– білім беру
саласындағы уәкілетті орган беретiн ғылыми атақтар.
Қашықтықтан білім беру технологиясы
– білім алушы мен
педагог қызметкердің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама
өзара
іс-қимылы
кезінде
ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана
отырып жүзеге асырылатын оқыту.
Қолданбалы бакалавриат
– білім беру бағдарламалары
"қолданбалы бакалавр" біліктілігін бере отырып, кадрлар даярлауға
бағытталған орта білімнен кейінгі білім.
Қолданбалы бакалавр
– орта білімнен кейінгі білімнің білім беру
бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін біліктілік.
Қосымша бiлiм беретiн мектептен тыс ұйым
– бiлiм алушылар
мен тәрбиеленушiлерге қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын
iске асыратын оқу-тәрбие ұйымы.
Қосымша білім беру
– білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен
мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында
жүзеге асырылатын тәрбиелеу, оқыту процесі.
Лицей
– білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес
оларға кең ауқымда және тереңдете жаратылыстанушылы-
математикалық білім беруді қамтамасыз ететін негізгі орта және
жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және
қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу
орны.
Магистр
– магистратураның білім беру бағдарламаларын
меңгерген адамдарға берілетін дәреже.
Магистрант
– магистратурада білім алатын адам.
Магистратура
– білім беру бағдарламалары "магистр" дәрежесін
бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан
кейінгі білім беру.
Маман
– адамдарға жоғары білімнің білім беру бағдарламасын
меңгергеннен кейін берілетін біліктілі.
Мамандандырылған аккредиттеу