92
жалпы білім беретін, арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымы.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы
–
мектепке дейінгі тәрбие мен
оқыту, орта білім беру жөнінде, экономиканың қажеттілігін
қамтамасыз ету, білікті жұмыс күші мен қоғамның зияткерлік әлеуетін
молықтыру үшін кадрларды даярлау, білікті жұмыскерлер мен
мамандардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау
жөнінде, сондай-ақ білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету
жөнінде мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсетулер көлемі.
Мемлекеттік оқу бітіру емтиханы
–
білім алушылардың орта
білім беру курсын аяқтағаны туралы куәландыратын, мемлекеттік
үлгідегі құжатты алуы үшін қажетті шарт болып табылатын, орта білім
беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау
нысаны.
Оқу бағдарламасы
–
әрбір оқу сабағы, әрбір оқу пәні және
(немесе) модуль бойынша меңгерілуге тиіс білімнің, машықтың, дағды
мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама.
Оқу жоспары
–
тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың
оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің,
кәсіптік практиканың, өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін,
реттілігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын
регламенттейтін құжат.
Оқу-клиникалық орталығы
–
медициналық жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының қазіргі заманғы
аппаратурамен, фантомдармен және муляждармен жабдықталған және
білім алушылардың және (немесе) медицина қызметкерлерінің
практикалық (клиникалық) машықтарды меңгеруіне және оларды
бақылауға арналған құрылымдық бөлімшесі.
Оқыту
–
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білімдерді,
машықтарды, дағдыларды және құзыреттерді иелену, қабілеттерді
дамыту, білімдерін күнделікті өмірде қолдану тәжірибесін иелену
және бүкіл өмір бойы білім алуға ынталануын қалыптастыру жөніндегі
қызметін ұйымдастырудың мақсатты бағытталған процесі.
Оқыту нәтижелері
Достарыңызбен бөлісу: