154
алжыды демесеңдер, шын мәнінде, мен Юсуфтың иісін сезіп
отырмын», – деді.
(Адамдар)
: «Аллаһпен ант етеміз! Әрине,
сен бұрынғыдай жаңылысып отырсың», – деді. Сүйінші
келген сәтте-ақ жейдені Яғқубтың бетіне жаба сала оның көзі
көруге айналды да, ол: «Аллаһ тарабынан сендер білмейтін
нәрсені білемін демеп пе едім?» – деді.
(Ұлдары)
: «Уа, әкеміз!
Күнәларымыздың кешірілуін тіле! Расында, біз қателескен
едік», – деді.
(Яғқуб)
: «Сендер үшін Раббымнан кейінірек
кешірім тілеймін. Өйткені Ол өте Кешірімшіл, ерекше
Рақымды», – деді»
.
Яғқубтың ұлдарына:
«Сендер үшін Раббымнан кейінірек кешірім тілеймін»
дегендегі мақсаты, ғұламалардың айтуынша, дұғасын таң
алдындағы уақытқа қалдыру еді. Бірде Омар (Аллаһ оған разы
болсын) мешітке келіп, бір кісінің:
«Аллаһым! Мені шақырдың,
жауап бердім. Маған бұйырдың, бойсұндым. Міне, сахар
1
, мені
кешір»
, – деп дұға қылып жатқанын естиді. Құлақ салып қараса,
дауыс Абдуллаһ ибн Масғудтың (Аллаһ оған разы болсын)
үйінен шығып жатыр екен. Омар бұл жайында сұрағанда, ол:
«Өйткені Яғқуб ұлдарына деген дұғасын таң алдындағы
уақытқа қалдырған»
, – деп жауап берген.
Юсуфтың ата-анасымен кездесуі
Яғқубтың отбасы Мысырға барды.
«Олар Юсуфтың қасына барғанда, ол әке-шешесін өз
Достарыңызбен бөлісу: