тiзбесi қоса берiлуi тиiс. Бөлектелген iс бойынша iс жүргiзудiң мерзiмi жаңа
қылмыс бойынша немесе жаңа адамға қатысты
iстi бөлектеу туралы қаулы
шығарылған күннен бастап есептеледi. Қалған жағдайларда мерзiм негiзгi
қылмыстық iс қозғалған кезден бастап есептеледi.
Достарыңызбен бөлісу: