3. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру
Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу:
1) айыпталушы ретiнде жауапқа тартуға жататын адамның
анықталмауы;
2) айыпталушы тергеуден немесе соттан жасырынып қалған не оның
тұратын жерi басқа себептермен анықталмаған;
3) айыпталушыны қылмыстық iзге түсу иммунитетiнен айыру не оны
шетелдiк мемлекеттердiң беруi туралы мәселелердiң шешiлуiне байланысты
айыпталушының iске қатысуының нақты мүмкiндiктерi болмаған;
4) айыпталушы жүйкесiнiң заңда көзделген тәртiпте куәландырылған
уақытша бұзылуы немесе өзге де ауыр науқастануы;
5) айыпталушының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде
болуы;
6) соттың аталған қылмыстық iсте қолданылуға тиiс заңның немесе
өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердiң Конституцияға сәйкес еместiгiн
тану не адамның және азаматтың Конституциямен бекiтiлген құқықтары мен
бостандығын шектейтiндiгi туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасының
Конституциялық Кеңесiне өтiнiш жасауы;
7) қылмыстық iс бойынша одан әрi iс жүргiзуге уақытша кедергi
келтiретiн тежеусiз күштiң iс-әрекетi;
8) тиiстi сараптама жүргiзiлген;
9) ҚІЖКтiң 55-тарауында көзделген тәртiппен құқықтық көмек алуға
байланысты iс жүргiзу әрекеттерi орындалған жағдайда анықтаушының,
тергеушiнiң немесе соттың қаулысымен толықтай немесе тиiстi бөлiгiнде
тоқтатыла тұруы мүмкiн.
Сотта қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу, егер жеке айыптау iсi
бойынша жеке айыптаушы оның ауыр науқас екендiгiне, Қазақстан
Республикасынан тысқары жерлерде iс-сапарларда болуына немесе
азаматтық борышын орындауына байланысты сотта қылмыстық iзге түсудi
жүзеге асыра алмаған жағдайда да соттың қаулысымен толық немесе тиiстi
бөлiгiнде тоқтатыла тұруы мүмкiн.
Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу оны тоқтатуға негiз болған
жағдайлар жойылғанға дейiн тоқтатыла тұрады. Әлгi жағдайлар жойылған
соң анықтаушының, тергеушiнiң немесе соттың қаулысымен ол
жаңартылады.
Iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру немесе жаңарту туралы процеске
қатысушыларға хабарланады. Қылмыстық iзге түсу органы шығарған
қылмыстық iстi тоқтата тұру туралы қаулының көшiрмесi жиырма төрт
сағаттың iшiнде прокурорға жолданады.
66
Тоқтатылып қойған iс, егер iс бойынша ескiру мерзiмiн үзу туралы
мәлiмет болмаса, қылмыстық заңмен белгiленген ескiру мерзiмiнiң аяқталуы
бойынша тоқтатылуға тиiс.