Кафедра: қаржы және құқық 5B030100 – «Құқықтану»



Pdf көрінісі
бет53/55
Дата16.10.2023
өлшемі1,2 Mb.
#116299
түріПрактикум
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
imashev kylmystyk


часть). – Алматы: Ун-т экономики и права, 2000. 
16.
 
Нургалиев Б.М. Арыстанбеков М.А. Наложение ареста на 
почтово-телеграфную 
корреспонденцию. 
Перехват 
сообщений. 
Прослушивание и запись телефонных переговоров. Караганда, 1999.
 
17.
Белкин А.Р. Теория доказывания. Научно-методическое пособие. 
– М.: Издательство НОРМА, 1999. – 429 с. 
18.
Сулейменова Г.Ж. Уголовный процесс РК. Схемы и определения. 
Общая часть. – Алматы: «Полиграфсервис», 1999. 
19.
Золотых В.В. Проверка допустимости доказательств в уголовном 
процессе. – М.: Ростов-на-Дону: АСТ Феникс, 1999. 
20.
Жалыбин С.М. Правовое положение адвоката в уголовном 
судопроизводстве. – Алматы: «Жеті Жарғы», 1998. 
21.
Громов Н.А., Полунин С.А. Санкции в уголовно-процес. праве 
России. – М., 1998. 
22.
Прокудина 
Л.А. 
Возмещение 
ущерба, 
причиненного 
незаконными действиями правоохранительных органов. – М.: Городец, 1998. 


78 
23.
Шейфер С.А. Доказательства и доказывание по уголовным делам: 
проблемы теории и правового регулирования. – Тольяти, 1998. 
24.
Колоколов Н. Меры пресечения имущественного характера.// 
Российская юстиция. – 1998. - №12. 
25.
Михайлов В.А. Меры пресечения в российском уголовном 
процессе. – М., 1998. 
26.
Строгович М.С. Избр. труды. Т.3. Теория судебных 
доказательств. – М.: Наука, 1991. 


79 
ГЛОССАРИЙ 
 
1) адамды ұстап беру (экстрадициялау) – қылмыстық жауаптылыққа 
тарту немесе үкімді орындау үшін іздестіріліп жатқан адамды мемлекетке 
ұстап беру; 
2) айыптаушы тарап – қылмыстық қудалау органдары, сондай-ақ 
жәбiрленушi (жекеше айыптаушы), азаматтық талапкер, олардың заңды 
өкiлдерi және өкiлдерi; 
3) алқаби – соттың қылмыстық iсті осы Кодексте белгіленген тәртiппен 
қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан 
Республикасының азаматы; 
4) апелляциялық саты – бiрiншi сатыдағы соттың заңды күшiне енбеген 
үкiмдерiне, қаулыларына апелляциялық шағымдар (наразылықтар) жөніндегі 
істі мәні бойынша қарайтын сот; 
5) арнаулы бiлiм – адам кәсiптік оқудың не практикалық қызметтің 
барысында алған, қылмыстық сот iсiн жүргiзу мiндеттерiн шешу үшiн 
пайдаланылатын, қылмыстық процесте жалпыға бірдей белгiлi емес бiлiм; 
6) арнаулы ғылыми білім – мазмұнын сот-сараптамалық зерттеулердің 
әдістемелерінде іске асырылған ғылыми білім құрайтын арнаулы білім 
саласы; 
7) арыз иесі – сотқа немесе қылмыстық қудалау органдарына 
қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарлаған не өзiнiң нақты немесе 
болжалды құқығын немесе өзі өкілдік ететін тұлғаның құқығын қылмыстық 
сот ісін жүргізу тәртібімен қорғау үшiн жүгінген тұлға;
8) басты сот талқылауы – бiрiншi сатыдағы соттың қылмыстық iстi 
мәнi бойынша қарауы; 
9) бiрiншi сатыдағы сот – сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан 
кейін не сот актісінің күшін жоғары тұрған сот жойғаннан кейін не оның 
күші жекеше айыптаушының шағымы бойынша жойылғаннан кейін келіп 
түскен қылмыстық істі соттылығына сәйкес қарайтын аудандық және оған 
теңестірілген соттар (қалалық, мамандандырылған ауданаралық соттар, 
гарнизондардың әскери соттары); 
10) ғылыми-техникалық құралдар – дәлелдемелердi табу, тіркеу, алып 
қою және зерттеу үшiн құқыққа сыйымды түрде қолданылатын аспаптар, 
арнаулы құрылғылар, материалдар; 
11) жақын туыстар – ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап 
алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-iнiлер мен
апалы-сiңлiлер, ата, әже, немерелер; 
12) жасырын тергеу әрекеті – осы Кодексте көзделген тәртіппен және 
жағдайларда сотқа дейінгі іс жүргізу барысында өздерінің мүдделеріне 
қатысы бар қылмыстық процеске тартылған тұлғаларға хабарламай 
жүргізілетін әрекет;
13) заңды өкiлдер – күдіктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң, 
азаматтық талапкердің ата-аналары (ата-анасы), асырап алушылары, 
қорғаншылары, қамқоршылары, сондай-ақ күдіктiнi, айыпталушыны немесе 


80 
жәбiрленушiнi қорғап немесе асырап отырған ұйымдар мен адамдардың 
өкiлдерi; 
14) кассациялық саты – аудандық және оларға теңестірілген соттардың 
(оның ішінде мамандандырылған, ауданаралық соттардың) үкімдеріне, 
қаулыларына, сондай-ақ апелляциялық сатының үкімдері мен қаулыларына 
кассациялық шағымдар, наразылықтар бойынша істі қарайтын сот; 
15) қадағалау сатысы – заңды күшiне енген сот актілерiне өтінішхат, 
наразылық, ұсыну бойынша iстi қадағалау тәртiбiмен қарайтын Қазақстан 
Республикасы Жоғарғы Сотының алқасы; 
16) қаулы – соттың үкiмнен басқа кез келген шешiмі, анықтаушының, 
анықтау органының, тергеушiнiң, прокурордың қылмыстық iс бойынша іс 
жүргізу барысында қабылдаған шешiмі; 
17) қорғау – қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік 
келтiрiлген, айыпталған адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз 
ету, күдікті, айыптауды теріске шығару немесе жұмсарту, сондай-ақ 
қылмыстық қудалауға құқыққа сыйымсыз түрде ұшыраған адамдарды ақтау 
мақсатында қорғаушы тарап жүзеге асыратын процестік қызмет; 
18) қорғаушы тарап – күдіктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, 
ақталған адам, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер және 
оның өкiлi; 
19) қорытынды шешiм – қылмыстық процесті жүргiзетін органның iс 
бойынша iс жүргiзудiң басталуын немесе жалғастырылуын болғызбайтын, 
сондай-ақ істі мәні бойынша түпкілікті түрде болмаса да шешетін кез келген 
шешiмі; 
20) құзыретті орган – осы Кодекстің 12-бөліміне сәйкес құқықтық 
көмек көрсету туралы сұрау салумен (тапсырмамен, өтінішхатпен) өтініш 
жасайтын немесе сұрау салудың (тапсырманың, өтінішхаттың) орындалуын 
қамтамасыз ететін, қылмыстық процесті жүргізетін орган; 
21) құқықтық көмек – бір мемлекеттің құзыретті органдарының екінші 
мемлекеттің құзыретті органдарының немесе халықаралық сот мекемелерінің 
сұрау салуы (тапсырмасы, өтінішхаты) бойынша істі сотқа дейінгі тергеп-
тексеру, сотта талқылау немесе сот актісін орындау үшін қажетті процестік 
әрекеттерді жүргізуі; 
22) қылмыстық қудалау (айыптау) – қылмыстық заңда тыйым салынған 
іс-әрекетті және оны жасаған адамды, соңғысының қылмыстық құқық 
бұзушылық жасаудағы кінәлілігін анықтау мақсатында, сондай-ақ осындай 
адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын 
қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптаушы тарап жүзеге асыратын 
процестік қызмет; 
23) қылмыстық қудалау органдары (лауазымды адамдары) – прокурор 
(мемлекеттiк айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы; 
24) қылмыстық процеске қатысатын өзге де адамдар – сот отырысының 
хатшысы, аудармашы, куә, қорғалуға құқығы бар куә, куәгер, сарапшы, 
маман, сот приставы, медиатор; 
25) қылмыстық процеске қатысушылар – қылмыстық қудалауды және 


81 
сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-
ақ қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өз құқықтары мен мүдделерін 
немесе өздері өкілдік ететін құқықтар мен мүдделердi қорғайтын тұлғалар: 
прокурор (мемлекеттiк айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы, 
күдіктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық 
жауапкер, жәбiрленушi, жекеше айыптаушы, азаматтық талапкер, олардың 
заңды өкiлдерi және өкiлдерi; 
26) қылмыстық процесті жүргiзетін орган – сот, сондай-ақ сотқа дейiнгі 
тергеп-тексеру кезiнде прокурор, тергеушi, анықтау органы, анықтаушы; 
27) қылмыстық iс – бiр немесе бiрнеше қылмыстық құқық бұзушылық 
бойынша қылмыстық қудалау органы және (немесе) сот жүргiзетiн 
оқшауландырылған iс жүргiзу; 
28) мемлекеттік айыптау – прокурордың бірінші және апелляциялық 
сатыдағы соттағы, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды 
қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында айыптауды дәлелдеуден 
тұратын процестік қызметі; 
29) нақты ұстап алу – жүріп-тұру бостандығын қоса алғанда, ұстап 
алынған адамның бостандығын шектеу, оны белгілі бір орында мәжбүрлеп 
ұстау, анықтау және тергеу органдарына мәжбүрлеп жеткізу (қолға түсіру, 
үй-жайға қамау, қандай да бір жерге баруға немесе орнында қалуға 
мәжбүрлеу және сол сияқтылар), сондай-ақ ұстап алынған адамға қандай да 
бір процестік мәртебе берілуіне немесе өзге де формальды рәсімдердің 
орындалуына қарамастан, көрсетілген шектеулер нақты болған кезден
бастап адамның бас бостандығын минутқа дейінгі дәлдікпен елеулі түрде 
шектейтін қандай да бір өзге де әрекеттер; 
30) наразылық – прокурордың қылмыстық іс бойынша сот шешіміне өз 
құзыретi шегiнде және осы Кодексте көзделген тәртiппен енгiзген ден қою 
актiсi; 
31) орталық орган – осы Кодексте көзделген тәртіппен мемлекет 
атынан шет мемлекеттің құзыретті органының немесе халықаралық сот 
мекемесінің сұрау салуын (тапсырмасын, өтінішхатын) қарауға және оның 
орындалуын ұйымдастыру мақсатында шаралар қолдануға немесе құзыретті 
органның құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуын (тапсырмасын, 
өтінішхаттын) шет мемлекетке жіберуге уәкілеттік берілген орган; 
32) өкiлдер – жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің, жекеше 
айыптаушының, азаматтық жауапкердiң заңды мүдделерiн заңның немесе 
келiсiмнiң күшiне орай бiлдiруге уәкілеттік берiлген адамдар; 
33) өтінішхат – тараптың немесе арыз иесінің қылмыстық процесті 
жүргізетін органға жолдаған, процестік әрекеттер жүргізу немесе процестік 
шешім қабылдау туралы өтінуі, ал қадағалау сатысында – қадағалау іс 
жүргізуін қозғау және заңды күшіне енген сот актісін қайта қарау туралы 
жолданым; 
34) прокуратура органының басшысы – өз құзыреті шегінде әрекет 
ететін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, облыстардың 
прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар және олардың 


82 
орынбасарлары, сондай-ақ аудандардың, қалалардың прокурорлары және 
оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары; 
35) процесс прокуроры – прокуратураның басшысы осы Кодекске 
сәйкес қылмыстық іс бойынша заңдардың қолданылуын қадағалауды 
жүктеген прокурор; 
36) процестік әрекеттер – осы Кодекске сәйкес қылмыстық сот iсiн 
жүргiзу барысында жүргiзiлетiн әрекеттер; 
37) процестік келісім – қылмыстық процестің кез келген сатысында 
прокурор мен күдікті, айыпталушы немесе сотталушы немесе сотталған адам 
арасында осы Кодексте көзделген тәртіппен және негіздер бойынша 
жасалатын келісім; 
38) процестік шешiмдер – қылмыстық процесті жүргiзетін органдардың 
қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға байланысты шығарылған 
актiлері;
39) санкция – соттың сотқа дейінгі іс жүргізу барысында қылмыстық 
қудалау органының процестік әрекетті жасауына берген рұқсаты не 
қылмыстық қудалау органы жасаған немесе қабылдаған процестік әрекетті 
немесе процестік шешімді прокурордың бекіту актісі; 
40) сот – сот билiгi органы, Қазақстан Республикасының сот жүйесiне 
кiретiн, iстi алқалы түрде немесе жеке-дара қарайтын, кез келген заңды түрде 
құрылған сот; 
41) сотқа дейінгі іс жүргізу – қылмыстық істі сотқа дейінгі
тергеп-тексеру басталғаннан бастап оны прокурор мәні бойынша қарау не іс 
бойынша іс жүргізуді тоқтату үшін сотқа жібергенге дейін іс бойынша іс 
жүргізу, сондай-ақ жекеше айыптаушының және қорғаушы тараптың 
қылмыстық іс бойынша материалдар дайындауы; 
42) судья – сот билiгiн жүргізуші; осы лауазымға заңда белгiленген 
тәртiппен тағайындалған немесе сайланған кәсiби судья (соттың төрағасы, 
сот алқасының төрағасы, тиiстi соттың судьясы); 
43) сұрау салушы тарап – құзыретті органы сұрау салумен 
(тапсырмамен, 
өтінішхатпен) 
өтініш 
жасайтын 
мемлекет 
немесе 
халықаралық сот мекемесі; 
44) сұрау салынатын тарап – құзыретті органына сұрау салу (тапсырма, 
өтінішхат) жолданатын мемлекет;
45) тараптар – сот талқылауында жарыспалылық және тең құқылық 
негiзiнде айыптауды (қылмыстық қудалауды) және айыптаудан қорғауды 
жүзеге асыратын органдар мен тұлғалар; 
46) 
тергеулік 
– 
осы 
қылмыстық 
құқық 
бұзушылықты
тергеп-тексеруді қандай да бір қылмыстық қудалау органының құзыретiне 
жатқызатын, осы Кодексте белгiленген белгілердің жиынтығы; 
47) тергеу судьясы – сотқа дейінгі іс жүргізу барысында осы Кодексте 
көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыратын бірінші сатыдағы сот судьясы; 
48) төрағалық етушi – қылмыстық iстi алқалы түрде қарау кезiнде 
төрағалық ететiн не істі жеке-дара қарайтын судья; 
49) тұрғынжай – бiр немесе бiрнеше адамның уақытша немесе тұрақты 


83 
тұруына арналған үй-жай немесе құрылыс, оның iшiнде: меншiктi немесе 
жалға алынған пәтер, үй, саяжай үйi, мейманхана нөмiрi, каюта, купе; 
көппәтерлi тұрғын үйдi қоспағанда, оларға тiкелей жалғасатын верандалар, 
террасалар, галереялар, балкондар, мансардалық құрылыстар, тұрғын 
құрылысының жертөлесi және шатыры, сондай-ақ өзен немесе теңiз кемесi 
және басқалар; 
50) туыстар – арғы атасы бір, үлкен атасы мен үлкен әжесiне дейiн 
туыстық байланыстағы адамдар; 
51) түнгi уақыт – жергiлiктi уақыт бойынша сағат жиырма екiден 
алтыға дейiнгi уақыт аралығы; 
52) үкiм – айыпталушының кiнәлiлiгi немесе кiнәсiздiгi және оған жаза 
қолдану немесе қолданбау туралы мәселе бойынша бiрiншi, апелляциялық 
сатыдағы сот шығарған сот шешiмi; 
53) 
хабарсыз 
кеткен 
адам 
– 
екі 
ай 
бойы 
жүргізілген
жедел-іздестіру іс-шаралары оның тұрған жерін анықтай алмаған адам; 
54) хаттама – қылмыстық процесті жүргiзетін орган жасайтын 
процестік әрекет тіркелетiн процестік құжат; 
55) шағым – процеске қатысушылардың анықтау, алдын ала тергеу 
органдарының, прокурордың немесе соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) 
және шешімдеріне ден қою актiсi, сондай-ақ тұлғаның қылмыстық қудалауды 
жекеше немесе жекеше-жариялы тәртіппен жүзеге асыру туралы талабы; 
56) іздестіру шаралары (іс-шаралары) – анықтау органының 
қылмыстық процесті жүргізетін органнан жасырынып жүрген және (немесе) 
қылмыстық жауаптылықтан жалтарып жүрген адамдардың, хабарсыз кеткен 
адамдардың, іс үшін маңызы бар нәрселер мен құжаттардың тұрған жерін 
анықтауға, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды 
анықтауға бағытталған, қылмыстық процесті жүргізетін органның 
тапсырмасы бойынша орындалатын әрекеттері;
57) iс бойынша iс жүргiзу – нақты қылмыстық iс бойынша оның сотқа 
дейінгі және соттағы іс жүргізуі барысында жүзеге асырылатын процестік 
әрекеттер мен шешiмдердiң жиынтығы; 
58) экстрадициялық қамақ – шет мемлекеттің құзыретті органының 
адамды күзетпен қамау туралы шешімін орындау бойынша соттың 
іздестірілудегі адамға қатысты оны шет мемлекетке ұстап беру 
(экстрадициялау) мақсатында қолданатын қамтамасыз ету шарасы. 


84 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет