Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі КӘсіби педагогика


–  білікті жұмысшы кадрлар  мен орта буын мамандарын даярлауға бағытталған білім беру.  Тыңдаушы –



Pdf көрінісі
бет48/50
Дата17.10.2023
өлшемі1 Mb.
#116807
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
Кәсіби педагогика

 – 
білікті жұмысшы кадрлар 
мен орта буын мамандарын даярлауға бағытталған білім беру. 
Тыңдаушы
– 
білім беру ұйымында қосымша білімнің және 
дайындық бөлімінің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып 
жатқан адам. 
Тiрек мектеп (ресурс орталығы)
– 
шағын жинақталған мектеп 
оқушыларының сапалы бiлiм алуға қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету 
мақсатында білім алушылардың қысқа мерзiмдi сессиялық 
сабақтарын, аралық және қорытынды аттестатталуын өткiзу үшiн таяу 
маңдағы шағын жинақталған мектептердiң бiлiм беру ресурстары 
оның базасында шоғырланатын орта бiлiм беру ұйымы. 
Университет
– 
әртүрлі салалар бойынша Ғылыми-педагогикалық 
қызметті, кадрлар даярлауды, іргелі және (немесе) қолданбалы 


95 
ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын және жетекші ғылыми-
әдістемелік орталық болып табылатын жоғары және (немесе) жоғары 
оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы. 
Училище
– 
мәдениет саласында негізгі орта, жалпы орта, 
техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім 
беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны. 
Ұлттық бірыңғай тестілеу
– 
жоғары және (немесе) жоғары оқу 
орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу 
емтихандарының бір нысаны. 
Ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім 
беру ұйымы
 – 
ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу 
орнынан кейінгі білім беру ұйымы. 
Ұлттық зерттеу университеті
 – 
ерекше мәртебесі бар зерттеу уни-
верситеті. 
Философия докторы (РhD)
– 
Қазақстан Республикасында немесе 
одан тысқары жерлерде Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 
докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация 
қорғаған 
адамдарға 
берілетін, 
Қазақстан 
Республикасының 
заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже. 
Халықаралық мектеп
 – 
дербес әзірленген интеграцияланған білім 
беру бағдарламаларын іске асыратын, Халықаралық Бакалавриат 
Ұйымында авторизациялаудан немесе халықаралық институ-
ционалдық аккредиттеуден өткен оқу орны. 
Шағын жинақты мектеп
– 
білім алушылар контингенті шағын, 
сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдас-
тырудың өзіндік нысаны бар жалпы білім беретін мектеп. 
Эксперименттік алаң
– 
жаңа педагогикалық технологиялар мен 
білім берудің жаңа мазмұнын сынақтан өткізуге арналған эксперимент 
режимінде білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру 
ұйымы. 
Экстернат
– 
білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім 
беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысан-
дарының бірі. 
Элиталық білім – дарынды адамдарға арналған маманданды-
рылған білім беру ұйымдарында іске асырылатын мамандандырылған 
жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламалары бойынша 
алынатын білім. 


96 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет