«Юсуфтың да туыстары келіп, алдына кірді. Сонда (Юсуф)
оларды таныды да, олар оны танымады» .
Туыстарына азық-түлік бермей тұрып Юсуф: «Сендер
кімсіңдер? Қайдан келдіңдер?» – деп сұрастырды. Олар: «Біз жат
жерлікпіз», – деп жауап берді. Сосын: «Әке-шешелерің кім?
Сендердің басқа бауырларың бар ма?» – деп сұрады. Сонан соң
оларды құрметтеп,
«Юсуф олардың жүктерін әзірлеткен сәтте: «Маған (бір)
әкеден (туған)
бауырларыңды (Биняминді)
ала келіңдер. Шын мәнінде, (астық)
өлшеміне беріктігім мен меймандостардың жақсысы екенімді көрмейсіңдер ме? Егер оны маған әкелмесеңдер, менде сендерге өлшеп берер (астық)
жоқ және маған жақындамаңдар», – деді. (Юсуфтың
туыстары)
: «Біз оны әкесінен алуға тырысамыз. Сөзсіз, мұны орындаймыз», – деді» . Сосын
«Юсуф жігіттеріне: «Олардың (астық сатып алу үшін әкелген)
нәрселерін жүктерінің ішіне салыңдар. Үйлеріне қайтып барған кезде оны біліп, мүмкін қайтып келер», – деді» .
Юсуф олардың қайта оралуын қалайтын. Сондықтан да
туыстары қайтып келуге мүмкіндік таппай қалмас үшін астыққа
төлем ретінде әкелген бұйымдарын өздеріне қайтарып берді.
«Сонда олар әкелеріне қайтып барғанда: «Уа, әкеміз! Бізге (астық)
өлшемі тоқтатылды. Сондықтан бауырымыз
150
(Биняминді)
бізбен жібер, (азық)
өлшеп алайық. Біз, әлбетте, оны қорғаймыз», – деді. (Яғқуб)
: «Бұдан бұрын бауырына байланысты сендерге сенгенім сияқты бұған да сендерге