адамдардың көбі білмейді» , – деді.
Сосын ол олардың түстерін жорыды:
«Ей, абақты жолдастарым! Біреуің қожайынына шарап құяды. Ал басқа біреуің дар ағашқа керіліп, басын құс шоқиды. Міне, екеуің жоруын сұраған іс бітті. Ол құтылады деп ойлаған екеуінің біріне: «Қожайыныңның жанында мені ескер!» – деді» .
Яғни қожайыныңның алдында шарап құюшы болып жүрген
кезіңде мені оған айт деді.
Расында да, олардың бірі дар ағашқа керіліп өлтірілді. Ал
екіншісі абақтыдан шығып, патшаның шарап құюшысы болды.
Бірақ ол Юсуфтың тапсырмасын ұмытып кетеді. Аллаһ тағала:
«Сонда шайтан қожайынының алдында еске алуды ұмыттырды да, сондықтан (Юсуф)
бірнеше жыл абақтыда жатып қалды» , – деген.
Сонымен, Юсуф жеті жыл абақтыда жатты делінген. Бұл оның
өмір жолындағы тағы бір сынақ еді.
Патшаның түсі Күндер өтті. Бір күні патша түс көрді.
«Патша: «Түсімде жеті семіз сиырды жеті арық сиыр жеп жатқанын және жеті жасыл сабақтар мен тағы сондай қурағандарын көрдім. Ей, ел ағалары! Егер түс жоритын болсаңдар, менің түсімді жорыңдар, – деді. Олар: «Бұл шым-шытырық бір түс екен. Біз мұндай түстердің жоруын білмейміз», – деді» . Сонда
«ол екеуінің құтылғаны 1 (Юсуфты)
бірталайдан кейін есіне алды 1
Яғни шарап құюшы.
147
да: «Мен сендерге оның жоруының хабарын беремін. Дереу мені (абақтыға)
жіберіңдер», – деді» .
Ол Юсуфқа барып:
«Ей, шыншыл Юсуф! Бізге жеті семіз сиырды жеті арық сиырдың жеуін және жеті жасыл сабақ пен