Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет114/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

 
 
Бұл жазаға ұшыраған елдің белгілері кейінгі ұрпақтарға сабақ 
болу үшін олардың үстінде өздері азабын татып жататын ащы өлі 
теңіз пайда болды. Қазіргі кезде ол «Лут теңізі» деп аталады. 
Луттың қиссасынан алынар өнеге 
Еркекаралық жыныстық қатынасты (гомосексуализмді) садум 
елі ең бірінші болып бастаған. Мұны қазіргі таңда сирек 
кездесетін табиғи жағдай немесе адамның қанында (генінде) бар 
деген қисынсыз, әрі нәпсінің ыңғайына жығылудан туған 
пікірлер бар. Бұл не деген сөз?! Ол ешқандай қалыпты табиғи 
жағдайға жатпайды және адам қанында да кездеспейді. 
Керісінше, бұл дегеніміз бұзылу, шектен шығу, пасықтық және 
жиіркенішті азғындық болып саналады. 
Ибн 
Аббас 
(Аллаһ 
әкесі 
екеуіне 
разы 
болсын) 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.): 
«Лут қауымының қылығын істеп 
жатқандарды өлтіріңдер»
, – дегенін жеткізген
1

1
Мұны Әбу Дауд жеткізген, бірақ хадис әлсіз хадистер тобына жатады. 


129
 
 
ШУҒАЙБ (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ) 
Сондай-ақ Аллаһ тағала тарабынан тағы бір ұлы пайғамбар 
келді. Ол – Шуғайб, тегі Мәдиян ибн Мәдиян ибн Ибраһимге 
барып тірелетін арабтан шыққан пайғамбар. Аллаһ елшісі (с.а.с.) 
Әбу Заррға (Аллаһ оған разы болсын) пайғамбарлар мен елшілер 
туралы әңгімелей отырып: 
«Олардың төртеуі араб: Һуд, Салих, 
Шуғайб және өзіңнің Пайғамбарың, ей, Әбу Зарр!»
– деген
1

Сондай-ақ 
Аллаһ 
елшісі 
(с.а.с.) 
Шуғайбты: 
«Ол 
– 
пайғамбарлардың шешені»
, – деп сипаттаған
2

Мәдиян елі 
Шуғайб Маған деген қалаға жақын орналасқан Лут көлінің 
маңындағы Мәдиян деп аталатын елді мекенде тұратын мәдиян 
тайпасынан шыққан. Маған – қазіргі таңда Йордания мемлекетіне 
қарайтын танымал қала. Ал Лут теңізі – Жәбірейіл оның 
қауымын асты-үстін келтіріп жойғаннан кейін, Аллаһ тағала 
олардың жұрттарының орнында жаратқан Өлі теңіз, бұл теңіз әлі 
күнге дейін бар. 
Шуғайбтың елі Аллаһқа күпірлік қылып, қылмыс жасайтын 
және пұтқа табынатын еді. Олар жол торып, өткен-кеткеннің мал-
мүлкін күштеп тартып алатын. Сондай-ақ саудамен айналысып, 
көп қиянат тірліктерге баратын. 
Кіріспеде айтқанымыздай, пайғамбарлардың міндеттерінің 
бірі: қоғамдағы қарым-қатынас кереғарлығымен күресу. 
Шуғайбтың кезеңі экономикалық мәселеге дөп келді. Мәдиян 
қоғамындағы негізгі дерт сауда саласындағы бұзықтық пен 
алаяқтық еді. Наным мәселесінде олар «әл-әйкә» деп аталатын бір 
1
Хадисті Ибн Хиббан жеткізген. 
2
Мұны Ибн Исхақ риуаят еткен. 


130


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет