әмір ете ме?» – деді» 1 .
Яғни сауда мәселесіне араласпа, мұнда сенің шаруаң
болмасын, аулақ жүр деген-ді. Сондай-ақ елі оған:
«Тіпті сен өте жұмсақ, аса көреген көрінесің», – деді» 2 .
Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын):
«Олар мұны мысқылдап айтты» , – деген. Яғни бұл мақтау емес, керісінше,
мазақтау болатын. Сонда Шуғайб оларға:
«Ей, халқым! Маған қарсы келулерің өздеріңе Нұх қауымы не Һуд қауымы немесе Салих қауымына келген тәрізді ауыртпалық келтірмесін! Сондай-ақ Лут елі сендерден ұзақта емес. Раббыларыңнан кешірім тілеңдер. Сосын Оған тәубе қылыңдар. Шынында, Раббым аса Мейірімді, өте Сүйгіш» 3 , – деп ескертті.
Бірақ олар қасарысып тұрып алды. Сонда Шуғайб:
«Арамызға Аллаһ үкім бергенге дейін шыдаңдар. Ол – үкім берушілердің Жақсысы» 4 , – деп айтты.
Ал
«олар: «Сен анық жадыланғансың. Өзің біз секілді адамсың әрі сені өтірікшілерден деп ойлаймыз. Егер рас айтушылардан болсаң, онда үстімізге аспанның бір кесегін түсір», – деді» 5 .
Яғни егер айтқан сөзің рас болса, бізге аспаннан бір азап әкел.
Бұған қоса
«қауымының дандайсыған көсемдері: «Ей, Шуғайб! Әрине, сені де, сенімен бірге иман келтіргендерді де елімізден шығарамыз яки дінімізге қайтасыңдар», – деді» 6 .
1
«Һуд» сүресі, 87-аят.
2
«Һуд» сүресі, 87-аят.
3
«Һуд» сүресі, 89-90 аяттар.
4
«Ағраф» сүресі, 87-аят.
5
«Шұғара» сүресі, 185-187 аяттар.
6
«Ағраф» сүресі, 88-аят.
132
Бірақ Шуғайб азаптан құтылуларынан үміттеніп, оларды
Аллаһ жолына шақыруды жалғастыра берді. Қауымы оны
тыңдаудан бас тартты. Оны тыңдағандар еш нәрсе ұқпадым
дейтін, қайталаса, тағы түсінбедік деп әжуалайтын.