Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


қурағандары жайын жорып бер. Олардың да оны білулері



Pdf көрінісі
бет131/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

қурағандары жайын жорып бер. Олардың да оны білулері 
үшін адамдарға қайтып барайын»
, – дейді. Юсуф: 
«Жеті жыл 
әдеттегіше егін егесіңдер де, сонда орғандарыңды бастырмай 
сабақтарында қойып, тек аздап жейтіндеріңді ғана 
аласыңдар. Тағы бұдан кейін жеті қатты 
(ашаршылық жыл)
 
келеді. Сонда сақтағандарыңнан азырақ
(алып қалып)

бұрыннан сол үшін жинағандарыңды жейсіңдер. Ал бұдан 
кейін адамдар жаңбырға кенеліп, онда жемістердің суын 
сығатын жыл келеді», – деді»
.
Юсуф түсті жорып қана қоймай, онда аян етілген аштықтан 
қалай құтылу жолын да үйретті. 
Сөйтіп, шарап құюшы бұл хабарды патшаға жеткізді. Мұндай 
жоруға дән риза болған патша: 
«Оны маған алып келіңдер»
, – 
деді. 
Юсуфтың абақтыдан шығуы 
Патшаның елшісі Юсуфқа келіп, өзімен бірге қожайынының 
алдына баратынын айтты. Бірақ Юсуф абақтыдан шығудан бас 
тартты. Ол абақтыдан толықтай ақталып қана шыққысы келген-
ді.
«Шабарман келген кезде 
(Юсуф)
: «Қожайыныңа қайтып 
бар. Қолдарын тураған әйелдердің мақсаттары не екен? 
(Соны)
сұра! Күдіксіз Раббым олардың қулықтарын толық 
біледі», – деді»
. Елші қайтып патшаға келіп, арада болған 
әңгімені айтып берді. Сонда патша уәзірдің үйінде Юсуфты 
көрген әйелдерді жинап: 
«Юсуфтың көңілін ауламақшы 
болғандарыңда жағдай не еді?» – деп 
(сұрайды.
 
Әйелдер)
:


148
 
 
«Аллаһ сақтасын! Оған байланысты ешқандай жамандық 
білмедік», – деді. Уәзірдің әйелі де: «Міне, шындық ортаға 
шықты. Оның көңілін аулауды қалаған мен едім. Расында, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет