Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі КӘсіби педагогика



Pdf көрінісі
бет41/50
Дата17.10.2023
өлшемі1 Mb.
#116807
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50
Байланысты:
Кәсіби педагогика

ГЛОССАРИЙ 
Адъюнкт
– 
жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру 
бағдарламаларын іске асыратын шетелдік әскери оқу орындарында 
білім алып жатқан адам. 
Академия
– 
белгілі бір салада Ғылыми-педагогикалық қызметті 
жүзеге асыратын және ғылыми-әдістемелік орталық болып табылатын 
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы. 
Академиялық кредит
– 
білім алушының және (немесе) 
оқытушының ғылыми және (немесе) оқу жұмысы (жүктемесі) 
көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі. 
Академиялық ұтқырлық
– 
білім алушыларды немесе оқытушы-
зерттеушілерді оқыту немесе зерттеулер жүргізу үшін белгілі бір 
академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) өзінің жоғары 
және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында 
немесе оқуды жалғастыру үшін басқа жоғары және (немесе) жоғары 
оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында академиялық кредиттер 
түрінде меңгерген оқу бағдарламаларынан, пәндерден міндетті түрде 
қайта сынақ тапсыра отырып, басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу 
орнынан кейінгі білім беру ұйымына (ел ішінде немесе шетелге) 
ауыстыру. 
Аккредиттеу органы
– 
өзі әзірлеген стандарттар (регламенттер) 
негізінде білім беру ұйымдарын институционалдық және (немесе) 
мамандандырылған аккредиттеуден өткізетін заңды тұлға. 
Аккредиттеу стандарттары (регламенттері)
 
– 
аккредиттеу 
органының аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін 
құжаттары. 
Атаулы стипендия
– 
тиісті білім беру бағдарламаларын 
ойдағыдай меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, 
оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене 
қатысатын неғұрлым қабілетті білім алушыларды көтермелеу үшін 
жеке немесе заңды тұлғалар тағайындайтын стипендия. 
Әдістемелік кабинет
– 
білім беруді басқару органдарының білім 
беру процесінің ұйымдастырушылық-әдістемелік қамсыздандыры-
луын, нәтижелілігін талдау мен бағалауды, педагог кадрлардың 
шығармашылық өсуіне және олардың кәсіптік тұрғыдан өзін-өзі 
жетілдіруіне жәрдемдесетін инновациялық педагогикалық тәжірибені 
жинақтау мен таратуды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі. 


85 
Әскери, арнаулы оқу орындары
– 
Қазақстан Республикасының 
ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі 
істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура 
органдарына 
және 
Қазақстан 
Республикасының 
Қорғаныс 
министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары. 
Бакалавр


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет